Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Балабақшадағы аналар мерекесі
[ Скачать с сервера (1.12 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
14.03.2015, 09:52

Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.Бүкіл тіршілік атауы ана махаббатынан таралған.Сондықтан ертеңгілікті жер анамен байланыстырып дайындалды.Ұрпақ санасына ана мейірімнен асқан бақыт жоқтығын сездіру.

«Ана махаббаты» видео-слайд жүріп жатады.Барлық топтардың аналар жиналғанша.

Тамара Көзбаева  «Асыл ана».

Музыка фонында жер ана сөйлейді.

Жер ана :

Жаратқан тек жер ана бар алыпты.

Бар қызық табиғаттан таралыпты.

Адамзатпен табиғат егіз ұғым.

Жер ана-  адам үшін жаралыпты

О,Жер ана-сен тіршіліксің  тұнып тұрған.

Сен күнсің-көтерілген күліп қырдан.

Сен гүлсің-жайқалған бақтарымда,

Сен айсың-сәуле шашар аспанымнан.

Жер ана – әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Жер ананың жанында алты бала өоршап отырады.Олар балапан,гүл,күн,құлыншақ,жұлдыз,ай бейнесінде киінеді. Жер анамен бірге алты анада жүреді.Жер ана сөйлеген сайын, әр баланы алты ана ,өз бауырларына басады.

Балапанға  Жер ана:  Құрттақандай сары үрпек балапаным,сен менен нәр  алып,қуаттандың.Мына бейбіт өмірде,тәтті қылығыңмен ержете бер.Балапаным менің.

Гүлге Жер ана: Жер ананың топырағынан нәр,күн нұрынан шуақ ала отырып.Мына еліңе әдемілікті сыйла.Әдемілікке талпын.Әдемі қалпында әлемді көркейте бер.

Күнге Жер ана.Жан-жануар тіршілік атаулының өсіп –өнуіне қуат берген, жылу берген, шуағынмен  әлемді жылытқан күнім менің.Сөнбеші, сен жарқырап тұрған да ел-аман, жұрт тыныш.Жарқырай бер күнім менің.

Құлыншаққа Жер ана:  Құндыздай жалың жалтылдап,қыл құйрығың шаншылып,еркін дала төсінде, бауырынды жазып шаба бер. Сенің шабысын еліме шабыт берсін.

Жұлдызға Жер ана: Көк аспанда жарқырап жана бер , жұлдызым менім  сен елімнің бағдаршамасын, халқымды адастырмай тура жолдан адастырмай, жол бастай бер жұлдызым менің.

Айға Жер ана: Қараңғыда жол сілтер,жарқыраған айым менің. Жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке деген халқымның тілеуіне дем беріп жебей бер!

Жер анамен бірге алты анада билейді. 

Бөбек тобы – балапан киімінде.

Ана: Аялы алақанымда тербетіліп,тәп-тәтті қылығыңмен,былдыр-былдыр тіліңмен,тапыл-тапыл басқан қадамыңмен, қызығына кенелткен, құрттақандай сары үрпек балапаным менің.Сенің әр аттаған қадамың маған қызық,қуаныш,шаттық әкелді.

 

Ақсұнқар тобы-гүл бейнесіндегі киімде.

Ана: Жер ананың нәрімен,күннің жылуымен,ананың аялы алақанымен гүлдей жайнап өстің.Өз жеріннің,еліннің,туған-туысынның,құрбы-құрдастарынның ортасында қызғалдақтай құлпырып,әдемілігіңмен шуақ шашып өстің, айналайын! Гүлім менің,қызғалдағым менің,қырмызым менің. Жайнашы,жайқалшы.

Ботақан тобы –күн бейнесіндегі киімде.

Ана:Әлемге нұрын төккен,жылуын шашқан күндей күліп өсіп келе жатқан балам менің. Қуанышым менің, күн көзіндей жарқырап,жайнап,бетіңді бұлт шалмай жарқырашы күнім менің.

Құлыншақ тобы -құлыншақбейнесіндегі киімде.

Ана:

Құлыншағым құндызым,

Маңдайдағы жұлдызым,

Қалталақтап шаба ғой.

Қуантар менің панам ғой.

Құлыншағым,балам,қызығым менің.Сенің тұлымшағың желбіреп өсіп келе жатқаныңды көру мен үшін бақыт.Әр аттаған қадамың қуанышқа қызыққа толы болсын.

Лашын тобы –жұлдыз бейнесіндегі киімде.

  Ана: Егеменді елдің ашық аспанында жарқырайтын жарық жұлдызым сол.Жарығынды шашып,жарқырап көгімізде жайнай бер.Әр баланың жұлдызы жарық болып, самаладай жарқырасын.

Зерек тобы –ай бейнесіндегі киімде.

 Ана: Түнгі аспанымды жарық қылған,жер бетіне сәулесін шашатын айдай жарық айым менің.Адасқан жанға жол сілтейтін,жаңылғандатүзететін жол бастаушы бол.Қазақ елін,айдай әлемге танытатын келешек иесі сенсің балам!

         Жер ана:Қымбатты аналар! Сіздерге арналып айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамайды. Көктемнің басымен келетін мерекені жылда сіздермен  бірге атап өтеміз. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Жер бетінде қыбыр еткен жан атаулы анадан туады,  ананың махаббатына бөленеді. Он сегіз мың  ғаламның  мызғымайтын бір заңы болса, ол - ананың перзентіне  деген махаббаты.   Ана! Осы үш әріптен құралған сөзде қаншама мағына ұялаған. Ана – ыстық от, жылы жүрек. Ана – сенімім, үмітім. Ана  – бауырым елжіреген Ана-сарыла күтетін сағынышым.  Ана – асқарым, биігім,Ана- мұратым, мақтанышым.

Ғибрат Азубаева  «Шеше»

 

Даярлық топтары шығады.Қолдарында мамаларының аттары жазылған шарлар болады.

Проигрышта

 Бала сөзі:       Аяулы анам менің! Менің әлеміме қарашы, сенің есімінді өз әлеміме  жаздым, өзімнің қолым жеткен биікке жаздым,ал ертең өскенде мен сенің есіміңді аспанға жазатын боламын!Мама мен сені жақсы көрем

Анашым, ақ сүт беріп өсірген жан анам менің!Мерекеңмен!

 

Компизициялық би қимылдары.

Хор айтылады.«Сенің анаң алтын».

 

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 3765 | Загрузок: 90 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]