Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ӨҚС ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
[ Скачать с сервера (272.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
14.11.2013, 18:41
ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
Білім саласы: «ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА», «ҚАТНАС»

Бөлімі: «ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ», «ТІЛ ДАМЫТУ»

Тақырыбы: «Күшік пен мысықай біздің көршілеріміз»

Мақсаты. Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Бізбен бірге тұратын үй жанурларының жағдайын бақылауға үйрету. Үй жануарларымен өзін ұстау ережелерімен таныстыру. Үй жануарларына адамның қандай қатнасы болу керек екендігін түсіндіру. Жануарларға қамқорлық қарым-қатнасын, оларға қамқор болу ықыласын тәрбиелеу. Табиғатта қауіпсіз жүріс-тұрыстың қарапайым дағдыларын дамыту.


Әдіс – тәсілі: Таныстыру, көрсету, түсінік беру, қорғау, ғажайып сәт, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, Д/о: «Төлдерді ата!», «Бола ма, әлде болмай ма?», ойыншық мысық пен ойыншық күшік

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүрісі:

Ұйымдастыру кезеңі: топтық жиын

Шаттық шеңбері: Сәлеметсің бе, Алтын күн!
Сәлеметсің бе, Жер ана!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, достарым!
Сендерді көргеніме қуаныштымын!
-Балалар, сендерді осындай кең, жарық бөлмеде көріп, кездесіп тұрғаныма сондай қуаныштымын,Сол қунышымды, алақанымның жылуын, жайдары күлкімді бәріңе сыйлағым келіп тұр.

Ғажайып сәт: Есік соғылып ішке күшік пен мысықай кіреді.Екеуіде жарақаттанған.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме? Келіңіздер, төрлеңіздер.
- Балалар, бұл нелер бізге қонаққа келген? (балалардың жауабы)
- Сендерге не болған? (күшік пен мысықай жауап бермейді )
- Жарайды, айтуға көңілдерің болмай тұрған сияқты. Ендеше
мына орындыққа отырыңдар. Мүмкін біздің балаларымызды тыңдағаннан кейін көңіл-күйлерің жақсарып, бізге не болғанын әңгімелеп берерсіңдер.
-Балалар күшік пен мысықайдың көңілдерін көтеру үшін олардың достары төлдердің суреттерін қарап, аттарын атайық.
Дидактикалық ойын: «Төлдерді ата» (слайд арқылы өткізу)
-Балалар мысықай мен күшіктің көңілдері кішкене көтеріліп қалған сияқты, әрі қарай көңілдендіру үшін мүмкін тақпақтар айтып берерміз. Кәне кім айтып береді?
Балалар төлдер туралы тақпақтарын оқиды.
Тәрбиеші: - өте тамаша, балалар келіңдер ортаға кішкене сергіп алайық.
Сергіту сәті : «Көлеңке»
Көлбең, көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем,
«Мысық» қалай жүреді? Кім көрсете біледі?
«Мысық» былай жүреді көлеңкемде біледі
Көлбең, көлбең, көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем,
«Күшік» қалай үреді? Кім көрсете біледі?
«Күшік» былай үреді, көлеңкем де біледі.
Тәрбиеші: - Мысықай, күшік көңілдерің көтерілген сияқты, енді айтарсыңдар сендермен не болғанын?
Күшік пен мысық: - Жарайды, біз далада ойнап жүрген балаларды көріп, олармен бірге ойнағымыз келіп, қастарына барғанбыз. Ал олар болса, бізбен ойнап жүріп, біресе құлағымызды бұрады, біресе құйрығымыздан тартты, қатты жұлмалап, жұлқылады, күшіктің құлағын қатты бұрап ауыртып жіберген сонша, ол байқаусызда балалардың біреуін тістеп алды, олар бізге тас лақтырып қуа бастады, әзер қашып құтылдық.
Тәрбиеші: - Балалар , ол балалардың бұл қылықтары дұрыс болды ма? Неге олай ойласыңдар? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: - Ит, мысықтың құйрығынан тартуға, құлақтарын бұрауға, олардың көздерін шұқуға, жүнінен тартқылауға болады ма?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: - Әрине, болмайды. Біріншіден олар өздерін қорғау үшін сендерді тістеп немесе тырнап алуы мүмкін.Екіншіден сендер оларды да жарақаттап қоюларың мүмкін.
- Сонымен қатар балалар далада немесе көшеде бөтен ит,
күшік мысықтың қасына баруға, оларға қолдарыңды созуға, оларды сипауға болмайды, олар сендерді танымайтын болғандықтан сендерді тістеп не тырнап алулары мүмкін, сондықтан абай болыңдар!Естеріңде болсын балалар тамақ ішіп жатқан ит, мысықтыңда қасына жақындап баруға болмайды,олар оз тамақтарын, кеміріп жатқан сүйектерін қызғанады, өзінің асын қызғанып шабуыл жасап, тістеп, тырнап алулары мүмкін.Жануарлармен қарым қатнас жасағанда үнемі сақ болуларың керек.
- Балалар, сендерге қызықты ойын дайындадым, мен сендерге
Суреттер көрсетемін, ал сендер ондағы әрекеттерді жасауға бола ма, әлде болмай ма? Соны тауып айтасыңдар.
Д/О: «Бола ма, болмай ма?»
- Бәрекелді балалар! Өте тамаша! Ал енді сендер
өздеріңді көршілеріміз мысықаймен, күшікпен қалай қарым-қатнас жасау керектігін үйрендіңдер, сақтық ережелерімен таныстыңдар. Ендеше мысықай мен күшіктің жарақаттарын емдеп, аналарына қайтуға көмектесейік.
Ойын; «Емхана»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Әлеуметтік орта», «Қатнас»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру», «Тіл дамыту»
Тақырыбы: « Күшік пен мысықай – біздің көршіміз»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Бізбен бірге тұратын үй жанурларының жағдайын бақылауға үйрету. Үй жануарларымен өзін ұстау ережелерімен таныстыру. Үй жануарларына адамның қандай қатнасы болу керек екендігін түсіндіру . Жануарларға қамқорлық қарым-қатнасын, оларға қамқор болу ықыласын тәрбиелеу. Табиғатта қауіпсіз жүріс-тұрыстың қарапайым дағдыларын дамыту.
Ұйымдастыру
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Баланың іс-әрекеттері
мотивациялық
козғаушылық
Топтық жиын.
Шаттық шеңбері
Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан, таза ауаң үшін рахмет!
Ағаш көлеңкең үшін рахмет!

