Главная » Файлы » Балабақша » Балабақшадағы ашық сабақтар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

"туған күнге арналған тәтті тоқаштар"
[ Скачать с сервера (6.06Mb) ] Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 08.12.2012, 21:05
« Туған күнге арналған тәтті тоқаштар»
А. Шангреева, №11 «Балдырған» балабақшасының «Өзін-өзі тану» пән жетекшісі.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
Мақсаты:
Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру.
Тәрбелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.

Сабақтың барысы:
Балалар әуенмен топқа кіріп жарты шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші: - Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасайық.
Балалар:
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басығой
Ал қанекей бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
Тәрбиеші: - Айналамызға қарайықшы топтың іші әдемі безендірілген. Сіздерде әдемі болып күндегіден ерекше киініп алғансыңдар! Үстеріңе қандай киім кидіңіздер?
Балалар: - Аспазшы киімі.
Тәрбиеші: - Бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз ерекше болғалы тұр . Қанекей сабағымызды бастамас бұрын біз көтеріңкі көңіл күймен бір-бірімізге шаттық шеңбер арқылы жылы лебізімізді білдірейік.
Балалар: «Шаттық шеңбері»
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз бәрімізде біргеміз!

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, олай болса бүгінгі оқу іс әрекетімізді бастайық . Мен сіздерге сұрақтар қоямын сіздер мұқият тыңдап тез-тез жауап беріңіздер.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар және қандай?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Балалар осы көктем мезгілінің сәуір айында біздің Алихан мен Нұршаттың туған күндері бар екен. Олар беске толады екен. Білесіздер ме, туған күн қалай атап өтіледі?
(балалардың жауаптары)
- Қараңдаршы бізге Нұршаттың пен Алиханның мамасы көп тәттілер алып келіпті. Түс мезгілінде біз туған күн иелеріне тілектер айтып туған күнді атап өтеміз.
- Балалар білесіздер ме бұл нан, тоқаш, печение, тортар барлығы неден жасалады?
Балалар : - Ұннан.
Тәрбиеші: - Балалар есімізге түсірейікші күз мезгілінде біз «нан қайдан шығады?» атты тақырыпта ертегі оқыдық.
Слайд 1 : Егін, бидай, комбайын, ұн, наубайхан, дүкенші суреттері көрсетіледі.
(Балалар ертегіні естеріне түсіріп сурет арқылы әңгімелеп береді.)
Тәрбиеші : - Өте жақсы балалар, ертегіні ұмытпапсыңдар. Нан бізге көп еңбек арқылы келеді екен. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп бекер айтылмаған.
- Балалар бүгін мен сіздерге «Арсен және оның достары» атты әңгіме айтып бемекшімін. Мұқият тыңдап, қарап отырыңдар.

Слайд 2 . Әңгіме: «Арсен және оның достары»

«Бір күні Арсен дүкен сөрелеріндегі көптеген тәттілерді көріп қызығып кетіп, тәттілер пісіретін аспазшы болуды армандапты. Ол достарын ертіп дүкеншіден бұл тәттілерді қайда жасалатынын сұрайды. Арсен достарымен бірге тәттілер пісіретін кондитер аспазшыларға келіп, жұмыстарын қарауға рұқсат сұрайды. Ол жердегі аспазшы апайлар қуана –қуана балаларды қарсы алып, оларға тоқашты қалай пісіретінін айтып көрсетеді. Арсен достарымен бірге өз қолдарымен қамырдан тоқаштар жасап үйренеді. Аспазшы апай ұнға май, жұмыртқа, шекер, сүт қосатындарын айтады. Балалар қызыға азпазшы апаймен бірге тасбақа пішінінде тоқаш пісіріп мәз болады. Арсен бұл тәттілер оңай жасалмайтынын ұғады.»
Слайдпен суреттер арқылы әңгімелеу.

Тәрбиеші: Балалар Арсеннің әңгімесі сіздерге ұнадыма?
- Арсен дүкенде не көрді?
- Оған қандай ой келді?
- Ол қайда барды?
- Балалар сіздерде өз қолдарыңмен тәтті тоқаш жасағыларың келеме?
- Олай болса біздің туған күн иелеріне тоқаш пісіріп сыйлық жасайық .
Сергіту сәті: ӘН « Біз көңілді аспазшымыз»
Тәрбиеші: - Балалар мен мына қамырға май салып, сүт қосып, шекер салып илеп дайындап қойдым, сіздер дайын тұрған қамырдан өздерің ұнаған пішінде тоқаштар жасайсыңдар.

