Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Айдай сұлу-Астанам!
[ Скачать с сервера (166.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
24.08.2015, 11:32

Безендірілген залға балалар қолдарына  ту ұстап кіреді.

 

Жүргізуші: Армысыңдар! Жиналған көпшілік қауым! Ұстардар, ата – аналар, балалар! Бүгін бізде айтулы мереке. Жас қала,  Ару қала,  Арман  қала – мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласының туған күні.
 

Әнұран: «Менің Қазақстаным» (Балалар қайта шығып кетеді.)
 

Астана туралы тақпақтар айтылады.
 

Сая:           Ақша бұлттар аспанында
Ақ ботадай ойнақтаған, жас қала.
Жүз түрленіп қас-қағымда,
Жан сырына бойлатпаған, Астана.

 

Темірлан:          Көшелері күнге ғашық,
Әрбір тасы ән салатын, Астана.
Жырын толғап, биге басып,
Жер-жаһанды қарсы алатын, Астана.

 

Берекет:   Аппақ түнде арайыңды
Аңсап тұрып жұтып бағам, Астана.
Жусан иісі танауыңды
Жұпарымен қытықтаған, Астана.

 

Олжас:      Сәулеті де Астананың сондай көркем,

Сағынамын қаламды алыс кетсем.

                  Сендей қала табылмас бар ғаламда

                  Асып – тасып әрқашан бақ – берекең.
 

Дарын:      Мы садимся в вертолет,

Отправляемся в полет.

Над горами и морями,

Над бескрайними полями.

Залдан бәрі шығып кетеді.
 

Жүргізуші: Келесі  кезекте мың бұралған  қыздарымыздың  Астанамның туған күніне  тартулаған биін тамашалайық.

 

Би:  «Маленькая страна» (қыздар обручпен)

Нұрай,  Дана,  Кәусар,  Сая.
 

Ән: «Айгөлек»  Досымжан
 

Жүргізуші: Туған жері-түп қазығы, айбыны,
                     Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,
                     Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,
                     Қадамына шуақ шашар үнемі! – дегендей келесі кезекте «Туған жер» туралы мақал – мәтелдерді  тамашалайық.

Таңқаларлық сәт: Белін ұстаған, шаршаған атай келеді. (Саят)

Жүргізуші: Сәлеметсіз  бе, ата! Келіңіз! Төрлетіңіз!
                  Шаршаған  боларсыз?  Мұнда жайғасыңыз!

Ата:          Ой, шаршағаным ай!  Су болса, су беріңдер!
         Мына күннің ыстығы  өтіп бара жатыр.

Жүргізуші: Ата, қайдағы су, одан да қымыз алдырайын.
         Бүгін бізде үлкен – той. – Астананың туған күні.
         - Қазір ата.
         - Атайға қымыз әкеліңдер!

Артынша мақалшылар келеді.

Бекзат:     Өз үйің өлең төсегің.

Кәусар:      Туған жердей жер болмас, 
                  Туған елдей ел болмас.

Мирас:      Туған жер — тұғырың, 
Туған ел — Қыдырың.

Нұрислам: Өзге елдің гүлінен
 Өз еліңнің тікені артық.

                   Отан оттан да ыстық.

Ата:           - Ой бәрекелді балалар! Қане қолдарыңды  жая қойыңдар сендерге батамды берейін.

Бата:                 Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын!
Үйіңнің алды той болсын,
Қораң толы қой болсын.
Қазаныңда қайнаған
Кілкілдеген май болсын.
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал менен басың тең өсіп,
Кетпесін
басыңнан дәулет

                                                       Әумин!

Жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден  шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.  
Сөз қадірін білген елміз.

Рахмет ата, батаңыз қабыл болсын!

Жүргізуші: Көрікті шексіз даласы бар,
Бау - бақша белі бар
Өзені мен көлі бар
Сәулетті үйі бар.
Ардақты  халқым қазақтың жерін демекші келесі  кезекте

Хор:  «Жас дәуірдің түлектеріміз»

         Залға бір – бірімен сөзге таласқан Алматының апорты мен Астананың Бәйтерегі келеді.

Апорт: Мен болам!

Бәйтерек:  - Мен болам!

Апорт:  Мен үлкенмін, Менің жасым үлкен.

Бәйтерек: Алғ мен биікпін төбем көкке тіреп тұр.

Жүргізуші: - Балалар мынау Алматының  апорты  мен,  Астананың                                    Бәйтегегі  ғой.

- Апорт ханым, Бәйтерек мырза, сабыр етеңіздер!

- Неге таласып жатырсыздар? Біздің мерекеміздің  шырқын бұзбаңыздар. Бүгін біз  Астананың туған күнін тойлаудамыз.

Бәйтерек: - Мына кәрі апорт біздің астана Алматы қаласы болу керек деп таласуда.

Жүргізуші: Сіздер таласпай, одан да біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Апорт мен Бәйтерек келіседі.

Жүргізуші: Олай болса тақпақтарға кезек берейік:

Ерсұлтан:       Здравствуй, здравствуй моя Астана,
           
        Здравствуй, здравствуй  столица родная
           
        Здравствуй, здравствуй  народ и страна   
             
      Процветанья всем вам я желаю 

Дана:         Інжу тастан өріп бір
                   Салған ғажап – көрік бұл
                   Салтанатын, сәулетін
                   Жаңа Астанамыз жайнап тұр

Досымжан: Әлемдегі дара бір
                  Есіл арбаты жаңа үй
                    Бүкіл әлем көріп тұр
                   Әсем сәндік қала бұл.

Микола:    Әсем қала Астана
                   Ел қызыққан жас қала
                   Астана деп жазамын
                   Ақ параққа тағыда

Бақдәулет:Өсіп міне келемін
                   Байтеректей болып мен
                   Көз тартады – Астана
                   Биік Бәйтерегімен

Саят:        Киелі  менің  Ақордам,

                    Арудай  сұлу  таранған.

                    Береке,  бірлік,  достықтың,

                    Тұнығынан  нәр  алған.

Мұрат:     Астана – сұлу қала,

                  Астана – Ару қала .

 

Бәйтерек пен Апорт дидактикалық ойын ойнатады. «Дұрысын таңда!»

Ойынның шарты :  «Ғажайып сандықтан» шыққан суреттерді тиістісіне жапсыру . Екі қаланың картасы тұрады. Картаға жапсырады.

Мысалы: Бәйтерек – Астанада    Апорт – Алматыда  

         Пирамида -                           Медеу мұз айдыны

         Есіл өзені                             Алатау

         Ел Ордасы

         Хан шатыры

 

Жүргізуші: Астана - Ару қала
                  Астана - сұлу қала
                  Астана – зәру  қала
                  Астана – көркем  қала

Келесі кезекте жұп  биі: «Есіл ағады» әніне

Апорт: Ой,  балалар, менің көзім жетті
         Мен қартайған екенмін.
         Дегенмен жастың аты жас қой.
         Алдыңғы толқын ағалар,
         Кейінгі толқын інілер деген
         Мен өз жолымды білейін.
         Ақ жол саған Астана.

Екеуі татуласып шығып кетеді.

Жүргізуші: Күй тартылып барлық өлен айтылсын 
Ана күліп өткен күнді ойға  алсын 
Басқа тойды  тойламасаң, тойлама
Астананың туған күні  тойлансын 

Хор: «Егемен ел – Қазақстан»
                  
Айдай сұлу Астанам

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 8364 | Загрузок: 132 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]