Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ертегілер әлеміне саяхат
[ Скачать с сервера (30.4 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
24.04.2014, 12:06

Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: ІІ сәбилер тобы.
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет


Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету, конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау. Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтары: «Шалқан» ертегісіне арналған костюмдер, «Шалқан» муляжі, ертегі мазмұнына сәйкес сурет - таблицалар, Шұбар тауық муляжі, ертегі мазмұнына сәйкес сурет - таблицалар, «Үйшік» ертегісінің мазмұнына сәйкес сурет - таблицалар, Аю костюмы, магнитті тақта, үнтаспа.
Әдіс - тәсілдер: ертегі айту, сахналау, сұрақ - жауап.
1. Балаларды ынталандырып, сезімдерін ояту мақсатында сабақ Шаттық шеңберінен басталады.:
Күн шығыпты, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіз бе?
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз тату болайық!
- Достығымыз жарассын,- деп келген қонақтармен амандасайық.(Балалар өлең жолдарын қайталап келген қонақтармен амандасады.)
- Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сыйқырлы поезға отырып барлығымыз Ертегілер еліне аттанайық.(балалар бір - бірінің иығынан ұстап, А. Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер» әнінің ырғағымен поезд болып қозғалады.)
- І аялдамаға келдік - қане, мына аялдамадағы суреттерге қарап аялдаманың атын тауып көрейікші? (Магнитті тақтаға бекітілген ертегі кейіпкерлерінің суреттеріне қарап отырып балалар «Шалқан» ертегісі деп жауап береді.
- Қане, балалар, біз «Шалқан»ертегісін есімізге түсірейік. (Балалар жарты шеңбер құрып отырады. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балалар ертегіні сахналайды.)
- Ал, енді саяхатымызды жалғастырайық.
ІІ - аялдама – мына жерде қызық суреттер ілініп тұр, балалар. Қане, қарайықшы, бұл қандай ертегі? Суретте не бейнеленген? (Қабырғадағы суреттерге қарап, балалар бұл «Үйшік» ертегісі екенін айтады.
Сұрақ – жауап: - Үйшікке бірінші болып кім келді? Тағы кімдер келді? Үйшікте барлығы нешеу болып тұра бастады? 4 - ші болып кім келді? Соңынан кім келді? Аю не деді?

Ғажайып сәт: Есік қағылып, аю келеді, жылап тұр.(Аю костюміндегі бала)
- Аю, саған не болды? Неге жылап тұрсың?
Аю үйшіктің құлап қалғанын айтып, балалардан үйшікті құрастыруға көмектесуді сұрайды.
- Аюға көмектесеміз бе, балалар? (Балалар «иә» деп жауап береді.
- Олай болса, алдымен аюды көңілдендіріп алайық, иә, балалар?

Сергіту сәті: - Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.(Балалар тиісті қимылдар жасайды)
- Аю, сен бізбен бірге саяхатқа жүр. Біз саған келесі аялдамаға барғанда үйшігіңді құрастыруға көмектесеміз.

ІІІ аялдама: - Магнитті тақта бұрышында орналасқан Шұбар тауықтың муляжі, тақтада сурет - таблицалар.- Балалар, мынау не? (тауық)
- Қандай тауық? ( балалар шұбар тауық деп жауап береді)
- Олай болса, бұл қандай ертегі? ( «Шұбар тауық» ертегісі)
Үнтаспадан Шұбар тауықтың дауысы: - Саламатсыңдар ма, балалар? Сендер мына суреттерге қарап ертегіні айтып бере аласыңдар ма? (Балалар суреттер арқылы ертегіні еске түсіреді)
- Енді сендерге өтініш: менің балапандарымның қарындары ашып қалыпты, соларға арнап тары дайындап бересіңдер ме? (балалар жарыса «иә»деп жауап береді)
- Қане, балалар, бәріміз бірігіп аюға үйшік құрастыруға, шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектесеміз бе? (Балалар екі топқа бөлініп, ұлдар құрастырмалы ойыншықтардан аюдың үйшігін құрастыруға, қыздар ермексаздан шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектеседі.
Риза болған аю мен тауық балаларға алғыстарын айтады.
Балалар поездарына мініп, көңілді әуенмен топтарына қайтады.
Сұрақ – жауап: Балалар, біз қайда бардық? Не көрдік? Не істедік?( Біз сыйқырлы поезға мініп, ертегілер еліне бардық, «Шалқан», «Үйшік», «Шұбар тауық» ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесіп, ертегілерді еске түсірдік, аюға, шұбар тауыққа көмектестік,- деп балалар жарыса жауап береді)
- Саяхатымыз ұнады ма? (Балалар ұнағандығын айтты)

Күтілетін нәтиже:
Білу: Суретке қарап мазмұнын айта білу.
Меңгеру: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын ойнап келтірді. Ермексазбен, конструктордан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.
Істей алу: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты.
Көрсете білуі: ертегіге еніп, қиялдауды үйренеді

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 6119 | Загрузок: 405 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]