(Балалар берілген орындарына барып әр түрлі пішіндерді бастыру әдісімен тоқаштар жасайды)
Тәрбиеші: - Балалар жұмыстарыңызды болсаңдар, енді бұл дайын болған тоқашты біз пешке салып пісіріп алуымыз керек еді. Бізде пеш жоқ сондықтан мен қазір балабақша асханасына телефон соғып, біздің тоқаштарды пісіріп беруін сұрайын.
- «Ало, Сәлеметсізбе! Бұл балабақша асханасы ма? Мен №14 «Айгөлек» тобының тәрбиешісімін. Біздің балалар туған күнге арнап тоқаштар жасаған еді, біздің тоқаштарды пешіңізге салып пісіріп бересіз бе?. Жақсы, рахмет!»
- Балалар аспазшы апай жарайды алып келіңіз деді. Көмекші апай бізге көмектесіп асханаға апарып береді. Ал біз, тоқаштар пісіп келгенше біз өз білгендерімізді ортаға салайық.
- Балалар біз не жасадық?
- Тоқаш неден жасалады?
- Нан туралы тақпақтар білесіздерме?
Тақпақтар. Мадиар, Алихан, Махаткир, Ақниет.
Нан болса ойнап күлеміз,
Нан болса еркін жүреміз.
Нан-қасиет, нан-берек, нан-мереке.

О, адамдар, айтарым бар,
Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар.
Әні ешкім жазбаған дастан бар
Өтініп сұрайымын.
Ана-бол, дана-бол, бала-бол,
Нанды баспаңдар!

«Еңбектің наны тәтті – жалқаудың жаны тәтті»
Егін елді жинайды ,
Қырманға деп қоймайды.
Біздің дала той дала
Алтын астық айнала.

(Телефон шырылдайды)
Тәрбиеші: - Балалар бұл азпасшы апай ғой. " Ало, ия-ия тыңдап тұрмын."
Телефоннан дауыс естіледі: - "Бұл 14 «Айгөлек» тобы ма , сіздердің тоқаштарыңыз пісті. Мен қазір беріп жіберемін. Балалар өте жақсы дәмді жасапты. Ас болсын!
Тәрбиеші: - Ой рахмет . Сау болыңыз!
Балалар тоқаштарда пісіп қалыпты қазір беріп жіберемін деді.

Сол кезде шаттық әуенмен Қолында тәтті тоқаштар бар Сайқымазақ кіріп келеді. Балалармен амандасады.
Сайқымазақ: - Сәлеметсіздер ме, балалар, жаңа мен мына тәтті тоқаштардың исін алыстан сезіп балабақшаға келсем бұл тоқаштар сіздердің жасағандарыңды айтып , маған апарып беруімді сұрады. Бұл ненің құрметіне жасалған тоқаштар? Исін-ай өзінің керемет екен (таңданып искеп, басын шайқайды)
- Бұл тоқаштарды қалай жасадыңдар?
- Кімнің туылған күні?
Тәрбиеші: - Біздің балалардың туған күн туралы тақпақтарын тыңдаңыз.
Алихан: Төрт жаста едім бұрын
«Бестесің » - деді бүгін
Туған күнім бола берсе
Үйге достар тола берсе.
Нұршат: Туған күнім менің бүгін
Күліп жүрмін, күліп жүрмін.
Достар түгел келіп жатыр
Сыйлық әкеліп беріп жатыр.
Нұржайна: Қандай жақсы туған күнің болғаны
Әр жыл сайын 1-жасқа адам толғаны
Көк төсінде жұлдызымыз жайнайды,
Көңіліміз көтеріңкі жайдарлы.
Динара: «Сенің туған күніңде»
Өлең жаттап келеміз, би де билеп береміз
Гүл сыйлаймыз бәріміз, айтқаныңа көнеміз
Бақшаға біз барамыз, кітап сатып аламыз
Сенің туған күніңде , қосылып ән саламыз.
Сайқымазақ: Өте тамаша, ал туған күн сыйлықсыз және тортсыз болмайды, олай болса көздерімізді жұмып қолымызды соғайық.
(Фан-фар әуенімен топқа торт алып келінеді. Туған күн иелеріне шамды үргізеді. құттықтайды)

- Балала туған күн бисіз, әнсіз болмайды қанекей барлығымыз билейік.
(Әртүрлі әуенде билейді. Балаларға тілек айтып қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: - Балалар біз дайындаған тоқаштарды қонақтарға ұсынайық.
(Балалар тәтті тоқаштарды қонақтарға ұсынады, барлығы бірге «Ас болсын» айтады)
- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сіздерге ұнады ма?
- Олай болса бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Автор: Айнура 
Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 22492 | Загрузок: 936 | Рейтинг: 3.1/12
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]