Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Тоқаш. Шығармашылық. Таным.


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
16.11.2015, 19:15

Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Тоқаш
мақсаты: балаларды мүсіндеудің жаңа материалы – ашыған қамырмен таныстыру; екі қолмен домалақ шар жасауды үйрету; мүсіндеудің, екі алақанмен жұмыс істеуден басқа, жаңа әдіс – тәсілдерін жұдырықтармен жұмыс істеу, саусақтардың ұшымен басып тереңдету әдістерін меңгерту; сондай- ақ мүсіндеудің джомалақтау, илеу тәрізді тәсілдерін үйрету; баларға халқымыздың қонақжайлылығы туралы қысқаша мәлімет беру және ойын арқылы бала қиялын дамыту; оларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажеті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: тандырға пісірілген тоқашты суреті бар демонстрациялық көрнекілітер, дайын ашытылған қамыр, тақтайша, нан кесуге арналған құрал, тұғырық, алжапқыш, оқтау, үлестірмелі материалдар.
Алдын – ала жүргізілген жұмыс: дастарқан туралы суретті кітапшаларды қарау.
Сөздік жұмыс: қамыр.
Билигвалды компонент: тоқаш – булочка.

Ғажайып сәт
қолында піскен 3 – 4 тоқашы бар педагог топқа кіреді. Бүгінгі оқу іс – әрекетінің өзгеше екенін айтады. Мүсіндеуде ермексазды пайдаланбай, ашыған қамырдан томпақ тоқаш мүсіндейтіндерін хабарлайды.
Сөздік жұмыс: қамыр.

Билингвалды компонент:
тоқаш – булочка.
- Балалар, бүгін бізге түскі асқа томпақ тоқаштар әкелген екен, көлеміне, түсіне, иісіне, дәміне мұқият қараңдар.
Педагог балалрдың ойлануына түрткі салады.
- Балалар, осындай дәмді томпақ тоқашты қалай, неден мүсіндеуге болады?
- Ермексаздан, сазбалшықтар жасалған томпақ тоқашты жей аламыз ба?
- Балалар, бүгінгі сабағымызда «ашыған қамырдан» томпақ тоқаштар мүсіндейтін боламыз. Тақтайдың үстіндегі ашыған қамырды шымшып үзіп алу әдісімен орташа бөлшектерге бөліп, жұдырықпен илеп, алақан арасына салып домалақтаймыз. Тақтай бетіне жалпақтап, қамыр бетіне саусақпен басып өрнек саламыз.
- Енді дайын болған томпақ тоқаштарды асханаға пісіруге апарамыз.

Педагог асханадан балалрдың өздері мүсіндеген томпақ тоқаштарын әкеледі.

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 5995 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.9/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]