Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Менің отбасым 2019 қаңтар


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
07.01.2019, 17:35

Білім беру саласы: Коммуникация,әлеумет,шығармашылық.
Бөлім: Сөйлеуді дамыту,жапсыру.
Тақырып: Менің отбасым.
Мақсаты:Балалар бойына отбасы туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға, отбасы мүшелері туралы айта білуге үйрету.Отбасыларымен таныстыру арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру. Балаларды үлкендерді сыйлауға, бірін-бірі тыңдауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар:Демонстрациялық сурет,отбасының суреттері,сары түсті
дөңгелек,үшбұрыш қағаздар.Желім.Сандар.Қима әріптер.
ҰОҚ кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
кезеңі (Қонақтармен амандасу)
Шаттық шеңбер:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

-Балалар, бұл неге ұқсайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Шаңырақ – бұл біздің отбасымыз, біздің бірлігіміздің нышаны. Біз бүгін «Менің отбасым» тақырыбында әңгімелесетін боламыз. Ендеше, орнымызға отырайық.
(Сурет бойынша әңгімелеу)
-Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
(Есік алдында қорапшаны көреді)
- Балалар, біреу есік алдына мына қорапшаны тастап кетіпті. Ашып қарайықшы. Мына қорапта хат жазылыпты. Оқып көрейік.

Хатта:
«Құрметті балалар, мен сиқыршымын. Сендерге сиқырлы қорап жібердім. Сиқырлы қорапта жұмбақтар бар. Сол жұмбақтарды шешіп, жұмбақтың жауабына сай тақпақ,мақал-мәтел айтсаңдар, сабаққа белсене қатыссаңдар, сиқырлы қораптан сыйлықтар пайда болады» деп жазылыпты.
- Балалар, сендер сиқыршының кім екенін білесіңдер ме?
- Олай болса, сиқырлы қораптағы жұмбақтарды шешеміз бе? -Сәлеметсіздер ме?

Оң қолдарымызды жоғары көтереміз
Қолдарымыздан ұстап, жүрген қимыл жасаймыз
Бір-бірімізге қараймыз
Шаңырақ жасаймыз

- Шаңыраққа.

-Суретте отбасыны көріп тұрмыз.
Балалар сурет бойынша әңгімелейді.

- Иә, ол барлық тілектерді орындайды.

- Иә, шешіп көрейік.
Ұйымдастыру
кезеңі Сабақтың барысы:
1-жұмбақ:
-Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?
-Ата туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

2 - жұмбақ:
-Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім?
- Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді?

-Ана туралы қандай мақал-мәтел, білесіңдер?

3 - ші жұмбақ:
-Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім?
-Әке туралы қандай мақал -мәтел білесіңдер?

4 -ші жұмбақ.
-Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ертегі айтып береді. Бұл кім?
-Әже туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

-Тағы отбасы жайлы мақал-мәтел білесіңдер ме?

- Ал сендердің әжелерің не істей алады?

-Ал отбасында жаңағы айтылған әке,ата,әже,ана, бар екен.Тағы кім бар отбасында?
-Балалар, отбасы мүшелеріне ата, әже, әке, ана, сіңілі, қарындас, аға, апа, іні жатады. Отбасының үлкендері – атамыз бен әжеміз. Сондықтанда атамызға, әжемізге еркелейміз. Біз үшін ең қадірлі жандар – әкеміз бен анамыз. Олар біз үшін барлық нәрсені жасап, бізді ешкімнен кем қылмай өсіреді. Соған қоса біздің бауырларымыз бар. Аға деп отбасындағы үлкен ер баланы айтады. Апа деп отбасындағы үлкен қыз баланы айтады. Іні деп отбасындағы кішкентай ер баланы айтады. Ұл бала үшін қарындас деп отбасындағы кішкентай қыз бала. Сіңілі деп отбасындағы үлкен қыз балалар өзінен кішкентай қыз балаларды айтады.

-Дұрыс айтасыңдар,олардың бәрін бір сөзбен қалай айтамыз?
-Сендер үйде әжелеріңе,апаларыңа не істеп көмектесесіңдер?
Сергіту сәті.
Әжем үшін күнде мен,
Отынға – ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Сыпырамын үй ішін,
Жуам аяқ-табақты.
Жылай қалса бөпемді,
Уатамын,бағамын.
«Тілші сұбаты»ойыны.
(Тілші мен фоторепортер кіреді)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен тілшімін және мынау менің әріптесім -фоторепортер.Мен қазір сендерден сұқбат алып,сұқбатымды «Отбасы»газетіне басып шығарғым келеді.Сендерге сұрақтар қойып,оларға жауап аламын.Фоторепортер сендерді суретке түсіріп,сол газетке суреттеріңді шығарады.
(Фотосуреттермен жұмыс)
-Балалар, өз отбасыларың туралы айтып берсеңдер екен деймін.
-Ксюша,өз отбасыңмен таныстырып шықшы.

