Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

"Думан" балалабақшасы
[ Скачать с сервера (14.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ережелер]
05.11.2013, 08:22
Думан балабақшасы жайлы мәлімет

«Думан» балабақшасы.
А.Сапарова, «Думан» балабақшасының әдіскері
Қызылорда облысы,Шиелі ауданы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 2006 жылдың 1 наурызында «Қазақстан – өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында : «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» ,-деп атап көрсеткен болатын .Сондықтан , білім мен тәрбие саналы да ,сапалы болуы шарт.
Қазақстанның ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Баланың денсаулығын нығайту , кішіпейлдікке парасаттылыққа ,табиғатты аялай білуге үйрету мақсатында «Думан» балабақшасында жұмыс атқаруда.
2010 жылдың қараша айынан бастап Шиелі кентінде «Думан» балабақшасы ашылды. Балабақшада сағат 7 ден 18 дейін үш топ жұмыс істейді.Барлығы 75 бала .2012 жылы балабақша жаңа ғимаратқа көшті.Жаңа ғимарат кең әрі жарық.Топтар әсем де,эстетикалық талапқа сай безендіріліп , қазіргі заманғы техникалық құрал – жабдықтармен жабдықталған. Балалардың танымдық әрекетін ,шығармашылығын дамыту үшін ,барлық құрал- жабдықтар пайдалануға қолайлы жерде орналастырылған. Тәрбиешілер топтарда жайлы жағдай жасауға тырысады.Оқу жылының басында жылдық жоспар құрылады. Онда тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін жоғарлатуға бағытталған мерекелік іс-шаралар,ашық сабақтар,семинарлар , кеңестер , педагогикалық кеңестер жазылған.
Балабақшаның басты міндеттері:
1. балаларды азаматтық пен патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерімен ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеу;
2. мектепке дейінгі түзету-оқыту және тәрбие берудің негізгі міндеттерін іске асыру, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту;
3. адамгершілік негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
4. мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту және тәрбиелеу;
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық , психологиялық , педагогикалық , әдістемелік білімді , педагогикалық шеберлікті , баланың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
«Думан» балабақшасының тәрбиешілері мемлекеттік стандартымызды ,ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, педагогикалық технологияның бірнеше түрлерін қолданады:ойын арқылы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы,модульдік оқыту технологиясы, дамыта отырып оқыту технологиясы.
Тәрбиешілер жүйелі жұмыс істеулерінің арқасында балдырғандар ұйымшылдыққа үйренуде , оқу қызметінің дағдыларын меңгеруде. Тәрбиешілердің іскерлігін, белсенділігін арттыру мақсатында алты түрлі үйірмелермен жұмыс жасайды. Атап айтқанда , «Алтын қолдар» үйірмесі тәрбиеші Оспан А., «Өнерпаздар» , «Көңілді суретшілер» тәрбиеші Бәтешова А., «Зеректер» клубы, «Кішкентай ғалымдар» тәрбиеші Жорабекова С., «Аспаздық орталық» тәрбиеші Жүнісбекова А. Үйірме жұмысының негізгі мақсаты балалардың танымдық біліктіліктерін арттыру,дүние танымы мен ой-өрісін кеңейту.
Балабақшаның тәрбиеленушілеріне топта ғана көңіл көтеріп қоймай, серуендеуді де қызықты өткізеді. Балабақша аумағында қазіргі заманға сай ойын кешендері (әр топқа), балалар ойнайтын құм, көлеңке шатырлары орнатылған. Жарық түрлі түске боялған ғимарат көзді рахаттандырып, жақсы, көңіл-күй сыйлайды. Біздің балабақшаның қонақжайлығы мен таңғажайып көркін үлкендер ғана емес, кішкентай балалардың бағалайтынына үміттенеміз, өйткені мектеп орындықтарына дейін балабақша олар үшін екінші үйлері болады.
Категория: Балабақшадағы ережелер
Просмотров: 7769 | Загрузок: 340 | Рейтинг: 3.0/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]