Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ою ханмен оюлар әлемінде
[ Скачать с сервера (43.1 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
12.11.2016, 19:37

Тақырыбы: Ою ханмен оюлар әлемінде.

Аңдатпа: Бұл  оқу іс – әрекетінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, балалардың  сөздік  қорындағы сөздердің белсенділігін арттыру.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Мақсаты:

             Білімділік: Балаларға  қазақ халқының қол өнерінің оюлары жайлы түсіндіре отырып, сөздік  қорларын  байыту, дұрыс  сөйлеуге  үйрету, қойлған  сұраққа  дұрыс  та,  толық  жауап  беруге  дағыдаландыру. Сөздің  дара  мен  көпше  түрін дұрыс  айтуға  үйрету,  түсіндіру.

Тәрбиелік: Халықтық  педогогикасымен  ұштастыра  отырып тақпақ  пен  мақал - мәтел туралы ұғымды  қалыптастыру, тілге  деген  қызығушылығын  ояту,  күнделікті қолданылатың  сөзді пайдалана  отырып  адамгершілікке, имандылыққа, ілтипаттылыққа тәрбиелеу. Ептілікке, бір – біріне  деген сыпайлық пен  шыдамдылыққа тәрбиелеу.

            Дамытушылық: Баланың  танымдылық, сөйлеу іс – әрекеттерін біріктіре  отырып, сөздің  дара  мен  көпше  түрін, қандай?, не?, нелер? деген сұрақтарға  қалай  жауап беру керек екенің   түсіндіру,  дамыту. Жан – жақты  ойлау қабілетімен  сұраққа  толық жауап  беру  деңгейін арттыру, қабылдау  ниетін  дамыту, ойлау  үрдісін  жетілдіру.

Әдіс – тәсілдер: Шаттық  шеңбер, ой  қозғау,  әңгімелесу, сұрақ – жауап,  слайдтар көрсету, көрініс,дидактикалық ойындар мен   сергіту сәті, тақпақ  пен мақал - мәтелдер, бағалау,  қортындылау.

Керек құрал – жабдықтар:Қазақ  халқының  өрнектері  мен  аспаптары, желім, текемет, қағаз,сырмақ, киіз үй, сандық, бесік, аяққап, интерактивті  тақтадағы  слайдтар, әндер.

Сабақ барысы: Балалар  ән – күй залына(Сарыарқа күйі  ойналады)  әсем әуен  ырғағымен  кіреді.Балалар  жарты  шеңбер  құрып тұрады.

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

                 Армысыздар , ардақты  қонақтар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Марзия Жакиевна!

                Сәлеметсіз бе, құрметті  қонақтар!

Мұғалім: Балалар  қане  шаттық  шеңберге  тұрайық,  мына  жүректі бір – бірімізге  беріп, жылы сөздер айтайық. Мен  бастайын, сендер  жалғастырындар.

Мынау  менің  жүрегім,Маша -бақытты  бол !

Мынау  менің  жүрегім,Слава - көңілді  жүр  әрқашан!

Мынау  менің жүрегім, Яраслав – ақылды  бол!

Мынау  менің  жүрегім, Влас – батыр бол!

Мынау  менің  жүрегім, Алина -бақытты  бол!

Мынау  менің  жүрегім, Артем-әдемі  бол!(Осылай  балалар  жалғастырады. )

Мұғалім: Балалар  орындарына  отырыңдар.(Осы  кезде  есік  қағылады  да, ішке Ою хан кіреді.)

Ою хан: Балалар  амансындар ма!Марзия  Жакиевна  сәлеметсіз бе! Мен  сендерге  бүгін  қазақ  халқының  оюлары  қайдан  пайда  болғаның  көрсеткім  келеді. Бірақ та,  жолда  қиындықтар  туып  қалуы  мүмкін. Немес  қиын  тапсырмалар  болуы  мүмкін. Балалар  қалайсындар,  меніменен саяхатқа  шығуға  әзірсіндер  ме?

Балалар: Әрине,  біз  дайынбыз!

Мұғалім: Балалар  дайын  болсандар, жолға  шығайық.

Ою хан: Балалар менің оюлы  кілемім бар  еді,  қане  соған  жайғасып  отырып  алындар. Қане, ұшуға  дайынсындар  ма?

Балалар: Дайынбыз. (Бәрі оюлы кілемнің  үстіне отырады, музыка  ойналады, балалар көздерін  жұмады.)

Ою хан: Балалар  қарандаршы  мына  жерге,  не  байқадындар?

Балалар:Бір  ізді  көрдік. Не  екенің білмейміз?

Ою хан: Қане  қонып, байқап  көрейік.

Балалар: Мына  із  біреудікі, бірақта  жартысы  жоқ.Қарандар  іздің таңбалары  мына   ағаш  түбіне  барады  екен. / Балалар  ізбен  жүре  отырып, ағаш түбінде  жылап отырған  қарғаны  көреді/. Қарандар, қарандар, мына жерде  қарға. Ол  жылап отыр.

Мұғалім: Балалар  қане жайғасып отырайық. Қарғаны  қорқытпандар. Ою ханымыз емші. Ою хан  қарғаны  емдесін. Біз біраз тыңғып, ойнап алайық. Балалар  мына  суретке  қарандаршы.

/ интерактивті  тақтадағы  қарғаның ізіне  көңілдерін  аударады./ Мынау  ненің  ізі?

Балалар: Бұл  қарға  ізі.

Мұғалім:Балалар тағы  қандай  аңдар  өрнектерің  білеміз?

