Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Сүйікті цирк
[ Скачать с сервера (13.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
16.11.2016, 10:53

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

«Думан» балабақшасы  тәрбиеші:  Култаева Мөлдір.

 

Білім беру саласы: Денсаулық

Білім көзі :Дене шынықтыру

Тақырыбы.Сүйікті цирк

Мақсаты : Тәрбиешінің нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындауды, бір қатармен жүру мен жүгіруді үйрету;

Ұсақ қол қиимылдарын , денлерін игеру икемділіктерін, ептіліктерін , төрттағандар еңбектеу дағдыларын дамыту;

Қажетті құрал –жабдықтары;таспалар , ұзын ұстел , тесіктау:

Топқа сиқыршы киімін киген бала кіреді:

-Мен Сиқыршымын. Сендермен достасқым келеді.Менің өнерімді көру үшін менімен бірге циркке жүріңдер.

Балалар:-Ия.

Тәрбиеші:Қош келдің Сиқыршы! Балалар сендер  цирк не екенін білесіңдер ма? Циркте кім өнер көрсетеді?

Балалар:Ия ,білеміз.Циркте арыстандар , пілдер, маймылдар , жыландар,аттар өнер көрсетеді.

Жылдам аяқ  басайық,

Жүр, циркке  барайық.

Соғылды әне  қоңырау,

Кешігіп  біз қалмайық.

Арыстандар , дәу пілдер,

Ойнап ,бізді күлдірер.

 

Көңілденіп  қайтайық,

Бәрің бірге  жүріңдер

Тәрбиеші: Сиқыршымен бірге циркке барамыз жүріңдер.

Балаларды қатарға тұрғызады.Бүгін цирктегі жануарларға ұқсап жаттығу жасайтынын айтады.

 

Сиқыршы қағаздан сиқырмен лентаны шығарады.

-Мен сендерге өнерімді көрсеттім .Енді сендер маған өз өнерлеріңді көрсетіңдерші.

Балалар қатарда тұрып  жалпы дамыту жаттығу үшін қолдарына таспаны алады.

1.өкше түйісірілген, таспалар төмен түсірілген қолда.Таспаларды жоғары  көтеру, ары-бері бұлғау ,төмен түсіру.

2.Таспалар  йық тұсындағы екі қолда. Отыру ,таяқшаны  еденге ұру, тұру, бастапқы қалыпқа қайту.

3.Отыру ,аяқ бірге , таспаның екі ұшынан екі қолмен ұстау.Алға еңкею, тқзені бүкпей таспаны аяқ ұшына қою.

Сиқыршы: Жарайсыңдар !Өнерлі екенсіңдер .Енді менің досым арыстанды ортаға шақырамыз .Арыстандар өте мықты , тез секіретін  жыртқыш.Ол да циркте өнер көрсетеді.

Музыкамен арыстан шығады.

-Мен арыстанмын. Мен сияқты мықты болғыларың келе ма?

Онда менің артымнан қайталаңдар!!!

1.Ұзын үстелдің үстімен өтіп , дөңгелек тесіктаудың ішімен өтеді.

Арыстан артынан балалар өтеді.

Арыстан;-Жарайсыңдар балалар!Өте епті екенсіңдер.

Сиқыршы:Ал ,балалар мен сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр .Менің циркте арыстаннан басқа екі маймыл досым бар .Осылармен ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар ?

Ортаға маймыл киімін киген екі қыз шығады:

Ұқсап маймыл балаға,

Жаттығып жүр далада.

Оң аяқпен –топ,топ,топ ,

Сол аяқпен –топ,топ ,топ.

Тым жоғары ,жоғары ,

Созылады қолдары.

Қол тигізіп еденге ,

Еңкейеді төменге.

Талай жерді шарлайды,

Кешке қарай шаршайды.

Орнына кеп жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!Менәң достарым ұнады ма? Онда тағы циркке келіп өнерімізді көріп тұрыңдар.Ал қазір мен достарымен басқа  балаларға баруым керек. Сау болыңдар !

Тәрбиеші; Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді ?

Қандай жаттығулар ұнады?

Балаларды мадақтап .оку іс-әрекетін аяқтаймыз.

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 3617 | Загрузок: 46 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]