Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

"Рахмет саған, Алтын күз!"
[ Скачать с сервера (13.8 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
27.02.2015, 16:18

Сабақтың тақырыбы: «Рахмет саған, Алтын күз

Сабақтың мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту, күз  мезгілінің ерекшеліктері туралы  түсінік бере отырып әңгімелеу.  Суреттер бойынша әңгіме  құрастыруға  үйрете  отырып,  балалардың тіл байлығын дамыту. Табиғатқа қамқорлық  жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, жеміс-көкөністер, слайд

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты.Олай болса, барлығымыз  орнымыздан тұрып амандасайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн туды,
Қайырлы таң, жаңа күн!
Қайырлы таң, достарым!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?
- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)
-Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде жаңбыр жауып  кетеді.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері, ерекшеліктері болады екен.
Алтын күз туралы, оның  ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
    -Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру(  сұрақ-жауап арқылы)
Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып  «Алтын күз» кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз»  келіп қалыпты.
-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.

-Айтындаршы, балалар, неге осы күз мезгілін, алтын күз, берекелі күз, молшылық мезгілі деп атаймыз.

-күз мезгілінде жемістер мен көкөністер, астық піседі.

-Ой, жарайсыңдар, балалар, ендеше, Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар. Ол дидиктикалық ойын: «Жеміс пен көкөністі ажыратып ата»
(жемістер мен көкөністерді көрсетіп,  түрін, түсін атау)

Дидактикалық ойын: «Жеміс пен көкөністі ажыратып ата»

-    Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!
  Сергіту сәті:              Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-« Алтын күз»  сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?
« Алтын күз»:- Ия, балалар, сендер енді көкөніс пен жемісті ажыратып, танысыңдар, сол себепті балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»
Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.
« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!
-    Сау болыңыз!
-    Балалар, сендерге  « Алтын күздің» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?

-Ендеше, балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетінене алған білімімізді тексеру үшін, мен сендерді сурет бойынша әңгіме құрауға шақырамын. Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.

 

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 5024 | Загрузок: 152 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.2/5
Всего комментариев: 1
1 Айгерим  
унады

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]