-Сенің отбасың қандай?

-Отбасымен не істегенді ұнатасың?

-Сенің отбасыңда қанша адам бар,санап,санмен белгіле.

-Ернұр,сенде өз отбасың туралы таныстырып көрші.

-Кімнің отбасы мүшесі көп?

-Рахмет сендерге,балалар!Маған бұл мақала өте ұнады.Бұл мақаланы мен «Отбасы» газетіне міндетті түрде жазып шығарамын.Сау болыңдар, балалар!
«Қима әріптерден сөз құрау»дидактикалық ойын.
-Балалар,ата сөзіне және ана сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы.

Билингвальды компонент:
Отбасы-семья,ата-дедушка,брат-аға,әке-отец,әже-бабушка.

«Күн сәулесін құрастыр»дидактикалық ойыны.
-Балалар,сендердің алдарыңда пішіндер жатыр.Бұл қандай пішіндер?
-Қандай түсті пішіндер?

-Осы пішіндерден күн сәулесін құрастырып жапсырайықшы.

-Енді жапсырған күн сәулесін өздеріңнің отбасына сыйлайсыңдар.
-Осындай жарқыраған күн сәулесі отбасымызда ешқашан сөнбесін деп біз «Әрқашан күн сөнбесін»әнін айтып берейікші

-Ата.
-Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
-Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.
-Ана.
-Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...
-Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

-Әке.
-Әкенің қадірін, балалы болғанда білерсің.

-Әкені көріп ұл өсер,
Ананы көріп қыз өсер.

-Әже.
-Әжемді тыңдағаным –
Өзімді танығаным.

-Ағасы бардың жағасы бар,інісі бардың тынысы бар.
-Көрпе тігеді,шұлық тоқиды...

-Апа,аға,іні,сіңлі....

Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

-Туысқандар,туғандар.

Балалардың жауабы.

Балалар тәрбиешінің қимылын қайталайды.

Отбасы туралы тілшіге сұқбат береді.

-Мынау менің отбасым.Мынау - менің әкем.Мынау-анам,ал мынау мен.
-Мен отбасымды өте жақсы .Менің отбасымыз тату, үлгілі.
- Біз отбасымызбен мультфильм көргенді ұнатамыз.
Балалар санап санмен белгілейді.
-1,2,3 үш адам бар.
Отбасы туралы жылы сөздер айту.
Балалар салыстырып,
үлкен-кіші таңбасын қояды.

-Сау болыңыз!

-Ата,Ана,Әже,Әке.Аға,
Апа.
-А-дауысты дыбыс.
-Т-дауыссыз дыбыс.
-А-дауысты дыбыс.

-А-дауысты дыбыс.
-Н-дауыссыз дыбыс.
-А-дауысты дыбыс.

Балалар қайталайды.

-Дөңгелек,үшбұрыш пішіндері бар.
-Пішіндер сары түсті.

Балалар берілген пішіндерден күн сәулесін құрастырады.

Балалар «Әрқашан күн сөнбесін»ән айтады.
Рефлексивті
коррекциялаушы -Балалар,біз бүгін не туралы әңгімеледік?

-Отбасы мүшелерін кім атап береді екен?

-Отбасы қандай болу керек екен?
-Тағы қандай болу керек?
-Жарайсыңдар,балалар,мына қорапшада сыйқыршымыз бізге тосын сый әзірлеп қойыпты.
(Қонақтармен қоштасу)
-Біз отбасы жайында әңгімеледік.
-Отбасы мүшелері:Ата,әке,аға,әже,
ана.......
-Отбасы тату болу керек.
-Отбасы үлгілі болу керек.

-Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
БіҚайталай алады: Отбасы мүшелерін атап береді.Олар жайында мақал-мәтел айтады.
Түсінеді: Үлкендерді сыйлау керектігін, бірін-бірі тыңдау, қадірлеу керектігін.
Ай Қолдана алады: Берілген пішіндерден күн сәулесін құрап,жапсыруды.

ды.

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 8728 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]