Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Сынып аламандары
[ Скачать с сервера (16.7 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
15.11.2015, 00:59

Тақырыбы:  «Сынып аламандары»

Сыныбы:8 б

Мақсаты:

a) Оқушылардың өмір танымын кеңейтіп, имандылық , ізгілік туралы түсінік беру;

ә)  Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу;

b) Халық алдында өзін – өзі ұстай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Міндеті:

  • Жалынды жастырымызды болашаққа дайындау;
  • Еліміздің ертеңін ойлайтын намысты тұлға қалыптастыру;
  • Жеңімпаз болуға деген құлшыныстарын арттыру;
  • Өз өнерлерін өзгелерге насихаттау;

Күтілетін нәтижесі: Белгіленген мақсат – міндеттерге сай оқушыларымыздың бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

- Танымы мол, иманды тұлға;

- Өнерін шыңдай білетін жалынды жастар;

- Сауатты, иманды, адамгершілігі мол тұлға;

  Өзін – өзі ұстай білетін, көпшілік ортада өзін көрсете білетін жігерлі тұлға;

Формасы:  сұлтандар сайысы

Көрнекіліктері: қабырға газеттері, шарлар, нақыл сөздер және интерактивті тақта

 

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сынып сұлтандарынан құрылған 3 топ өз орындарына отырады.

 

ІІ. Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті оқушылар, арулар және сайысқа қатысушы сұлтандар! Бүгін 8  б сынып ұлдары арасында өткелі отырған «Сынып аламаны» атты сұлтандар сайысына қош келдіңіздер. Сіздерді алда келе жатқан 7  мамыр – Отан қорғаушылар күні мен  9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сайысымызды ашық деп жариялай келе, сайысымызды жүргізу үшін сөз кезегін жүргізушілерімізге беремін.

 

ІІІ. Негізгі бөлім

1-жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы сұлтандар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Сынып аламандары» атты сұлтандар сайысын бастаймыз.

Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайыс шарттарымен таныстырып өтейін:

  1. Таныстыру;
  2. Өнер сайысы
  3. Қолөнер бұйымдарын жасау
  4. Таң қалдыру
  5. Күш сынасу
  6. Салат әзірлеу
  7. Қорытындылау

Ескерту:  Сайыс шарттары бойынша ұпай сандары топқа қосылып отырады. Ең жоғарғы ұпай 3 санымен бағаланады. Жеңімпаз топ «Сынып аламандары» аталып, әр тур бойынша сұлтандарымыздың ерекше қабілетін анықтай отырып, топ мүшелері жеке номинацилармен марапатталады.

2-жүргізуші: Сіздерге әділ бағасын берер әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Әділбайқызы Г
  2. Қуатбаева М
  3. Өтеубаева Г

Әр топтың жақтаушыларымен таныс болыңыздар:

  1. Қуатбай Ж – «Super жігіттер» тобының жақтаушысы

Топ мүшелері: Әділбек Д, Оразымбет А, Шектібай Б, Дауылбаев Б

  1. Шынтаева П – «Жігіттер – 1» тобының жақтаушысы

Топ мүшелері: Аманкелді Д, Алданыш Қ, Нағашыбаев М, Қаппаров С

  1. Әли А – «Жігіттер – 2» тобының жақтаушысы

Топ мүшелері: Орынбаев Д, Дүйсенғали Б, Есетов А, Мүсер Н

 

1-жүргізуші:  Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі ұлдардың,

Мамыр тойға арналған,

Сайысты біз бастайық.

2-жүргізуші:  Ұлы халқым есептескен текпенен,

Ата-салтын ешкім аттап кетпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген.

Өнер қуып серілер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен 12 жігіт кездесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, - дей келе, сайысымыздың алғашқы белесі бойынша әр топтың таныстыруына кезек берелік.

 

1-жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі аламандар сайысында,

Сұлтандар аянбай-ақ жан салыпты, - дей келе сұлтандарымыздың өнерін тамашалайық.

 

2-жүргізуші: Сегіз қырлы  бір сырлы,

Біздің сұлтандар өнерлі.

«Әке көрген – оқ жонар,

Ана көрген тон пішер»

Ешқайсысы жоқ сияқты,

Бір – бірінен кем түсер.

Сайысқа қатысушылар 5 минут ішінде өздері қолдан бұйымдар жасап таныстырады. Жасалған бұйымның ұқыптылығына, уақытына, таныстыру шеберлігіне баса назар аударылады.

 

1- жүргізуші: Сайыскер сұлтандар өз өнерлерімен көрермендерді таң қалдырады.

 

2-жүргізуші: «Шынықсаң, шымыр боласың» - дегендей сұлтандар білек күшін сынап сайсады.

 

1-жүргізуші: «Ас – адамның арқауы» - дегендей, біздің сұлтандар үй шаруашылығына қандай екен? Сынап көрелік. Салат әзірлеп, құрамымен, жасалу жолдарымен таныстырады. Және сол салатты жаңаша атаумен атап, себебін түсіндіреді.

 

2-жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білеййікші,

Аламаны сыныптың деп жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал сұлтандарға сәттілік тілейікші.

Жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

Ән: «Сарбаздар»

 

ІV. Қорытындылау.

Жеңімпаз топ анықталып, «Сынып аламандары» атағына ие болады, сонымен қатар, топ мүшелері өз қабілеттеріне орай «Өнерлі жігіт», «Шебер жігіт», « Қайсар жігіт», « Талантты жігіт» бағамдарымен марапатталады.

          Міне, бүгінгі «Сынып аламандары» атты сұлтандар сайысы да өз мәресіне жетті. Сұлтандарымыздың өнерлерін тамашалап, үш топтың мүшелерінің де жан – жақты өнерлі екендігін көрдік.  Сіздерге іске сәт. Әрқашан да жеңіс туынан көріне беріңіздер.

Категория: Мерекелік іс шаралар
Просмотров: 1522 | Загрузок: 36 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]