Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

8-Наурызға арналған ертеңгілік
[ Скачать с сервера (19.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
31.01.2015, 23:33

Ертеңгілік


Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, №5 «Сәуле » балабақшасы. Тәрбиеші : Бектемирова.Құралай. Жолдыбайқызы Жарқырай түс алтын күн,
Аналарды құттықтаймыз біз бүгін.


8-наурыз аналар мейрамы.
Балалар екіден залға кіреді де Полька әуеніне ілесіп би қимылдарын орындай бастайды. Бір қолдарын беліне қойып, аяқтарын оңға, солға өкшелерімен , қос-қостан айналып қолдарын беліне қойып, бір-біріне айқастырып 2 рет шапалақтайды, оңға , солға тағы екіден айналады. Содан кейін жарты шеңбер болып орталық қабырғаға тұрады.


1-бала: Біз қонаққа шақырдық, Аналармен әжелерді. Ант етеміз, ант етеміз, Көңілсіз сізге болмас деп.


2-бала: Мейрамға бәрі әзір, Енді не күттік біз? Көңілді ән-жырмен, Мейрамды бастаймыз.


«Ана туралы ән» басталады.

Әннен кейін балалар отырады. «Урто»(Таңертең) деген музыка басталады. Залға Күн кіреді.
КҮН:Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Сендер мені танисыңдар ма? (Балалар жауап береді.)
КҮН: -Дұрыс айтасыңдар мен Күнмін!Мен осында аналар мен әжелерді, кішкентай қыздарды 8-наурыз мрекесімен құттықтауға келдім.!
Жүргізуші: Рахмет саған Алтын Күн! Енді отырып балалардың қандай тақпақтар әзірлегенін тыңда. (Тақпақтар, тәрбиешінің таңдауы бойынша.)
Күн : Жарайсыңдар балалар! Қандай әдемі тақпақтар оқыдыңдар мамаларыңа арнап! Ал, мен ән айтқанды, әсіресе би билегенді өте жақсы көремін. Ал , сендер жақсы көресіңдер ме? Балалар : Иә!
Күн :-Жүріңдер, әжем мен анамызды құттықтайық мейраммен, оларға арнап көңілді ән мен күйді бастайық.
«Биле менімен достым» қос биі. (Потанцуй со мной, дружок)
Күн : Ал енді біз тойлаймыз, Ойынға бір тоймаймыз. Аналарды біздің құттықтап, Күнмен бірге ойнаймыз! Күнмен бірге ойын басталады. «Бір, екі, үш-өз сәулеңді ұста.» (Балаларға қызыл, сары, көк түсті ленталар таратылады.) 50см ұзындығы. Балалар : Күн алтындай жарқыраңыз, Ойнайық сізбен бірге біз.
Күн: Мен сендерді жақсы көремін,
Сендерге сәулелерімді беремін
(Балалар би қимылдарын лентамен орындап музыканың аяғында айтады,- «Бір, екі, үш-өз сәулеңді ұста» деп лентаны арттарына тыға қояды. Күн оларды балалардың қолынан алып-алуға тырысады.)
Күн: Ал, бала, балақандар. Біз көңілді ойнадық. Ал енді маған, аспанға қайтар уақыт жетті. Қош сау болыңдар!
(Музыкамен Күн шығып кетеді.)
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы. Біздің мейрамға тек қана аналар ғана емес, әжелер де келіпті.
Біздің қартаң әжелер, Немересін сүйеді. Ойыншық алып береді, Бақшаға алып келеді. Көрдіңдер ме қандай жақсы, Біздің асыл әжелер. Біз әжелерді құттықтап , Тақпақ айтып береміз!
1-бала: Әжеме көмектесемін, мен енді үлкенмін,
Әжем жымиып, жасырып кетті.
Жап жас әже деп, адамдар айтады.
Мен де әжем үшін өте қуанамын.
2-бала: Бізбен әжемнің жұмысы өте көп,
Бізге әжелер пісірді компот.
Жылы малақай бізге тоқиды,
Ал түнге қарай ертегі оқиды.
3-бала : Қайырымды әжені бәрі жақсы көреді,
Қайырымды әжеге иіліп сәлем береді!
4-бала: Әртүрлі ән мен күй,
Өмірде өте көп.
Ал біз болсақ, сол әнді,
Әжеге арнап айтамыз!


