Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Алтын күз 2015
[ Скачать с сервера (61.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
19.11.2015, 16:44

Өлеңті жалпы орта білім беретін мектебі  жанындағы

 «Бөбектер» шағын орталығы, тәрбиеші А.Т.Кажикова.

          

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: күз мезгілі туралы және оның құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Білімділік:  табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: күздің белгілерін қоршаған ортада болып жатқан өзгерістері туралы түсінігін дамыту. Айналадағы табиғат  құбылыстарын бақылау арқылы байқау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: балаларды  табиғатқа қамқорлықпен қарауға, аялауға, өз туған өлкесін сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: күз мезгіліндегі құбылыстарға арналған суреттер слайды.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, мақтау.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері.

Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса Алтын күн!

Жаса, жаса Жарқын күн!

- Жарайсыңдар, балалар  енді орындарымызға отырайық.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай

-Қандай айлар?

-Қыркүйек, Қазан, Қараша.

-Қазір қандай айы?

-Қазан айы.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, өте жақсы.

 Жаңа сабақ.  «Алтын күз» 

 -Күздің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде?

Балалардың жауабы:

- Күзде суық  жел соғады, жаңбыр жауады. Күзде диқандар астық  жинайды.Жеміс – жидектер піседі. Ағаштардың  жапырақтары сарғайып түседі. Жыл құстары қайтып кетеді.

-Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Күн суытады. Егін  жиналып, бау - бақша жұмыстары  аяқталады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі. Күзде күн қысқа, түн ұзақ болады.

 Табиғатты аялап, қамқорлық білдіріп отырсақ, оның бізге берері мол. Айналаға көз жіберіңдерші, күзде де табиғат өте тамаша, көрікті күйде емес пе? Күз мезгілі үш кезеңге бөлінеді.

1 - кезең. «Ерте күз» -  бұл күздің басталуы.

2 - кезең. Жапырақтардың бәрі сарғайып, алтындай сары түске енеді. Сондықтан күздің осы мезгілін «Алтын күз» деп атаймыз.

3 - кезең. «Қара күз» деп атайтын себебіміз ағаштардағы жапырақтардың барлығы түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды.

Міне, балалар, күз айларының басқа айлардан ерекшелігі де осында.

-Балалар, күз туралы тақпақ білесіңдер ме?

Ілияс: Берекесін сыйлауға,

             Өлкемізге күз келді.

             Жемістерін жинауға,

             Шақырады біздерді.

Дәуіт: Күзде жаңбыр жауады,

            Күзде жел де тұрады.

            Жапырақтар күзге қарай,

            Желмен бірге ұшады.

Азиза: Дала сары секілді,

             Самал соқты салқындау.

             Астық, жеміс жиналды,

             Қамбаларға құйылды.

М.Әлімбаевтың «Күз» тақпағын жаттату:

Сарғайды тоғай,

Сап – сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Енді осы күзгі табиғат бейнесін теледидардан тамашалайық.

Слайдпен жұмыс : «Сурет бойынша әңгіме»

Сергіту сәті: Бәрін көзбен көрейік

                        Сары жапырақ терейік.

                        Жайнасын деп айнала,

                        Алтын маржан себейік.

Ойын: «Артық суретті тап».

Мақсаты: балалардың қиялдау, ойлау, көру қабілеттерін арттыру.

Шарты: Тәрбиеші балалардың алдына күз және көктем мезгіліне тән суреттерді ортаға тастайды, балалар суреттердің ішінен күз мезгіліне тән емес суретті алып тастайды.

Қорытынды:

- Бүгін бізде қандай оқу – іс әрекеті болды?

- Тіл дамыту.

- Қандай тақырыппен таныстық?

- «Алтын күз» деген тақырыппен.

Слайд арқылы күз құбылыстарының аттарын сұрау.

Бүгінгі оқу іс – әрекетіне барлықтарың  жақсы қатыстыңдар.Рахмет.

Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже: табиғатты аялап, қорғай білуі.

Білу керек: балалар күз мезгілі туралы  табиғат құбылыстарының   ерекшеліктерін, күз туралы ойларын еркін жеткізе білу.

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 2778 | Загрузок: 69 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Маржан  
Понравилось

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]