Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қош келдің, Жаңа жыл!
[ Скачать с сервера (21.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
22.11.2015, 20:59

«Қош келдің,  Жаңа жыл» жаңа  жылдық  мерекеге  арналған сценарий.

(музыка ойнап тұрады, ортаға  балалар  шығады)

Тәрбиеші: Құрметті  балалар, ата – аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа  жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл- күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Балалар, біз  енді жаңа  жылымызды әр қарай  мерекелейік.

Кәне, балалар, кім  тақпақ  айтады  келіңдер  ортаға:

Еркежан

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Жансері

Жақсы жаңа жыл келді,

Асқар таумен тұлғалас.

Біз осылай жылды енді,

Қарсы алайық бәріміз.

Қарақат

Жылдың әнің бастайық,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Камила

Аппақ тонға малынған,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Махаббат

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы , арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін.

Зере

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Тәрбиеші :Балалар, біздің мерекеге  Сайқымазақ та қонаққа  келіпті.

(Сол кезде Сайқымазақ келеді)

Сайқымазақ: Армысыздар, балалар!

Көңіл-күйлерің жақсы ма, қымбатты достар?

Сендермен кездескеніме мен өте қуаныштымыз. Мен сендерге бір ойын ала  келдім ойнаймыз ба?

Балалар: Иә.

Сайқымазақ: Балалар сендер қыста қандай ойындар ойнайсындар?

Балалар: Шана, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.

Ендеше сол аққаланы құрастырып көреміз ме?

Балалар: Иә.

Сайқымазақ: Өте жақсы балалар, енді әрі қарай мерекемізді бимен  жалғастырайық.

Би: « Барбарики»

Тәрбиеші: Балалар  мына ортамызда  тұрған  не?

Балалар: Шырша.

Тәрбиеші: Дұрыс  айтасыңдар, балалар. Енді  біздің  шырша тойына кімдер  жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Тәрбиеші: Кәне ,балалар,  барлығымыз  Аяз ата мен Ақшақарды ортаға  шақырайық.

Барлығы: Аяз ата , Ақшақар – 3рет

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар?

Жаңа жылдарың құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Аспандарың ашық, жұлдыздарын жарық болсын!

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ата- аналар?

Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Қандай әдемі, неткен сұлу шырша?

Балалар, шыршаның шамы әлі  жанбаған ба? Шырша шамын жағайық.

Барлығы:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарынды жарқырат – 2рет

Тәрбиеші: Балалар, шыршамызға арнап тақпақ айтып берейік.

Барлығы:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы.

Көз тоймайды қарса!

«Аппақ, аппақ  қар аппақ» әні (Музыкалық аспаптармен)

Тәрбиеші: Балалар бүгін  сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де келіпті.

 Балалар Аяз ата мен Ақшақарға «Ормандағы  жаңа жыл» ертегісін сахналап берейік.

«Ормандағы  жаңа жыл» ертегісі

Тәрбиеші: Қонжық, Есек, Қоян, Түлкі  Жаңа жылды қарсы алуға Кірпінің үйіне жиналыпты.

Қонжық: Бүгін  Жаңа  жыл ғой!

Түлкі: Біздің  шыршамызда  жоқ!

Есек: Шыршасыз түк те қызық емес.

Кірпі: Онда далаға шығып шырша іздеп келейік. Сол шыршаның бізде тұрғанын елестете алмаймын.

Есек: Шыршаны қалай табамыз, орманың іші қараңғы болып кетті.

Түлкі: Қардың қандай қалың екенін көрдің ғой!

Қоян: Қалай десеңдер, солай деңдер бәрібір шырша іздеуге барамыз!

Есек: Айда жоқ аспанда.

Кірпі: Бірде – бір жұлдыз көрінбейді. Қолымызбен сипалап іздейміз.

Есек: Ал шыршалардың барлығы үлкен, ол кірпінің үйіне сыймайды ғой.

Түлкі: Кішкентай шыршалар қардың астында жатыр.

Қонжық: Иә, оны қалай аламыз.

Қоян: Шыршысыз бұл қандай Жаңа жыл.

Кірпі: Онда мен сендерге шай қайнатайын.

Тышқан: Кірпі сенін сағатын істемейді жаңа жылдың келгенін қалай білеміз.

Есек: Мен күнде сағат 12.00-де  ұйықтаймын. Менің ұйқым келгенде Жаңа жыл да келеді.

Қонжық: Жарайды, дәл солай істейміз.

Кірпі: Шыршамыз жоқ  деп уайымдамай-ақ қойындар. Оны да ойлап таптым. Бір бұрышқа орындық қойып мен соған шығып тұрамын. Ал сендер менің инелеріме, қолдарыма ойыншықтар ілесіңдер.

Түлкі: Кірпі сен не деген ақылдысың.

Кірпі: Мен дайынмын ойыншықтар сандықтын ішінде.

Қоян: Қонжық , сағат неше болды.

Түлкі: Қараңдар, қараңдар, Есек қалғи бастапты 12-ге 5 минут қалыпты.

Қоян: Онда бес  минуттан соң 12 рет соғу керек қой. Оны қалай істейміз.

Қожық: Ол үшін алақанды үш рет соғамыз.

Түлкі: Ал, ендеше бастайық, уақыт болды.

Балалар: « Бам, бам,бам» - деп алақандарын 3 рет соғу керек.

Аяз ата: Рахмет балалар, өнерлі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, қол ұстасып жүріп ән салайық.

«Аппақ, аппақ, жапалақтап» әнін орындайды.

Ақшақар би билетеді: «Ақшақар»  биі

Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақардың баратын  жерлері көп болғандықтан, олар  асығып отырған сияқты.

Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп  отыр, оларды да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар.

Тәрбиеші: Жаңа  жыл  бәріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Барлығы:  Жаңа жыл құтты болсын!

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 18145 | Загрузок: 293 | Рейтинг: 2.9/13
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]