«Әжеге» әні орындалады. (Бабушка)

Жүргізуші: Ой балалар, бізге біреу ыдыс-аяғын сылдырлатып келеді екен асығып, бұл кім екен??

( Музыкамен Жұмбақ әже кіріп келеді. )


Жұмбақ әже : Сәлеметсіңдер ме , ұлдар мен қыздар! Мен сендерге таңғы ас алып келдім.
Жүргізуші: Жұмбақ әже , біз таңғы асымызды ішіп алдық.
Жұмбақ әже : Қандай өкінішті! Мен таңғы асты тәтті етіп пісіріп едім. Сөйтіп сендерге асығып жүгіріп алып келіп едім.
Жүргізуші: Қапаланбаңыз әже, қараңызшы залда қаншама қонақ отыр. Жүріңіз біз соларға берейік.
Жұмбақ әже : Дұрыс-ақ, бірақ мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты «Дөңгелек шашақ ойыны. » Мына жерде шашылған дөңгелек бар, осыларды маған жинауға көмектесесіңдер ме? Түсіне қарай жинау.
Балалар: Ия.
Жұмбақ әже: Ой балалар, керемет,жарайсыңдар! Менің ақылымды тыңдаңдар. Қайырымды әжелеріңді ренжітпеңдер.
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Ал, қазір, әже. Біздің балалар сізге және қонақтарға «Әжем менің айдай» әнін айтып береді. (Балалар 2 ден залдың ортасына кілемнің үстіне тізіліп тұрады. Әнді орындайды.)
Жұмбақ әже: Әдерің үшін рахмет! Мені қуанттыңдар.
Жүргізуші: Бүгін күн қандай керемет! Қонағымыз да көп. –Балалар естисіңдер ме? Ұшақ ұшып келе жатқандай. Бізге біреу асығып келеді.


(Музыкамен Карлсон ұшып келеді. )


Карлсон: Көріп тұрмын зал толы, қонақтарын көп екен. Мен-Карлсон. Әлемде өте көңілді. Бәрі мені жақсы көреді. Мен өте әдемі, тәртәпті, ақылды, сүйкімді-толықпын. Мен сендерге мейрамға келдім. Әжелерді, аналарды, және кішкентай қыздарды құттықтауға келдім.
Жүргізуші: Рахмет саған Карлсон.
Карлсон: Жалқаулықты сүймеймін,
Қане , достар ойнайық.
Шеңбер болып тұрыңдар,
Көңілденсін қонақтар.
«Сыйлықтар » ойыны (Подарки)


Карлсон: Ой балалар, керемет ,. Маған сендермен өте көңілді болды. Срндықтан мен сендерге кофет сыйлағым келіп тұр. Қараңдаршы қандай әдемі.
Жүргізуші: Тоқта, Карлсон! Сенде тек қана бір кәмпит қой? Ол бәріне жете қоймас, енді не істейміз? Карлсон: Ал менің кәмпиттерім жә емес, ол сыйқырлы. Міне, қараңдар, өздеріңе тартыңдар. Бір, Екі! Үш! Карлсон мен жүргізуші әрқайсысы өзіне қарай тартады. Кәмпит екіге бөлініп қалады. Бір жартысы Карлсонға тиеді, -Ал енді, кәмпит бәрімізге жетеді. Рас қой?
Жүргізуші: Рахмет саған Карлсон! Біз енді сені шайға шақырамыз.
Карлсон: Мен қуана келісер едім! Бірақ мені достарым күтіп отыр. Оның аты –Балақай. Сау болыңдар , балалар. Келесі кездескенше. Қолын бұлғап ұшып кетеді.
Жүргізуші: Міне, Карлсон ұшып кетті, Ал енді бізге аналарымызды құттықтуға уақыт келді. Қымбатты аналар! Мейрамдарыңыз құтты блсын! Ал, енді барлығымыз шай ішуге шақырамыз.


(Музыкамен балалар залдан шығып кетеді.)

 

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 21271 | Загрузок: 344 | Рейтинг: 3.3/11
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]