Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Кімнің тоны жылы
[ Скачать с сервера (22.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
11.02.2015, 19:32

«Кімнің тоны жылы»
Білім беру саласы: Шығармашылық,Қатынас,Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: бейнелеу өнері, қарапайым математика,тіл дамыту
Мақсаты:
І – Білімділігі: Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін жетілдіру. Төрт түлік малға деген қамқорлық көркем әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру. Балалрдың есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Балардың сөздік қорын дамытуға, сұрақ- жауапқа толық жауап беруге үйрету, жаңа сөздіктерді меңгерту.
ІІ- Дамытушылығы: Төрт түлік малдар, жайлау көрінісі.Балалардың шығармашылық қабілеттерін өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Саусақ ойындары арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелігі: Балалардың сөздік қорын молайтуға ұқыптылыққа, ептілікке, өнерді сүюге, жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Баяндау, түсіндіру, көрсету сұрақ жауап, сыйқырлы қаламмен және интерактивтік тақтадан суреттерді көрсету арқылы, толық сөйлеуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруін қадағалау.
Жаңа сөздер: тон , мая, шұңғыл, науа, аша, ақыр, сеңсең, ішік, түгі.
Көрнекіліктер: Төрт-түлік малдың суреттері, тақта, үлкен-кіші әріптер, асықтар, сыйқырлы қалам, суреттер, интерактивтік тақта, атрибуттар, слайд.
Блингвизм: Үй жануарлары-домашние животные.

Жүргізілу барысы:
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық
Жүрекке жылу салайық
Жинаған жылу, шуақты
Бір-бірімізге сыйлайық
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң қонақтар
Тәрбиеші: өте жақсы балалар, біз де жүрек жылуымызды бір-бірімізге шаттық шеңберінде тұрып, «мейірім шуағы» деген ойын ойнап көрейік. Сендердің аналарың қалай еркелетеді?
Мені «құлыным» дейді
Мені «жаным» дейді
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Ал қыс мезгілінде қар қалай жауады? Қар неге ұқсайды?
- Қарды басқанда қандай дыбыс шығады?
- Қыста ауа райы қандай болады?
Ендеше балалар жазушы: Құрманбай Толыбаев ағамыздың «Кімнің тоны жылы» атты әңгісесін тыңдайық.
Таңертең күннің шуағы молайған шақта Жазира сыртқа шықты. Атасы жабық қораға қамалған қойды, сиыр мен жылқыны ашық қораның астына байлап, маяның етегінен ашамен шаншып алған шөпті алдына салып жүр екен. Қойлар науа толы туралған шөптен бас алмайды. Сиырлар үлкен шұңғыл науадағы шөпті жалмап жатыр.
Жылқылардың тұмсығы омыраулары тірелген биік ақырға көмілген. Ешқайсының суыққа тоңып бүріскен түрлері байқалмайды.
Жазира: бұлар түнгі аязға тоңбаған сияқтығой деп ойлайды. Сонда өзі сияқты жаураған кезде оранып алса, лезде қыз қыз қайнап шыға келетін атасының нән сенсең ішігі ішіне түсті. Малдар да тон киіп алған сияқты көрінеді. Сиыр мен жылқының түгі тығыз. Қой терісінің жүні сірескен қалың. Жылы шығар? Мұның сырын атасынан сұрады:
Ата, мына малдардың кайсысының тоны жылы?
Атасы күліп жіберді де жөнін айтты:
-Меніңше , ең жылы тон қойдікі болар.
Сен қалай ойлайсың?
-Мен де осылай шығар деп топшалаймын. Өйткені, қойдың терісінен тігілген сіздің тоныңыз да ыстық қой...... осы кезде Ата балалармен амандасып кіреді.
Ата балаларға бірнеше тапсырмалар береді.
1.1. Мал баласын қалай сүйеді?
Қой сүйеді баласын-«қоңырым «-деп,
Ештеңені білмейтін момыным!-деп,
Сиыр сүйді баласын»торпағым» - деп,
Қараңғыды баспаған «қорқағым»-деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым»- деп
Жаудырған көзіңнен тоташым! Деп
Ешкі сүйеді баласын «лағым»-деп,
Тастан тасқа секірген шұнағым деп!
Жылқы сүйеді баласын «құлыным»-деп,
Тұлпар болып жүгірер жұлыным! Деп
Төлдерді қалай түгендейсің?
Ақ лақ!
Жайылсаңшы
Мазаны алмай маңырап
Қошақан!
Сәл шыдай тұр,
Көгеннен сені босатамын.
Құлыншақ!
Бола берме
Әрнеге бір ұрыншақ.
Ақ ботам!
Жоғаларсың ,
Өзімсырттай бақпасам.
Әукешім!
Итті сүзбе,
Өшіктіріп қайтесің.
Мінекей ата мен төлдерімді түгендеп шықтым.
Балалар қандай санамақтар білесіңдер?
Бір дегенім- бөрік кисең бойға көрік
Екі дегенім- етік киер сәнді етіп,
Үш дегенім-ішік, теріден тігер пішіп,
Төрт дегенім- тымақ, қыста кисең жылы-ақ,
Бес дегенім-байпақ, іші жылы тайпақ,
Алты дегенім-алқа, моныңа тақ алда,
Жеті дегенім- жейде, кір болмасын кейде,
Сегіз дегенім- сенсең, жылысы тонның сенсең,
Тоғыз дегенім-телпек, болма бала тентек,
Он дегенім оймақ, жүрме босқа ойнап.
Жарайсыңдар, балалар. Өте жақсы жауап бердіңдер. Енді осы төрт-түлік малымызды әр түрлі материалдардан жасап көрейікші. Қойды құлақ тазалағыш зат пен картонға жабыстыра отырып жасаймыз. Сиырды бір рет қолданатын бакал мен мақтадан жасаймыз. Ал түйені ыдыс жуғыш губкамен жасаймыз. Ешкіні тарелкемен, ал жылқыны таяқшаның көмегімен жасап шығарамыз.
Қорытынды: балалардың жасаған жұмыстарын көріп, бағалаймыз.
Сабақ соңында «Қошақан» әнін айтамыз.

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 4085 | Загрузок: 99 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]