Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Алтын Күз ата-анаалар сайысы
[ Скачать с сервера (1.11 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
25.11.2015, 05:57

Алтын күз 

Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты дамыту.Балалардың әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешектерін дамыту. 
Көрнекілігі:ұлағатты сөздер,буклеттер, плакаттар. 

1-жүргізуші:
Армысыздарқұрметті ата-аналар! 

Жиылған қауым,армысыздар бәріңіз, 
Келіп жетті алтын дәнді сары күз. 
Бірге болып қуанышта бәріңіз, 
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз. 

2-жүргізуші:

Осень ты прекрасна -
Королева бала,
Золотом червонным,
Сердце мне измяла.

3-жүргізуші:

Down, down! 
Yellow and brown. 
The leaves are falling 
Over the town.

 1-жүргізуші:

-дей отыра,біз сіздерді   Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз!!! 
Бүгін бізде Алтын күз мерекесіне орай ата-аналардың қатысуымен өткелі отырған сайысымызға келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сайысымызды бастамас бұрын «Абзал» тобының жігіттерінің биін тамашалаңыздар.

2- жүргізуші:

Вот так джигиты у нас

Посмотрите высший класс!

«Абзал» тобы «Жігіттер» биі

Тәрбиеші:   Бүгінгі сайысымызды сіздерге қызықты етіп ұсынылуы үшін өз үлесін қосатын әділ-қазылар алқасымен,сайыскерлерімізбен және сайыс шарттарымен таныстырып өтсек.

 

 

Сіздерге Бүгінгі сайысымыздың сайыскер жұптарымен таныстырып өтейік.

  1. «Ару» тобының ата-анасы:Топиева Сания,     қызы: Алдаберген Дамира
  2. «Мерей» тобының ата-анасы :Әбдішүкірова Қарлығаш,    қызы: Нысанбай Айгерім
  3. «Абзал» тобының ата-анасы:  Сабирова Саулеш   қызы: Назарова Назым

 

Сонымен,бүгінгі Алтын күз сайысының әділ бағаларын беретін әділ қазыларымыз: 
1) Балабақша әдіскері: Сапарова Айгүл
2) «Кәмшат»  балабақшасының әдіскері Алшынбаева Роза
3)  «Байғали» балабақшасының меңгерушісі Кенжебекова Айгерім

Сайыскерлерімізді біз 5шарт бойынша сынайтын боламыз.Ол шарттар: 
1-шарт:Таныстыру 
2-шарт: «Алтын күз» көрмесі ( жеміс-жидектерден)
3-шарт:Өнер (балалары тақпақ айтады ,анасы салат жасайды)
4-шарт:Сән үлгісі (балалары көрсетеді)
5-шарт:Букет жасау (салфетка, түрлі-түсті қағаздан басқа да материалдардан жасау)
 

1-шарт:Таныстыру 
Сайыскерлер келіп жетті танысуға, 
Бойындағы бар дарынды дарытуға. 
Қорықпастан сахнаға келіп жетті 
Әдеппен,ізетпен танысуға-дей келе алғашқы сайыскерлеріміздің өзін-өзі таныстыру сайысын бастайық.

«Ару» тобының орындауында  «Жеміс-жидектер шеруін» қабыл алыңыздар. 

2-шарт: «Алтын күз» көрмесі ( жеміс-жидектерден)

Жүргізуші: Сайысымыздың екінші шартында сайыскер жұптар өз қолдарынан жасаған қолөнерлерін ұсынады. 
Әр жұп өздерінің дайындап келген көрмесін  әділ қазыларға және көрермендерге таныстырып өтеді. Әділ қазылар әр жұпқа бағаларын береді және ойларын білдіреді.

«Абзал» тобы би «Күзгі жапырақтар» орындайтындар: Айзере, Айару, Базарбек Кәусар, Мадина, Назым, Балтабай Кәусар,Айгерім, Бану.
 

3-шарт:Өнер (балалары тақпақ айтады ,анасы салат жасайды)
Жүргізуші:
Келесі шартта сайыскерлерімізге өз өнерлерін көрсету талап етілген.Әр жұптың кішкентай бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалайық. 
Әділ қазылар әр жұпқа бағаларын береді .

«Мерей» би «Орыс биі» орындайтындар: Балнұр, Жансұлтан, Аяулым, Нұрдаулет, Айгерім, Нұрасыл, Інкәр,Мұхамеджан,Малика,Ержігіт.
4-шарт:Сән үлгісі (балалары көрсетеді)

Жүргізуші:
4-шартта әр жұп өз қолдарынан жасалған,тек мата,жіптен бөлек заттар арқылы жасалған сән үлгісін көрсетеді. 
Әділ қазылар әр жұпқа бағаларын береді және ойларын білдіреді. 

5-шарт:Букет жасау (салфетка, түрлі-түсті қағаздан басқа да материалдардан жасау)
Жүргізуші:
Соңғы қорытынды шартта әр жұп бүгінгі Алтын күз мерекесіне арнап букет гүл жасайтын болады.

 Шарты:3 түсті шелек тер берілген ішінде 3 түрлі материалдар бар: 1 салфетка, 2 түрлі-түсті қағаз,3 гербари жасау. Қажетті барлық құрал-жабдықтар осы шелектерде бар.
Барлық сайыскерлер ортаға шығып,букеттерді жасайды

«Мерей» би «Қолшатыр» биі. Орындайтын: Айару, Балнұр, Айгерім, Малика, Күншуақ, Дидар, Данияр, Ерқанат.

Біткенсін букеттерін ұсынады. Әділ қазылар әр жұпқа бағаларын береді және ойларын білдіреді. 

Құрметті қонақтар біздің бүлдіршіндеріміз облысымыздағы  «Ботақан»телефестиваліне «Көңілді қыздар» биімен» қатысып  лауреат атанып келдіОртаға «Көңілді қыздар» биін тамашалаңыздар.                                                               

«Абзал» би «Көңілді қыздар биі» орындайтындар: Сымбат, Қымбат, Сымбат, Бағнұр, Аянат, Динара, Жанерке, Арай
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын, 
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын. 
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім, 
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсан сен ұғатын-дей келе әділ қазылар алқасы өздерінің қорытынды бағаларын жариялау кезегін ұсынсақ. 
Әділ қазылар сайыс нәтижесін жариялайды,өз пікірлерін білдіреді.Қорытынды сөзді сөйлеп,сайысты тәмамдайды.

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 3095 | Загрузок: 58 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]