Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Табиғатты қорғау және экология туралы Ашық сабақ
[ Скачать с сервера (17.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
05.11.2013, 08:14
Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру. Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары атты презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет , сандық қақпа , гүлдер , тоты құс , балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа.
Әдіс тәсілі: сұрақ жауап , сергіту,ойын, тәжірибе,түсіндіру,өлең.
Барысы: шаттық шеңбер:
Балалар бүгінгі күн ерекше күн . бізге қонақтар келіп отыр олаи болса қонақтармен сәлемдесейік.

Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанікей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Тәрбиеші: жарайсыңдар!
Бүгін балалар ұйымдастырылған оқу іс әрекетіндегі тақырыбымыз « Табиғат тамашасы».
Табиғат ана жер жүзіне жылуын,мейірімін сыйлап тұр емеспе?Сондықтан ешқашан жамандық жасама,жақсылық қана ойла.Барлығы саған жақсылық жасауға дос болуға ұмтылады.
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,түрлі-түсті пішіндер арқылы сюжеттік сурет құрастырамыз.Алдарындағы берілген пішіндер арқылы.Егер тапсақ бізге берілген « сиқырлы қақпалар» ашылады.

Жұмбақ:
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. «Күн»

Тауда өсер ,таста өсер,
Көктем менен жазда өсер.
Қыста өшер. «Шөп»

Көктемнің суретін құрастырып, әңгіме құрайды.
Мінекей балалар «табиғат ана»ризашылығын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Қола қақпа ішінде бізге «ашық хат»берілген,ашып көрейік.Бізге сұрақ-жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа»ашылады.
Балалар табиғат екі түрге бөлінеді.
Өлі табиғат және тірі табиғат .
-Осы топ ішіндегі өлі табиғат және тірі табиғатты атап шығыңдар?
-Тірі табиғатқа жаны бар заттар жатады.
-Өлі табиғатқа жаны жоқ заттар жатады.
-Біздің топтағы тірі табиғатты атаңдаршы?
-тоты құс,балықтар,тышқан.
-Ал,өлі табиғат ше?
-Ауа,алдымыздағы су,топырақ.
Мінекей балалар «күміс қақпа»ашылуда.
-Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.Енді өлі табиғатқа тәжірибе жасап көрейік.
Бүгін судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз.Алдарыңдағы суды ішіп көріңдер.
-Судың дәмі бар ма?
-Жоқ.
-Иісі бар ма?
-Жоқ.
-Түсі бар ма?
-Мөлдір.
Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып араластырыңдар.
-Қант қандай күйге енеді?
-Қант суда ериді.
Келесі стаканға құм салып көрейік.
-Құм ериді ме?
-Құм стакан түбінде шөгіп қалады,ерімейді.
Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана бізге ризашылығын білдіріп, «алтын қақпаны»ашты.Балалар алтын қақпа ішінде «алтын сандық». « Алтын сандық» ашу үшінжақсы игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін бойымызды сергітіп алайық. Оның үстіне тәжірибе жасапта,шаршадық

Сергіту: Өзен болып гурілдейміз
Теңіз болып то қимызып
Бұлақ болып бұрқылдаймыз
Ешқашанда сарқылмаймыз
Ғажайып сәт: Бұтағы сынған ағаш келді.
-менің бұтағымды бұзақы балдар сындырып кетті. Сендер маған көмектесіңдер.Бұтағымды байлап беріңдер. Құстың салған ұясын жерге құлатып кетті.
-балалар біз ағашқа көмектесейік. Оның жарасын байлап берейік. Ұяны орнына орналастырайық.
Нұрымжан: ұяны орнын.а қояды
Ағаш: Рахмет сендерге балалар
Нұрымжан: Апай жұмыртқа жыбырлап жатыр
Тәрбиеші: Міне ғажап. Жұмыртқадан балапан жарып шықты.Жаңа өмір басталды деген осы
Нұрымжан: Апай мен осыған байланысты тақпақ айтқым кеп тұр. Достарыма
Өсіруге балапан
Құстар ұя салады
Тақия тұзақ салмайақ
Қайғысына қалмайақ
Әдейі көздеп атпайақ
Көп күнаға батпайақ
Құс ұясын бұзбайақ
Жұмыртқасын алмайақ,
Обалына қалмайақ
-міне ғажап алтын садық ашылды. Алтын сандық ішінде табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары бар.
Тәрбиеші: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтарын түсіндіреді.
Қортынды: балалар не білді? Не үиренді ?
Жомар болуды –күннен бір орнында тұрып қалмауды-
Сыңғырлап аққан өзеннен.
Жарқырай білуді –жұлдыздан .
Ізденуді –жерден.
Көк аспаннан-самғауды
Тазалықты-жаңбырдан .
Гүлдерден-сүие білуді.
Көк жиектен –арманды .
Табандылықты-желкеннен.
Ал кешірімді ананың қара көзінен,үиренейік балалар, сөзіме құлақ салыңдар.
Қоштасу шеңбер : бәріміз дос бауырмыз
Ажырамас іргеміз,
Қиындыққа мойымай
Сау болыңыз дейміз біз!
Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 39461 | Загрузок: 721 | Рейтинг: 3.5/15
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]