Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қош бол балабақша!
[ Скачать с сервера (26.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
06.08.2014, 15:02

Қош бол,сүйікті балабақшам.

Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұжымдастар, бүгінгі біздің мерекеміз ерекше, себебі бүгін бірнеше жыл мәпелеп өсірген, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.Әрине ,бұл да үлкен той. Тойларымыз құтты болсын!
Облыстан ,ауданнанжүлделіорыналыпкележатқанбалабақшасуретшісі – КәрімРаянаныортағашақырамыз.
Балабақшаныңатақтыбишілері – АсылбекЭлеонора, Жақсынбет Маржан, Райымбек Дания, Қайтбек Анель, Жамалбек Инабат.
Балабақшаның спорт шеберлері – Орынбасар Дулат, Батыр Нұрсәт.
Балабақашаның еңбек десе ерінбей еңбек ететін ұл-қыздар – Дәулетбек Дастан, Жақсынбет Мағжан, Қуандық Ахат, Рысбек Жанерке.
Балабақшаның сүйікті де, сүйкімді ұл-қыздары – Өмірбай Нұрасыл, Бақтияр Бегім, Сайлау Камила, Райымберді Меруерт, Сардан Шырын , Тұрғынбай Дарын.
Ән: «Тұлпарым»

Анель: Құрметті қонақтар, армысыздар!
Бәріңіз де есен –сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғысым бар.
Ақтілекті ағытып бір тастайық.
Қоштасар әнімізді бастайық
Әдеп пенен өнегені үйретіп
Бақшамыздыесіміздесақтайық.

Меруерт: Бақшадағыкүндерді
Есімізге сақтайық
Тәрбиеші еңбегін
Бәріміз де ақтаймыз
Нұрсәт: Біздің келер шамамыз
Бестен үшті аламыз
Төртті бөліп екіге
Жауабын тез табамыз.
Маржан: Ел құрметтеп бағалар
Досың бар ол такзалық
Кел дәптерге балалар
Тап таза етіп жазалық.

Ортада ойын ата-аналармен.Ойын шарты: стөл бетіне балаларға мектепке керек затпен керек емес заттар қойылып, ата-аналарға дорба беріледі. Ата-аналар балаларға керек заттарды дорбаға салуын сұранамыз.
Би :«Сарбаздар»

Камила: Сен үйреттіңсөйлеуді
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді
Балабақшамқошенді.

Дарын: Алтыжасқатоламыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепкеткетіпбарамыз.

Мағжан: Бақшамыздыұмытпай
Келіп –кетіп тұрайық
Сондай кезде апайлар
Қалады ғой қуанып.

Жүргізуші: Бізде 50-ге дейін санайтын балаларымыз бар, кәне кім келіп санайды екен.

Жанерке: Құрметтеугелайық
Бибігүл дейтін әпкейім
Бар балаға мейірімді
Қамқорымыз панамыз
Ақылын тыңдап ұғынсақ
Ашылар әр кез санамыз
Аман болсын қашанда
Ақылыаспанданамыз.

Элеонора : Естен етпес үніңіз
Бізбен өтті әр күніңіз
Бізге үміт артасыз
Бізді жақсы болар деп
Үмітпен бізге қарайтын
Алима апайға мың алғыс.

Ахат: Тамылжытып ән салдырып үйреткен
Динара апайға мың алғыс.

Ата –анамен ойын. Ойын шарты: Ата-ананың көздерін байлап, өз балаларын қолдарымен сипап сезу арқылы әр ата-ана өз балаларын табады, таппаған ата-ана айып пұл төлеп өлең немесе би –билеп береді.

Инабат : Ақ төсекке жатқызып
Бала болып ойнаған
Тәтті тағам ұсынған
Айман,Ляззат апайларға мың алғыс.

Нұрасыл: Жақсы көрем әрдайым
Әрқашан бізге жалықпай
Орыс тілін үйреткен
Айгүл апайға мың алғыс

Нұрсәт: Астың дәмін келтірген
Ішкен тілді үйірген
Назира ,Айткүл апайларға мың алғыс.

Би:«Маряк»

Дулат: Ән салдырып билеткен
Ылғи бізбен жүреді
Тақпақтарды үйретіп
Ойнатады күледі.
Қызық-қызық ертегілер
Бізге оқып береді.
Жалқаулар да ,тентек те,
Сол апайларға көнеді.
Бибигүл , Гүльзинат апайларға
Көпрахметайтамыз.

Камила: Ақхалаттыабзал жанды
Бас ауырса ,іш ауырса
Дәрі беріп емдеген
Дина апайғамыңалғыс.

Дастан : Алғашбақша есігін
Ашқанымда күлімдеп
Қарсы алды Диля,Гүлхат апайларым
Алғысымкөпсіздерге

Анель: Еңбекдесеерінбей
Жағдайдың бәрін жасаған
Қоймашы Зоя апайғамыңалғыс.

Раяна : Қош балалар сәт сапар
Бақытты бәрін болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар
Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімізді қимаймыз
Естелік болсын біздерден
«Гүлдер биін » қабыл алыңыздар.

Ортада «Гүлдер биі»

Раяна: Айналаны тазартып
Гүлдердің бәрін жайнатқан
Аула тазалаушыПеризатәпкигемыңалғыс.

Бақдәулет: Үлкендердей тап –таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.

Жүргізуші : Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Ортада: «Қоштасу биі»

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 3923 | Загрузок: 188 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]