Главная » Файлы » Балабақша |
[ Скачать с сервера (24.9 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар] |
18.12.2015, 09:20 |
Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру, Жемістер туралы білімдерін бекіту. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұматтар беру. Дамытушылық: Қабылдауын, есте сақтау қабілеті, зейінін дамыту. Тәрбиелік: Достарына, туыстарына қамқорлық көрсетуге, бөлісе білуге тәрбиелеу. . Көрнекілік: Жемістердің суреті, мульяждар, қалта, және себетке салынған жемістер. Билингвизм: Жемістер-фрукты, алма-яблоко, жүзім-виноград, алмұрт-груша., слива-қара өрік. Тәрбиеші: Балаларды ортаға шаттық шеңберіне шақыру. Шаттық шеңбері. Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі «Күз-жомарт»- дейміз біз, Жемісін жейміз біз. Балалар орындарына отырады. - Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған? -Күздің бізге берер қандай сыйы бар? -Қандай жемістердің түрлерін білесіңдер?. -Алма, алмұрт, өрік , шие, шабдалыны не деп атаймыз ?-Жемістер -Жемістер қайда өседі ? -Ағашта -Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар Тәрбиеші: Балалар, жемістерді көбірек жеп тұру керек. Жемістердің құрамында көптеген дәрумендер болады,ол адамның деңсаулығына өте пайдалы. Алманың- құрамында су, қант қышқылы А-,В-1 ,В-2,В-6, С, Р, Р-шырын адам ағзасын ауыр металлдардан тазартуға, қан бұзылуын және жүрек аурын емдеуге көмектеседі. Ол терімен шырышты қабаттың қалыпты қалпын сақтайды, көру қабілетін жақсартады. Алмұртта-В-2, В-1, Е-С витаминдері бар. Имунитетті көтереді. Депрессиямен күреседі. Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Балалар жемістер туралы біраз мағлұматтар алдық, енді осы жемістердің орыс тілінде аудармасын айтып көрейік. Тәрбиеші : балаларға жемістердің салынған суретін көрсетіп оларды атап беруін сұрайды және орыс тілінде аудармасын тәрбиешімен бірге қайталайды. Алма-яблока, алмұрт-груша, жүзім –виноград, шабдалы-персик, өрік-урюк, қара-өрік-слива , жеміс-фрукты, құлпынай-клубника, ананас-ананас,шие-вишня. лимон. Түстері: қызыл-красный, сары-желтый, қара-черный, күлгін-фиолетовый. -Өте тамаша, балалар жарйсыңдар! Ғажайып сәт: -Осы кезде есік қағылып, қонақ келеді. -Тыңдаңдаршы, бізге біреу келіп тұр. -Қонаққа Майра апай келеді. (қолында себетке салынған жемістері бар) Майра апай сәлеметсізбе! Төрлетіңіз. Балалар Майра апаймен амандасады. Майра апай балаларға арнап жемістер әкелгенін айтады. Балалар жемістер жайлы тақпақтарын айтады. Тақпақтар:(әр бала жемістер киімінде).
Жанель: Іші толған шәрбәт, Дәмі қандай әйбәт. Үзесің бірден жүзін, Менің атым-(ЖҮЗІМ)
Нұрасыл: Пісетін кезі дәл күзде, Мезгілсіз оны ұзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі Менің атым- (ШАБДАЛЫ)
Жаннұр: Өрік,алма,шие.алшаө Жеміс-жидек піседі. Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз, Дүкендерге түседі.
Амина: Мен шиемін,шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Басымды төмен иемін.
Анель: Жапырақты тасалап, Өскен жері бақша-бақ. Күрең қызыл шіркін-ай, Оның аты – құлпынай.
Алуа: Жүзім пісті бір-бірлеп, Үзіп мәзбіз біз енді. Қоңырауы күмбірлеп Қыркүйекте күз келді.
Іңкәр: Алма кетті домалап Көше бойын жағалап. Кім алманы табады, Сол ойыннан шығады.
Нұрасыл: Жұлып едім жүзімді, Жүзі бірден үзілді. Жүзінде жеп қойыппын Өзім әбден тойыппын.
Сырым: Бір тістеп өзім алғанда Дәмі аузымда қалғанда Домалатып жеймін мен Күнде қызыл алмамды.
Ермек: Көктем келе бүрлеймін, Ең алдымен гүлдеймін Шілде болмай пісемін, Дастарханға түсемін.
Тәрбиеші :Балалар жемістер туралы тамаша тақпақтар айттыңдар, кәне ,енді ойын ойнап көрейік. Ойын: «Дәмін татып, не екенін тауып көр» Ойын шарты: Тәрбиеші жемістерді жуып бөліктерге бөліп, балаларға көздерін жұмуды ұсынып, кезекпен жемістердің бөліктерін ауыздарына салады. Сенің аузыңдағы не? Алма ма, әлде алмұрт па? Тауып көр. -Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Кір қолмен жемістерді ұстауға болмайды. Дидактикалық ойын «Ғажайып қалта» Шарты: Қалтаның ішінде әр түрлі жемістер бар .Қалтадағы жемістерді танып, атын және түсін , орыс тілінде аудармасын атап айту. -Жарайсыңдар, балалар! Ойынды жақсы ойнадыңдар. Сергіту сәті: (қимыл-қозғалыспен орындайды). J Алма, алма, көп алма, Қызыл, жасыл, көк алма Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық Майра апай : Балалар, мен сендерге арнайы бау-бақшадан жемістер жинап әкелдім келдім, дәмін татыңдар.Ал, балалар, мен енді қайтайын. Тамаша жемістер туралы тақпақ айттыңдар,қызықты ойын ойнадыңдар.Сендерге көп-көп рахмет. Сау болыңдар, балалар. Балалар Майра апаймен қоштасады. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрайды. Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітіп, оқу іс-әректін қорытындылайды..Бүгін бізге қонаққа кім келді? Алманың құрамында қандай дәрумендер бар екен? Қандай жемістермен таныстық? Балаларды мақтап, мадақтақтайды. Меңгереді: Жемістердің өзіне тән сипаттарын анықтай білді, және орыс тілінде аудармаларын. Түсінеді: Жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар екенін және денсаулыққа пайдалы екенін түсінді. Қолдануы: Жемістер туралы дидактикалық материал, Ғажайып қалта ойыны, дидактикалық ойын.,шаттық шеңбері, сергіту сәті.
Тәрбиеші : Касымжанова Айжан Муратовна.
| |
Просмотров: 37506 | Загрузок: 403 | |
Всего комментариев: 0 | |