Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығы
[ Скачать с сервера (45.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
09.02.2015, 12:05

Қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен әдебиетінің маңызы ерекше. Жазу, сызу болмаған кезде халықтың ой–арманынан шыққан әңгімелер тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл ұшқыр ойдан шыққан мақал-мәтелдер, әсем өмірді аңсаған қиял-ғажайып ертегілер баланың тілін дамытып ой-өрісін арттырады.
Ертегілерді сәби жастан бастап айта отыру, халық ауыз әдебиетімен сусындатукелешек ұрпақтың ой ұшқырлығына тілінің байлығына сана сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді. Мысалы: «Бауырсақ», «Шалқан», «Жеті лақ» ертегілерін әуелі әр түрлі суреттермен түсіндіріп аламын кейін ондағы кейіпкерлерге қысқаша мінездеме бергізем. Сәби тобының балалары «жаман», «жақсы» деп өз ойларын айтып жатады. Ал кіші топтарда ертегі кейіпкерлерін сипаттайтын жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлемін.
Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» ертегісін айту барысында дидактикалық ойындар «Жұмбақ сурет» (Төмен қаратылып тұрған қарлығаш суретін бір баланы шығарып сипаттама жүргіземін, ал басқа балалар оның қай құс екенін табады) немесе «Саусақ жаттығулырын» да пайдалануға болады
Өрмелеген өрмекші,
Өнеріңді көрсетші.
Қалай, қайтып тоқыдың
Мынау ғажап өрнекті сипаттауға болады.
Бұл ертегіден баланы енбекқорлыққа тәрбелеймін.
Ал «Үш қыз» татар ертегісін жұмбақ өлеңмен бастауға болады.
Еркелесем, күлімдейтін, Ұрысқаным білінбейтін, Маңдайымнан сипап мені, «Құлыншағым, күнім» дейтін.
«Үйшік »ертегісінде үстел үсті театрын ұйымдастыруға болады. Әр балаға ертегі кейіпкерлерін таратып, Менің бастаған ойымды жалғастыра отырып түсінгендерін бекіту. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақырып алып, пішіндерді (тік төртбұрыш,шаршы) кірістіре отырып, «Үйшікті» құрастыруғада және «Қонақ келсе күт» деген мақалмен бастауға болады. Міне осындай көптеген тәсілдері қолдана отырып, баланың есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Ертегіні қызықтыра түсу үшін баланын өзіне сомдатып, сахналау бала тілінің дамуына көмектеседі.
Ал «Торғай мен түлкі ертегісінде» Сыни тұрғыдан ойлау» стартегиясы бойынша түлкінің осыдан басқа қандай ертегілерде кездесетінін еске түсірсе, Венн диаграммасы бойынша торғай мен түлкінің ұқсастықтарымен айырмашылықтарын айтқызамын. Топтастыру стратегиясы бойынша «Ит», «Түлкі», «Торғай» мекен ету ортасына байланысты топтастыру. Бағытталған оқу стратегиясы дидактикалық ойын арқылы жүзеге асады (пішіндермен құрастыр).
Мен балаларға ертегі, әңгімелеген кездеертегілердегі кейіпкердің мінез-құлқына, дауыс ырғағына, қимылдарына назар аударамын. Әр кейіпкердің киіміне көңіл аударамын. Қимылмен сөз арасындағы байланысын қадағалаймын.
Қазақ елінің өзіндік тарихы,мәдениеті ұлттық киімінің болуыда мақтанарлақ нәрсе. Сондықтан балаларға ұлттық киімімізді білу, әрі оны киіп қазақтың киіз үйінің ішінде өздері белетін ертегілерді сахналауы халық әдиебетіне деген қызығушылықтары арта түседі. Міне осы ретте «Шықбермес Шығайбай мен Алдар Көсе» ертегісін айтып өтуге болады.
Сонымен бүгінгі таңда, үшінші мыңжылдық қарсаңында адамдар саналы түрде ертегілер салынған білім қөзіне тартылады және оны ертегі әдіс деп атауға болады.
смайликтер, тыңдап үйренеді, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, ойлау қабілеттін арттырады, тілін дамытады.

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 3049 | Загрузок: 126 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]