Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ережелер]
05.09.2012, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы «21» желтоқсандағы
№1353 қаулысымен бекітілген


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер 

1. Осы Үлгі ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-мектепке дейінгі ұйымдар) қызметінің тәртібін анықтайды.
2. Мектепке дейінгі ұйым-мектепке дейнгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
3. Мектепке дейінгі ұйымдар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз етеді.
4. Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері:
1) мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу;
2) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту;
3) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту;
4) балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;
5) бес (алты) жастағы балаларды мектеп алды даярлаумен қамтамасыз ету;
6) тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимыл жасау;
7) мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастыру.
5. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын осы Үлгі ережені, сондай-ақ кесімдерді басшылыққа алады. 

2. Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері және оларды жинақтау 

6. Мектепке дейінгі ұйымдар мыналарға бөлінеді:
1) тәрбиеленушілердің жас құрамына қарай:
- бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға арналған балалар яслиі;
- үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшалар;
- бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған ясли-бақшалар;
2) Мақсаты бойынша:
- жалпы дамытатын үлгідегі: ясли-бақша, жалпы үлгідегі балабақша, тәрбиеленушілерді дамытуды (дене, зияткерлік, эстетикалық және т.б.) бір немесе бірнеше бағыттарда басым жүзеге асыратын мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы;
- түзу үлгісіндегі: ясли-бақша, дене және психикалық дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балабақша (сөйлеу, көру, есту, интеллекті, тірек-қозғалыс функциялары ауыр және жеңіл бұзылған, психикалық дамуы шектеулі және т.б.), санаторийлік балабақша (бастапқа туберкулез инфекциясы білінген, туберкулездің кішігірім және басылып келе жатқан нысандарымен ауыратын, жиі және ұзақ ауыратын балаларға арналған және т.б.);
- құрама үлгідегі (жалпы даму және түзу сипатындағы функцияларды қоса атқаратын ясли-бақша, балабақша).
Мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа үлгілері мен құрылымдары: білім беру ұйымдары базасындағы мектепке дейінгі шағын орталықтар, «балабақша - мектеп» кешендері, үйдегі балабақша және т.б. болуы мүмкін.
3) жұмыс режимі бойынша: күндізгі, тәулік бойы, икемді режимді.
7. Мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік және жеке меншік болуы мүмкін.
8. Мектепке дейінгі ұйымға құрылтайшының жолдамасы, баланың даму тарихынан үзінді көшірме, эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық-эпидемологиялық қызметтің анықтамасы негізінде бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар қабылданады. Мектепке дейінгі түзеу ұйымдарына және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтарға қабылдау кезінде қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы беріледі, ал бастапқы туберкулез инфекциясы білінген, кішігірім және басылып келе жатқан туберкулездің нысандарымен ауыратын, жиі және ұзақ ауыратын балаларға арналған санаториялық ұйымдарының қорытындысы беріледі.
9. Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін өтініштерді есепке алу тәртібін, жолдамаларды рәсімдеу мен беруді құрылтайшы анықтайды.
10. Жапы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйым жұқпалы, тірек-қозғалыс аппараты бұзылуының ауыр түрімен ауыратын және ақыл-ой кемістігі бар балалардан басқа, бір жастан алты (жеті) жасқа дейін балалар қабылданады.
Түзеу жұмысы үшін жағдай жасалған болса, жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымға мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауға болады.
11. Мектепке дейінгі ұйымға топтар бірдей жастағы немесе әр жастағы қағидат бойынша жинақталған.
12. Балаларды мектепке дейінгі ұйымға тұрақты және уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі.
13. Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны мына жағдайларда сақталады:
1) бала ауырып қалғанда;
2) бала мидициналық, санаторийлік-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырғанда;
3) ата-анасының біреуіне еңбек демалысы берілгенде;
4) бала жаз маусымында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылғанда.
14. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы қабылдау үшін кіру жарналары, сондай-ақ бала мектепке дейінгі ұйымда ұзақ мерзім болмаған немесе қатыспаған жағдайда орынды сақтау үшін төлемақы алынбайды.
15. Басшы құрылтайшының келісімі бойынша баланы мектепке дейінгі ұйымнан мына жағдайларда шығарады:
1) баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақы уақытылы төленбегенде (10 күннен астам);
2) бала дәлелді себепсіз және әкімшілікке ескертпей балабақшаға бір айдан астам келмегенде;
3) баланың мектепке дейінгі ұйымға келуіне кедергі болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы болса.
16. Мемлекеттік мекемелердің ұжымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда (түзеу яслилерінде, түзеу балабақшаларында, түзеу яслибақшаларда, жалпы дамытатын мектепке дейінгі ұйымдардың түзеу топтарында, «балабақша-мектеп» кешендерінің түзу топтарында, санаториялық мектепке дейінгі ұйымдарында және т.б.) баланы ұстау үшін ата-анасынан ақы алынбайды.
17. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе оларды алмастыратын адамдардан баланы ұстау үшін алынатын ай сайынғы төлемақының мөлшері баланың жасына қарамастан, тамақтандыруға арналған шығындардың 100 пайызын құрайды.
18. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы ұстау үшін ата-аналардың төлемақысын алу тәртібін құрылтайшы белгілейді.
19. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар және алаңдар болған кезде ата-аналардың қаражаты есебінен баланы ұстау құны толық төлене отырып коммерциялық топтар ашылуы мүмкін. Коммерциялық топтар қызметінің тәртібін білім беру саласындағы орталық атқару орган анықтайды. 

3. Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу тәртібі 

20. Мектепке дейінгі ұйымдар «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және осы Үлгі негізінде құрылтайшы бекітетін өздерінің Жарғыларын әзірлейді және бекітеді.
21. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1) өз Жарғысымен белгіленген функциялардың орындалуын;
2) білім беру бағдарламаларының толық көлемді іске асырылуын;
3) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сапасын;
4) білім беру процесін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, бейімділігіне, қабілеттеріне, ынталары мен қажеттілігіне сәйкестігін;
5) білім беру процесі кезінде балалардың және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
22. Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысандарына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тілін және бір шет тілін оқып-үйренуді қамтамасыз етеді. Ұлттық топтар үшін олардың ана тілдерін оқып-үйренуіне жағдай жасалады, ал олар жинақы тұратын жерлерде олардың тілдерінде тәрбиелеу және оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдар немесе топтар құрылуы мүмкін.
23. Мектепке дейінгі ұйымдар бағынысына, үлгісі мен меншік нысанына қарамастан, балаларға тұрақты медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, оны мектепке дейінгі ұйымның немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті денсаулық сақтау ұйымының штатына кіретін медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.
24. Мектепке дейінгі ұйымдар белгіленген тәртіппен білім беру, сауықтыру және өзге де сипаттағы қосымша ақылы қызметтер көрсете алады. Бұл ретте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына айқындалған негізгі білім беру, сауықтыру және өзге де қызметтерді қысқартуға және сапасын төмендетуге қатаң тыйым салынады.
25. Мектепке дейінгі ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын ескере отырып балаларды үйлесімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйымда балаларды тамақтандыру жұмыс режимін ескере отырып ұйымдастырылады, оның берілу саны Жарғымен айқындалады.
26. Шағын учаскеде тұратын отбасыларды және балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар консультациялық пункттердің жұмысын қамтамасыз етеді.
27. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының, деңгейі мен сапасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкестігін анықтау үшін аудандық (қалалық) білім беру органдары мектепке дейінгі ұйымдарды мерзімділігі бес жылда бір рет, мемлекеттік аттестаттау үш жылдан кейін өткізіледі.
28. Мектепке дейінгі ұйымдар басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттары негізінде құрылады. Алқалық басқарудың нысандары мектепке дейінгі ұйымның кеңесі, педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңесі болып табылады. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыру ережелерін, оларды сайлау тәртібін қоса алғанда Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекітеді.
29. Мектепке дейінгі ұйымды тікелей басқаруды мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшы тағайындайтын басшысы жүзеге асырады.
30. Мектепке дейінгі ұйымның басшысы:
1) мектепке дейінгі ұйымның атынан іс-әрекет жасайды, барлық мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда, кәсіпорындарда оның мүддесін білдіреді;
2) қаражаттарды басқарушы болып табылады, шарттар жасайды, сенім хаттар береді, банктерге есептік және басқа шоттар ашады;
3) өзінің құзіреті шегінде мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің орындауы мен міндеттері бұйрықтар мен өкімдер шығарады, жаза қолданады;
4) кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару құқығын пайдаланады;
5) белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі ұйымды және қызметкерлерді аттестаттауды жүргізуді ұйымдастырады, аттестаттау нәтижелерін кадрларды орналастыруда ескереді;
6) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және санитарлық-гигиеналық нормалар талаптарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды;
7) балалардың мүдделерін, отбасының қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған қосымша қызметтерді ұйымдастырады;
8) бекітілген шағын учаскелер шегінде 0-ден 7-ге дейінгі жастағы балаларды дербес есепке алуды ұйымдастырады;
9) баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде ата-анасын немесе оларды алмастыратын тұлғаларды мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен, тәрбиелеу-білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен және өзге де қабылдау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін құжаттармен таныстырады;
10) мектепке дейінгі ұйымға бекітілген мүліктің сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналар:
- мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерін, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
- өзінің құзіретіне жататын функцияларды орындамағанны;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын орындамағаны;
- мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің оқу-тәрбие барысында өмірі мен денсаулығы;
- қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшін жауап береді. 

4. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесі 

31. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады және мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен айқындалады.
32. Мектепке дейінгі ұйым мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сақтау шартымен тиімді тәрбиелеу-білім беру процесін қамтамасыз ету үшін (баланың жеке басының шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік негіздерін және салауатты өмір салтын қалыптасытру) педагогтерге баламалы авторлық бағдарламаларды таңдау, қолдану, тәрбиелеудің, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын негізу құқығын береді.
33. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру міндеттерін тиімді шешу үшін педагогикалық кеңестер құрады.
34. Тәрбиелеу-білім беру процесінің негізгі субъектілері балалар, ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар, тәрбиешілер және басқа да педагогтер болып табылады.
35. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасында өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану саны, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда – баланы ұстау ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де жағдайлар айқындалады.
Категория: Балабақшадағы ережелер | Добавил: Admin | Теги: үлгі, ұйымдары, беру, дейінгі, білім, ережесі, қызметінің, балабақшадағы ережелер, Мектепке
Просмотров: 36198 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.4/15
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]