Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жабайы аңдар
[ Скачать с сервера (15.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар]
02.02.2015, 19:05

Тақырыбы : Жабайы аңдар.
Мақсаты:
1. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.
2. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
3. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт.
Қайырлы күн, Жер-ана,
Қайырлы күн, көк аспан.
Қайырлы күн, достар,
Қайырлы күн, ұстаздар,
Сәлеметсіздер ме?

Жаңа сөздер: бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. үй жануарларға не жатады?
2. неліктен үй жануарлары деймыз?
3. үй жануарлдың дауыстарын салдыру?
4. Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
5.Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады?
6. үй тапсырмасын қорытындылау?
Балалардан тақпақтарын сұрап өту.
Бөрте лақ
Шөре-шөре лағым,
Теңтек болма, шырағым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағын.

Ботақаным бөбегім
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің желбіреп
Қарасам, көз тоймайды.

Әукім-әукім, әукешім!
Қасйыншы әукесін.
Енең, әне, келеді,
Ақ мамасын береді.

Құлыншағым-құндызым,
Құлдырайды шабады
Жылтындаған жұлдызым
Құстай қанат қағады

ІІІ. Сергіту сәті.
Музыкамен іс қимылдарын көрсету.
ІV. Жаңа сабақ.
Жұмбақ арқылы сабақты таныстыру.
Өзі қу,
Жүрген жері айқай шу.
Кіріспе бөлім.
- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?
- Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
Балаларға жабайы аң - қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал - үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.
- Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?
- Қасқырдың баласы - бөлтірік. Қоянның баласы Түлкінің баласы - мыршай (жаутаң). Аюдың баласы - қонжық. Жолбарыстың баласы - шөнжік. Арыстанның баласы - абдан.
Ойын: «Ненің басы, ненің құйрығы»
Бұл ойында жануарлардын басын және құйрыған таптыру.

Негізгі бөлім.
1) Балаларға «тапқыр тышқан» ертегісін көрсету.
2) 1-ші топ. Ертегілердің кейіпкерлерін атап шық
2-ші топ. Ертегі кейіпкерлерін тауып,
жапсырмалау
3) Сөздік жұмыс
4) Бөлтірік – қасқыр баласы.
5) Мыршай – түлкі баласы.
6) Абдан – арыстанның аталуы.
1) Миығынан күлу – мысқылдап күлу, мазақтап күлу

Ойын қимыл-іс әрекетпен көрсету. «кім тапқыр»
Не жасырынып тұр соны табу.
• Жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқу.
1. Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине. (Кірпі)
2. Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. (Аю)
3. Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
4. Бұлаңдаған құйрығы -
Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)
Жануарлардың тіршілігін видеодан көрсету.
V. сабақты қортындылау.
1. жабайы жануарларға нелер жатады?
2. неліктен оларды жабайы жануарлар дейміз?
3. олар қайда өмір сүреді?

Категория: Балабақшадағы ашық сабақтар
Просмотров: 4858 | Загрузок: 137 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]