Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

"Хатка - йога" Дене шынықтыру сабағы
[ Скачать с сервера (1.58 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
20.05.2014, 14:42

Білім беру аймағы: Денсаулық. Қатынас. Таным. Қоршаған орта.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1.Доға астынан еңбектеп өту.
2.Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Балаларға доға астынан еңбектеп өту, орнынан ұзындыққа секіруді үйрету. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған хатка – йога элементерін қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін ой-өрісін дамыту. Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвалды сынары: Күз – осень, доға – дуга, ұзындық – длина, секіру – прыжок, орман – лес, Мыстан кемпір – Баба Яга
Кіріспе бөлім:
Балалар маршпен залға кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар, қараңдаршы бізде қонақтар бар, спортша қонақтармен амандасайықшы «физкульт – салем!»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілінің ерешеліктерін кім айтып береді? Жарайсыңдар балалар.
-Балалалар біз бүгін сендермен бірге, орманға саяхатқа барамыз. Дайынсыңдар ма?
-Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:
Орманды жалғыз аралауға болмайды,
Ол үшін бір – бірлеріңнен қалмауларың қажет.
Жарайды естеріңе сақтадыңдар ма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға адымда!
Біз бір – бірінің артынан жүреміз
Орман ішімен жүреміз
Күнге қол созамыз
Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)
Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтың ішімен жүру)
Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтың сыртымен жүру)
Аяқты көтеріп жүреміз (зат аттап жүру)
Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.

Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары: хатка –йога
(Әр жаттығу 3реттен қайталанады және 5сек.)
СМС хабарлама келеді
Қане, хабарлама қайдан келгенін көрейікші.
Сәлеметсіңдер ме, «Ақ желкен» балабақшасының балалары!
Мен Мыстан кемпірмін! Менің бүгін туған күнім. Мен сендерді қонаққа шақырғым келеді, бірақ менің үйшігім құлап қалды. Мен оны жинай алмаймын, көмекшілерім жоқ, не істерімді білмеймін, мүмкін сендер көмектесерсіңдер? Ой балалар біз қалай барамыз, біз жәй ормандамыз, ал Мыстан кемпір ертегі орманында. Мен оған сол туралы СМС жолдайын. (мыстан кемпір сиқырлы сөздер жазып береді)
Мыстанға көмектесеміз бе? Олай болса, жолға шығайық.

Негізгі қимыл қозғалыс:
1. Доға астынан еңбектеп өту.
2. Орнынан ұзындыққа секіру.
- Алақай, Біз Мыстанның үйшігін таптық. Осы жерден тоқтайық.
- Біздің үйшігімізге бір нәрсе жетіспейтін секілді?
- Балалар бізге айналамызды көру үшін не керек? (көз)
-Дұрыс айтасыңдар. Мына үйшікте не жетіспейді? Балалар біз үйшікті сиқырлап орнына келтіру үшін көзімізбен сиқырлаймыз, үйшігімізді орнына келтірейік.
«Денсаулық» технологиясы
Көзге арналған жаттығу.
Жоғары, төмен, солға, оңға айналдырамыз, ашып – жұмамыз. Енді көзді жұмамыз, олар бізге сиқырласын. Санаймыз 1, 2, 3, 4, 5... көзімізді ашамыз.
Балалар көзін жұмып отырғанда, Мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір:
- Ой балалар жарайсындар, менің үйшігімді жөндеп, орнына келтіріпсіңдер. Мені қуанттыңдар. Сол үшін сендерді орманда қалдырамын, маған осындай көмекшілер қажет.
- Сендер себетке не жинадыңдар? Ой, менің сүйікті саңырауқұлақтарым ба? Не деген саңырауқұлақтар. Мен будан көп дәрілер жасап бере аламын.
-Балалар сендермен ойын ойнағым келеді, олай болса, шеңбер болып тұрып, «Бабка – Ёжка костяная ножка»-деп, менің сөзімді қайталаңдар.
Қимылды ойын: «Бабка - Ёжка»
Ойын шарты: Бабка –Ёжка костяная ножка,
С печки упала,ногу сломала.
А потом и говорит:
-«У меня нога болит!»
1, 2, 3 от Яги беги.

Қорытыңды:
Мыстан кемпір:
-Ой балалар мен шаршап қалдым, белімді ауырды. Ой сендермен әбден шаршатып жібердіңдер, жарайды, сендерді орманда қалдырмаймын. Қазір сиқырлап сендерді өз балабақшаларыңа алып барамын. Бірақ алдымен жатып, дем алып алайын, ал сендер неге тұрсыңдар? Қане менімен бірге жатыңдар! Жұлдыздарға қарайық, армандайық.

«Денсаулық» технологиясы
Релаксация
Қане жұлдыздарға жақындайық, әуе шар болайық. Шар ол сендердің іштерің болады. Қолдарыңды іштеріңе қойындар, сендердің шарларың дұрыс үрленіп жатқанын білу үшін, демді ішке тартып шар үрлейміз, демді шығарамыз, желін шығарамыз. Міне сендер биіктесіңдер, көздерінді жұмыңдар, жұлдыздарды елестетіңдер. Қараңғы түнгі аспан, жарық ай, көп-көп жұлдыздар. Олар жанады, жарқырайды, құлайды да, ғайып болады. Қандай тамаша! Әдемі! Құстарда ән салып тұрғандай, күн шықты, таң да атты. Сендер ояндыңдар, тұрдыңдар. Міне біз өзіміздің балабақшаға да келдік . Мыстанға көп рахмет, ол бізге ертерек келуімізге көмектесті. Сендерге саяхат ұнады ма? Біз не саяхатта қандай жаңа жаттығу жасадық? Қандай кедергілерден өттік? Ой балалар мына себетте не бар екенін көрейікші, ой бұл Мыстаның бізге берген сиқырлы сыйлықтары? Тез топқа барып сыйлықтарды бөлісіңдер.Балалар қане сапқа тұрамыз! Ендеше спортша қоштасамыз «Физкульт – Сау бол!»

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 13700 | Загрузок: 323 | Рейтинг: 3.9/10
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]