Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Шұбар тауық ертегісі


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
19.02.2016, 13:21
Тақырыбы: "Шұбар тауық"ертегісі

Мақсаты: Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бірінің - бірі жауабын тыңдауға, өз - өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу. Белсенді сөздік қорларын, дамыту
1. Шаттық шеңбер:«Көңілді күн»
2. Ертегі: «Шұбар тауық»үш тілде (қазақша,орысша,ағылшын тілінде )
Шұбар тауық ертегісі (қуыршақ театры арқылы)
Автор: Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты.
Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар?
Автор: Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты.
Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін.
Автор: Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды.
Шұбар тауық: Ата, әже жыламаңыздар! Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін.
Автор: Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді

Сказка «Курочка Ряба» мультимедиялық тақтада
Жили-были дед да баба. И была у них Курочка Ряба.
Снесла курочка яичко, да не простое - золотое.
Дед бил - не разбил.
Баба била - не разбила.
А мышка бежала, хвостиком махнула, яичко упало и разбилось.
Плачет дед, плачет баба и говорит им Курочка Ряба:
- Не плачь, дед, не плачь, баба: снесу вам новое яичко не золотое, а простое!
3. Сөздік ойын: « Кім тез жауап береді?»
(Ертегі желісі бойынша сұрақтар беру)
- Қандай ертегі көрдіңдер? (Шұбар тауық)
- Шұбар тауық кімдердің үйінде тұрды? (Ата мен әженің үйінде тұрды)
- Шұбар тауық ата мен әжеге қандай жұмыртқа туып берді? (Алтын жұмыртқа)
- Жұмыртқаны не жарды? (Тышқан)
- Тышқан жұмыртқаны қалай жарды? (Құйрығымен қағып кетті)
4. Психологиялық гимнастика: «Көңіл - күй»
- Ата мен әже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңданды? (Таңдану)
- Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді (Көңілсіз)
- Жай жұмыртқа туып бергенде қалай қуанды? (Қуану)
Қыт - қыттап Шұбар тауық келеді
Шұбар тауық: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, қыт - қыт - қыт.
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Шұбар тауық: - Мені таныдыңдар ма?
Балалар: - Иә, таныдық, Шұбар тауықсың.
Шұбар тауық: - Мен сендерге ойындар әкелдім. Егер ойындарды дұрыс ойнасаңдар, менің мына жұмыртқаларым ашылады.
Тіл дамыту жетекшісі: - Шұбар тауық, біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.
5. Дидактикалық ойын: «Суретті ретімен қойып, әңгімеле»
(«Шұбар тауық» ертегісін Монтессори әдісі бойынша бейнеленген суреттерді ретімен қойып, әңгімелеп береді)

Тіл дамыту жетекшісі: (жұмыртқаны қолына алып ) – Ой, балалар, мына жұмыртқадан бір дауыс шығады – деп қолына алады. (Ішінен шиқылдап, балапан шығады)

Балалар: - Балапан. (балалар таңданады)
Шұбар тауық қыт - қыттап рахмет айтады.

Дидактикалық ойын: «Неше балапан, неше жұмыртқа»(санау)
- Шұбар тауық: - Жарайсыңдар, балалар, жұмыртқаларымды ашуға көмектескендеріңе рахмет!
- Балалар: - Шұбар тауықпен бірге, ән айтып,би билейік.
Ән «Шөжелерім» (музыкамен)
Шеп - шеп шеп - шеп шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер жем беремін,
Дәнге толы алақаным.

Шұбар тауық: - Балалар, сендермен өте көңілді болды. Мен сендерге сыйлық ала келдім.Мені атаммен әжем іздеп жүрген болар, мен енді үйге қайтайын, сау болыңдар балалар.
Тіл дамыту жетекшісі: Рахмет саған,Шұбар тауық.Ал, балалар бізде тобымызға қайтып ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімізбен бөлісейік.
Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 15383 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.7/15
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]