Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Менің Президентім
[ Скачать с сервера (64.8 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
30.11.2015, 22:01

Түрі: ашық сабақ

 

Тақырыбы: «Менің Президентім»

Мақсаты:Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту.

Көрнектіліктер:Елбасы суреті, слайд,кітап көрмесі,көрнекіліктер.

Тәрбиеші: Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.

Балалар:Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: Барлығымыз тұрып әнұранды орындайық. Әнұран.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте  кім бейнеленген?

Тәрбиеші:Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші:Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Балалар, сендердің  аналарың, әкелерің жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың  жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Тәрбиеші:Өте дұрыс. Астанада  Ақордада. Балалар Астанада тағы да не бар?

Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, нелер бейнеленген?

Тәрбиеші:Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Тәрбиеші:Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Ою-тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Енді балалар, Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Тәрбиеші:Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үлкен ортақ үй деген мағынаны  білдіреді. Тағы да не бар?

Тәрбиеші:Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген.

Төбесіндегі  жұлдыз – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді.

Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

Шаршадыңдар ма балалар?

Тәрбиеші:Кәне келіңдер сергіту сәтіне. 

Сергіту сәті.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Тәрбиеші: Балалар тақтадағы суретке назар аударыңдаршы. Суретке қарап әңгіме құрайық. Бұл суретте нені көріп тұрсыңдар?.

(зәулім үйлер мен ғимараттар,бәйтерек,әсем, көркем қала Астана)

Сөздік жұмыс: «Елбасы», «рәміздер» , «бәйтерек» барлығы  қайталайды.

Қорытынды:Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Тәрбиеші:Ол кім?

Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Тәрбиеші:Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.

Жарайсыңдар, балалар! Сендерге сабақ ұнады ма? Егер ұнаса күннің көзінің суретін , ұнамаса бұлттың суретін тақтадағы қалташаға салыңдар.

Осымен сабағымыз аяқталды. Рахмет балалар.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: ҚР рәміздерін, оларға сипаттама беруді, аңық сөйлеуді.

Істей білуі керек: Негізгі сұрақтарға жауап беруді, ойларын толық жеткізе білуді.

Болуы керек: патриоттық сезім.

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 6748 | Загрузок: 160 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]