Д/О « Кім тез айтады?»  оюлар  слайды  шығады, балалар  атың  атауы  тиіс.

Д/О «Кім  тапқыр?» Ойын  шарты: Оюлардың  жарты суреті  берілген, балалар ол қандай  ою екенің  табу  керек.Дұрыс  болса  ою  толық суретімен  шығады.

Ою хан: Балалар  мен  қарғаны  емдеп болдым, ары  қарай  жол  жүрейік, қане  кілемге  отырамыз./Балалар  тағы  да  ұшады/. Балалар  қарандаршы  әсем жерімізді. Мына  біздің  табиғатымыз  қандай  тамаша. Қане  мына  жағалауға  тоқтап  дем  алайық.

Мұғалім: Балалар  біз жер – су  мен  өсімдіктер  бейнеленген  оюлардың  қазақ  тілінде білеміз  қой. Қане  Ою ханға  айтып  берейік. Балалар тағы  да  слайдттарды қарайды.

Д/О « Мынау қандай  ою?» Ойын  шарты: балалар  оюлардың  атың  атауға  тиіс.(Толқын, қайнар, гүл,бүршік, қызғалдақ)

Ою хан: Балалар, сендер оюларды  біледі екенсіндер, ал оюлар туралы  мақал – мәтел  білесіңдер  ме?

Балалар: Әрине  білеміз.

Мұғалім: Қане  кім  айтады?  Кім біледі?

1.Ою – ойғанның ойы  ұшқыр болады.

2.Өнерді  үйрен де жейрен.

3.Өнерлі бала сүйкімді.

4.Өнер – бұлақ, білім –шырақ.

5.Өнер білсен өлмейсін.

Ою хан: Ой, балалар  қандай  керемет, сендер  білгіш екенсіндер! Тамаша, тамаша!Қане  енді  ары  қарай ұшайық.Келіндер менің  кілеміме  отырындар.(Барлығы  отырып,ұшады. Алыстан  киіз үйлер  көрінеді.)

Ою хан: Балалар міне  біздің үйге  де  жеттік. Қане  тағы да  тынығып  алайық.

Мұғалім: Балалар  мына  үйді  қалай  атаймыз?

Балалар: Киіз үй.

Мұғалім: (Балалар назарларын слайдтарға аударады.) Киіз үй неден  құралған?Нелер  бар?

Балалар жауабы: 1.Киіз үй – шаңырақтан  тұрады.

                              2. Киіз үй –уық, кереге, есіктен тұрады

                              3. Киіз үй –ішінде  сырмақ, текемет, түс киіз, киіздер  бар.

                              4. Киіз үйдің ішінде аяққап, бесік, керует, төсектер  бар

                              5. Киіз үйде құрақ көрпелер  мен домалақ үстел бар.

Мұғалім: Жарайсындар балалар, қане  біраз біз  де тыңығып алайық.

Сергіту  сәті: (Балалар әуен  ырғағымен қимылдар  жасап, бейлеп  алады)

Ою хан: Мен  сендерге  тапсырма дайындып қойдым. Тапсырмам: «Кілем  құрамыз!» (Жолда алған әсерлерінді  қағаз бетіне  салып  көріндер. Ол  жай  суреттер  емес,  оюлар  арқылы болсын.)

Мұғалім:Менің  балаларым  қазақ  халқының  аспаптарын да  біледі. Ою хан  қане  менің  балаларымды  тағы  да  сынап  көріңіз!

Ою хан: Олай  болса  мен  әуендер  жасырам, сендер  қандай  аспап ойналғаның  атап  беріндер.

Д/О « Қандай  аспап?»

Балалар  жауабы: Мынау  - аса  таяқ.

Мынау – қобыз.

Мынау –домбыра

Мынау – дауылпаз

Мынау – сыбызғы

Мынау  - шаң қобыз

Мынау  - жетіген.

Ою хан: Жарайсындар,  білімдерін  де, тапқырлықтарын да , белсенділіктерін де өздеріне сайма –сай екен. Мынау  менің  сендерге  берген  сыйлығым.

Мұғалім: Ою хан ата сыйлығыңызға  көп – көп рахмет. Біздің  де  балабақшаға қайтатың  уақыт  болды. Бізді  жеткізіп  салыңыз.

Ою хан: Қазір  менің кілемім  апарып  салады. Отырындар.

Мұғалім: Ата  сау  болыңыз!Сізге  рахмет. Балалар қане  балабақшаға  ұшайық.(Кілемге отырып, ұшып  келеміз бақшаға)

Мұғалім: Балалар міне  балабақшаға  да  жеттік. Қане  орнымызға  отырайық. Балалар  не  көрдік, не істедік?

Балалар жауабы:Балалар өз әсерлерімен  бөліседі.Кілемдерің  көрсетеді бір – біріне.

Мұғалім: Балалар қане  шаттық  шеңберге  тұрып  бір – бірімізге  бақыт  тілейік, шаттық тілейік.

Балалар: Қолдарын ұстар – бір – біріне  бақыт пен  шаттық  тілейді.

Мұғалім: Балалар осымен  сабағымыз  аяқталды, енді  топқа  барып, Ою хан  ата берген  бауырсағымызбен   шәй ішіп, дем алайық.

Балалар: Сау болыңыз  Марзия Жакиевна!

                 Сау болыңыздар  қонақтар!

Мұғалім:   Сау болындар балалар!

 

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 1829 | Загрузок: 57 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]