Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ақ тиін мен қасқырертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу (кіріктірілген сабақ)
[ Скачать с сервера (16.1 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
03.03.2014, 08:14
Ақсу қаласының 20 балабақшасы КМКҚ
Лауазымы: әдіскер
Жұмыс өтілі: 25 жыл
Санаты: І
Топ:естияр
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі :Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу (кіріктірілген сабақ)
Мақсаты : Балалардың сөздік қорын молайту.
Міндеттері:
1. Ертегі мазмұнын көрнекті құралдарды қолдана отырып, әңгімелеп беруге үйрету.
2.Логикалық біртінділік түрінде ертегіні жүйелі құру біліктерін бекіту, жабайы аңдардың мінез-құлқын ажырата білуде пиктограмманы қолдану, сөздер мен сөз тіркестерін тіл ішінде белсендендіру.
3.Балалардың есте сақтау,көру, зейіннің тұрақтылығын қалыптастыру, көрнекі әрекеттілік ойлауын дамыту, бейнелер мен таныс символ белгілерін құра білуге үйрету, жануарларға деген жағымды көзқарасқа тәрбиелеу, оларға қамқор болуға үйрету, жануарларды аялауға үйрету
4.Балалардың саусақ ұшы қимылын дамыту:шымшу,есу әдістеріне баулу, ермексаздан тиіннің бейнесін мүсіндеп шығаруын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар:
Теледидар, мнемосызбалар (символдармен), бала санына байланысты конверттер (І-конвертте көк шаршының белгісі бар, ішінде ертегі желісінің қиылған 4 бөліктері бар), жолақша (қызыл дөңгелек белгісі бар, ертегіде кездесетін кейіпкерлердің қиынды суреттерін салады және төменгі жағына осы кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелейтін түстер бар ), ертегі желісіне байланысты үлкен мазмұнды сурет,жаңғақ пен сәбіздің суреті, таратпалы материалдар, себет, грек жаңғақтары, тиін ойыншығы, мұнара, ермексаз, таяқша, сүлгі, су, тақтайша.
Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 12155 | Загрузок: 588 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.3/82
Всего комментариев: 1
1 ажара  
рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]