Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Сиқырлы су
[ Скачать с сервера (19.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
11.04.2015, 06:35

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

 

Күні     

Тобы ересектер  

Білім беру салалары таным

Бөлімдері  қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы Сиқырлы су 

Мақсаты: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (дәмі, түсі, иісі), судың жердегі тірізатқа маңыздылығын нақтылау. Балалардың қызығушылығын, тілінің дамуы мен ойлау қабілетін,  мына белсенді  сөздерді сөздік құрамына қосу: түссіз, дәмсіз, мөлдір, тұнық.

Сабақты өткізу әдісі:

  1. Ойын: ойын кейіпкерін енгізу «тамшы»
  2. Практикалық: Іс-тәжірибие
  3. Сөздік: Балалармен әңгімелесу, тәрбиешінің түсіндіруі, іздену сұрақтары

Құралдар  Пластмассалық стақандар, сүт, шырын, су, лимон бөлімдері, түрлі түсті смайликтер(әр балаға жеке беру)

Адамдардың жан- жануарлардың сумен және су ішіндегі суреттері.    

 

Сөздік жұмысы:  түссіз, дәмсіз, мөлдір, тұнық.

 

Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Қызығушылықтарын ояту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылулық шеңбері:

Армысың, ардақты Аспан-ата!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Қуанатын күн бүгін!

Балалар бүгін бізге қонақтар келді қанекей олармен амандасайық

.

 

Балалар қимыл-қозғалыс жасай отырып, бірге айтады.

 

 

 

Балалар қонақтармен амандасады.

Ізденіс және ұйымдастыру әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңбырдың дауысы шығады.

Тәрбиеші бір тамшыны топтан тауып алады.

Ой балалар қараңдаршы мен не тауып алдым.

Ол бізге қонаққа келіпті.

Бірақ өзі неге сондай көңілсіз екен?

Ал өзінің неге көңілсіз екенін тыңдайық.

Балалар мен жақында ғана туылдым. Бірақ мен өзім туралы ештеме білмейді екенмін. Сондықтан менің көңіл күйім жоқ.

Сендер сондай ақылды, білімді балаларсыңдарғой  мүмкін  мен жайлы білітін боларсыңдар.

-Балалар тамшы неден құралады?

-Жарайсыңдар

-Ал суды қайда кездестіруге болады?

Балалар! Тамшы сендерден су кімдерге және не үшін керек екендігін сұрап отыр

(суреттерді көрсету)

Ия балалар сусыз өмір тіршілік жоқ. Сендер дұрыс айтасыңдар: өсімдіктерге де су керек, оларды үнемі суғарып тұру керек  өйткені олар сусыз өліп қалуы мүмкін. Ал адамдарға су тамақ істеуге, жуынуға, ішуге керек. Ешқандай тірі зат сусыз өмір сүре алмайды.

Балалар! Сендер білісіңдерме судың сиқырлы қасиеттері бар: онымен ойнауға, түрлі іс тәжірибиелермен сиқырлар көрсетуге болады. Ол үшін біз зертханаға барып зертханалық жұмыс жүргіземіз.

Балалар! Қараңдаршы біздің столымыздың үстінде стакандар тұр кез келген стаканға су құйып ішіңдер дәмі қандай?

Ал енді қант салып араластырып ішіп көріңдер. Дәмі қандай?

Тұз араластырып жай тілдеріңді тигізіп көріңдерші. Дәмі өзгерді ме?

Қане енді қортындылайық таза судың дәмі боладыма?

Қай кезде дәмі өзгереді?

Суға басқа зат қосқанда дәмі өзгереді.

 Ал иісі болады ма? Стакандағы суды иіскеп көріңдерші. Иісі барма?

 Яғни таза судың иісі болмайды.

Қазір сендердің стакадарыңа бірдеме саламын ал сендер оның не екенін анықтаңдар.

Ия балалар бұл сарымсақ оны біз суға араластырғанда не өзгерді? Дұрыс айтасыңдар иісі өзгерді.

Таза суымыздың иісі барма еді?

Яғни тағы қандай шешім шығарсақ болады?

Енді таза суы бар стаканның ішіне тасты және қасықтарыңды салып көріңдерші қасықпен тас көріне ме? Суымыздың түсі қандай екен?

Таза су түссіз болады екен. Ал енді осы суға бояғыш араластырып көреміз. Алдарыңдағы бояғышты қылқаламмен суға араластырайық енді жанағы салған таспен қасыққа қараңдар көрінеді ме?

Олай болса қалай айтамыз судың өзінің түсі болмайды, таза суға бояғыш қосқанда ғана түсі өзгереді.

 Сергіту сәті

Күн болып жанайық

Су болып ағайық

Терең-терең демалып

Жүгіріп жүгіріп алайық

 

 

 

Балалар жаңбырдың жауып жатқанын айтады.

 

Балалар тамшыға таң қала қарайды.

 

Балалар тамшының неге көңісіз екенін ойланады.

 

Балалар тамшының сөзін мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өз көңілдерін білдіреді.

 

Тамшы судан құралады.

 

 

Өзендерде, көлдерде, уйдегі кранда ағып тұрады, аквариумде.

Адамдардың,

жан жануарлардың, өсімдіктердің бәріне керек. Тамақ істеуге, ішуге, жуынуға,т.б

 

 

 

Балалар орындықта отырып тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тәрбиешінің сөзін тыңдайды.

 

 

 

Балалар алжапқыштарын киіп зертханаға барады.

Стакадағы суды ішіп оның дәмі жоқ екенін айтады.

 

Судың дәмі тәтті болды.

 

 

Ал енді судың дәмі тұзшы.

 

 

Таза судың дәмі жоқ.

 

 

Таза суға басқа зат араластырғанда дәмі өзгереді.

Балалар суды иіскеп оның иісі болмайтындығын айтады.

 

Судан сарымсақтың иісі шығып тұр.

 

 

 

 

Иіссіз судан сарымсақтың иісі шығады

 

Ол судың өзінің иісі болмайды оған басқа зат араластырғанда иіс пайда болады.

 

Ия көрінеді.

 

 

 

Түссіз

 

 

Балалар суға бояғыш салып араластырады.

 

 

 

 

 

Жоқ көрінбейді

 

Судың өзінің түсі болмайды

 

 

 

 

Балалар қимыл қозғалыс арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексифтік әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды сұрақтар

Көңілді тамшыны көрсету. Ол енді өзі жайлы көп мәлімет беріп көңілденді. Сендерге үлкен рахмет айтып мынадай тамшылырды силыққа әкеді.

Білсін мұны балалар, 
Сусыз құрғақ далалар. 
Сусыз қараң қалалар, 
Ескертеміз бар ұлға, 
Ескертеміз бар қызға 
Суды босқа ағызба.

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тамшының берген силығына рахмет ретінде тақпақ айтып береді.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Меңгеруі  : Балаларды судың қасиеттері (дәмі, түсі, иісі), судың жердегі тірізатқа маңыздылығын 

 

 

Орындай алуы.  тілінің дамуы мен ойлау қабілеті. Тәжірибие жасап қортындылай алады

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 11221 | Загрузок: 154 | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]