Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қызыл телпектің саяхаты
[ Скачать с сервера (37.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
19.03.2015, 18:17

Тіл дамыту сабағы балабақшада

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қызыл телпектің саяхаты»
Мақсаты;
Білімділік: «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, жұмбақтар шешу арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, ұғымпаз, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Қостілдік: Қызыл телпек - красная шапочка, қасқыр - волк.
Әрекет кезеңі
Мотивациялық қозғаушы.

Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Қане, балалар, бір - бірімізге мейірім сыйлайықшы, ол үшін бір - бірімізге қарап күлеміз, енді балалар бір - бірімізге жылулық сыйлайықшы, алақандарымызбен бір - бірімізге жылулық берейік. Балалар орындарымызға отырайық.
-Неше жыл мезгілі бар? Атын атап шығыңдаршы.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар? Атайықшы.
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін нешінші күн?
-Жарайсыңдар, балалар, ендеше барлығымыз орындығымызды алып, үстел үстіне жайғасайық.
Іздену ұйымдастырушы
-Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естіле ме, біреу есік қағып тұрған сияқты?
Осы кезде есік қағып Қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сәлеметсіздер ме сүйкімді балалар! Мен ертегілер елінен келдім. Әжеме кетіп бара жатып, мына әдемі балабақшаны көрдім. Іші қандай керемет еді. Менің әжем қатты ауырып жатыр. Сол үшін көңіл-күйім онша болмай тұр.
-Балалар, ендеше біз Қызыл телпекпен бірге санамақ айтайық. Мүмкін, көңіл-күйі көтеріліп қалар.
Санамақ:
Кел, санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек кезекші,
Шылдыр шүмек көмекші,
Шынашағы балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Қызыл телпек: Рахмет сендерге, балалар! Менің көңілім көтеріліп қалды ғой.
(Осы кезде қасқыр кіреді)
Қасқыр: Қызыл телпек, мен сені жеймін.
-Қасқыр, сен Қызыл телпекті жеме! Ол біздің досымыз. Солай ма, балалар?
-Ия.
Қасқыр: Балалар егер менің мына жұмбағымды шешсеңдер, мен Қызыл телпекті жемеймін.
- Балалар, олай болса біз Қызыл телпекке көмектесейік, жұмбақты шешеміз бе, балалар?
Жұмбақ:
1.Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай–салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл, бәйшешек толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
- Көктем мезгілінде.
2.Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады.
-Жұлдыз. 3.Таңмен көзін ашады, Әлемге нұр шашады.
-Күн
Қасқыр: Жарайсыңдар, бірақ мен шаршап кеттім. Сендер қойылған жұмбақтың бәріне дұрыс жауап беріп жатсыңдар. Ендеше, сендер менімен бірге сергіту сәтін жасаңдаршы.
Сергіту сәті:
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем.
Сол қолымды көтерем,
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын.
Солға қараймын,
Біраз сергіп аламын.
Қасқыр: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар, мен сендерге риза болдым. Мен енді Қызыл телпекті жемеймін.
Қызыл телпек: Балалар сендерге көп рахмет, сендер мені қасқырдан құтқардыңдар, себебі сендер маған көмектестіңдер. Сендерге мен алғыс ретінде Қызыл телпек пен Қасқырдың орысша атауларын айтып берейін. Сендер менімен бірге қайталаңдар. Қызыл телпек - Красная шапочка; Қасқыр - Волк.
(Балалар Қызыл телпектің артынан қайталайды)
Қызыл телпек: Мына Әлия балабақшасындағы Құлыншақ тобының балалары өте білімді, тәртіпті, айтқан тілді алатын жақсы балалар екен. Ендеше, мен әжеме жақсы көңіл - күймен барып, оған дәрі беріп келейін. Сау болыңдар, менің кішкентай достарым!
- Сау болыңыз, Қызыл телпек!


Рефлексивті коррекциялаушы. Қорытындылау.
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Қызыл телпек.
- Қызыл телпекке көмек көрсету үшін біз не істедік?
- Жұмбақ шештік, сергіту сәтін жасадық.
- Балалар міне сеңдердің арқаларында Қызыл телпекті қасқырдан құтқардық, әжесіне жақсы көңіл-күймен баруға көмектестік.
- Балалар ал сендердің көңіл - күйлерің қандай?
Әрқашанда көңілдерің жарқын, аспандарың ашық, жүздерің қуаныш пен нұрға толсын деген тілекпен бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.

Күтілген нәтиже:
Білуі: Қызыл телпек ертегісін біледі.
Меңгеруі: Жұмбақ шешуді, ән, тақпақ айтуды, сурет салуды, билеуді меңгерді.
Жасай алады: Берілген тапсырмаларды мұқият орындай алады.

 

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 8038 | Загрузок: 117 | Рейтинг: 2.5/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]