Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Күзгі бал»сайысы ертенгілік
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
23.10.2012, 22:58
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «Қарлығаш» балабақшасы, тәрбиеші Бекмурзина Гүлнара Жақсылыққызы 

Зал іші күздің жапырақтарымен көркемделген.Бір бұрышында алма ағашы жемісімен тұр «күз»әуені ойналғанда сайысқа қатыспайтын балалар залдың ішін айналып жарты шеңбер жасап тұрады.

Жүргізуші:Сары жібек көйлегін желбіретіп,
жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді шағымызда бүгін «жұлдыз-ай»топ балаларының арасында «күз ханзадасымен ханшайымын»таңдап алмақпыз.Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
-Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ бағасын беретін,қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Әділ-қазылар алқасы
1 Балабақша директоры:Дәуітова Роза апай
2 Балабақша әдіскері:Сүлейменова Амангүл
3 Балабақша медбикесі: Ниязбекова Алмагүл
4
Жүргізуші
Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс
2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен
3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте
4Алдашева Жансая мен Марал Жансен
5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан
6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

-Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ
1Таныстыру,сәлемдесу рәсімі
2Өз өнері(би,тақпақ,өлең,көркем сөз оқу)
3Сұрақ-жауап
4Сән үлгісі(Әр қатысушының өз қиялына байланысты)
5 Ас мәзірі 1

Жүргізуші:Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен,ізетпенен танысуға
-дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.
Таныстыру

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс
2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен
3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте
4Алдашева Жансая мен Марал Жансен
5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан
6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

Бүлдіршіндер көп-көп рахмет.сайыскерлерді ортаға шақырайық.
-Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.

Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші сайыскерлеріміз екінші кезеңге дайын болғанша балалардың «алтын күзге»деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.

1Көк майсалы көрікті Қасымхан
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
2 Көбейді құт-береке Шахназ
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
3 Қуандырып біздерді, Аида
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
4 Күздің қазан айында Нұрәли
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
2

5Күн суытып келеді, Бекарыс
Жапырақтар түседі,
Астық-жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды

6Қуандырып біздерді Аслан
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.

7Астық,жеміс жиналды, Досымжан
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды

8Жемісі мол теретін Нұраман
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

9Жетті желмен алтын күз Жансая
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз

10 Берекесін сыйлауға Жансауле
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

ІІ-кезең «Өнерлі өрге жүзер»демекші келесі кезең өз өнерін көрсету

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс
2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен
3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте
4Алдашева Жансая мен Марал Жансен
5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан
6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық 3

Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық әділқазылардың бағасын алайық.
ІІІ-кезең
- «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»демекші,келесі кезеңіміз сұрақ—жауап
- -Әр жұп барып әділқазылардың алдынан бір сұрақтан алады.

-Барлығы тегістей сұраққа жауап берді,енді сөз кезегі өздеріңізде,
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша тобымыздың биші қыздарының «корей»биін қабыл алыңыздар.

ІV-кезең сән үлгісі
1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс
2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен
3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте
4Алдашева Жансая мен Марал Жансен
5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан
6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

Әділқазылар төртінші кезеңнің бағасын беріңіздер.
Жүргізуші:Сайысымыздың ең соңғы бөлімі «ас мәзірі»,сайыскерлеріміз дайын болғанша ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар
V-кезең «Ас мәзірі»
«Ас адамның арқауы »демекші келесі кезеңде үйден дайындап әкелінген ас мәзірлерін қорғап,оны тапсыру.

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс
2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен
3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте
4Алдашева Жансая мен Марал Жансен
5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан
6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

Осымен сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті,ендігі кезек әділ-қазыларда.
Әділ-қазылар дайын болғанша бүлдіршіндердің «Алтын күз»әнің қабыл алыңыздар
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды келесі кездескенше аман-сау болыңыздар..
Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер | Добавил: Admin | Теги: сайысы, Ертенгілік, Күзгі бал
Просмотров: 22006 | Загрузок: 1109 | Рейтинг: 3.4/9
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]