Ғажайып сәт:
Есік соғылып ішке жарақаттанған мысықай мен күшік кіреді. Көңіл – күйлері жабырқау,қойылған сұраққа жауап бермей үнсіз тұрады.
Тәрбиеші оларды төрлетулерін өтініп,
қонақ болуға шақырады.
Балалар шаттық шеңберге тұрып бір – біріне қарап жаттығуды қайталайды.

Балалардың кызығушылықтары артады, келген қонақтардың көңіл-күйлерін көтеруге, олармен не болғанын білуге ынталанады.
Ұйымдастыру-
Іздестіру


Дид. ойын «Төлдерді ата!» слайд бойынша жұмыс, төлдерді атау, оларды сипаттау.

Келген қонақтардың көңілін көтеру үшін төлдер туралы білетін тақпақтарын айтуды ұсыну

Сергіту сәті «Көлеңке»


Ұсынылған суреттер
бойынша төлдерді
атайды.

Төлдер туралы
тақпақтарын айтады.

Өлең сөзіне сәйкес
Қимылдар жасайды.



Күшік пен мысықайдың көңілдері көтеріліп, өздерімен болған оқиғаны әңгімелейді.

Сұрақ- жауап

Жануарлармен қарым-қатнас жасауда өздерін қалай ұстау керектігі туралы қарапайым ережелермен таныстыру.

Дид. ойын «Бола ма, әлде болмай ма?» слайд арқылы бекіту. Сурет бойынша жұмыс. Балалар мұқият тыңдап, аяушылық сезімдері оянады

Сұрақтарға жауап беруге ынталанады.

Қарапайым ережелермен танысады.

Суреттер бойынша теріс немесе дұрыс іс әрекеттерді ажыратып атайды.
Рефлексифті
түзетушілік
Мысықай мен күшіктің жарақаттарын емдеп, оларға аналарына оралуға көмектесуді ұсыну.

Ойын «Емхана»
Көмектесуге әрекеттенеді, олрға деген қамқорлық сезімдері оянады.

Ұжымда бірлесіп ойнауға ұмтылады.

\ Күтілетін нәтижелер:
Білуі керек: Төлдерді атау

Игерді: болады, болмайды түсініктерін

Меңгерді: Жануарлармен қарым-қатнаста қарапайым сақтық ережелерін сақтауды.

№16 «дюймовочка» балабақшасы

ІІ-ші сәбилер тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттінің технологиялық
картасы

Білім саласы: « Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Күшік пен мысықай- біздің көршіміз»

Өткізген: Шалтақова.Э.Ж


Атырау-2012жыл

№16 «дюймовочка» балабақшасы

ІІ-ші сәбилер тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттінің конспектісі

Білім саласы: « Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Күшік пен мысықай- біздің көршіміз»
Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 11106 | Загрузок: 310 | Рейтинг: 2.1/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]