Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Тәуелсіз елдің ұланымын
[ Скачать с сервера (20.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
16.12.2014, 18:09

«Бәйтерек» тобы
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымын».
Өтілетін күні:10.12.2013
Өтілетін уақыты: 16:00
Мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанында Алматы алаңына ақ пейілмен шығып, үкімет басшыларынан саяси сауаттылықты, адалдықты, адамгершілікті талап еткен студент, жұмысшы жастарымызды қарақшылықпен жазалаған қара пиғылдардың өздеріне құлақкесті құл болғандарды қалай жарылқағандары туралы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: ту, шарлар, плакаттар, слайд
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!
Жүргізуші:
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар, бүлдіршіндер! 70 жыл бойы қыл бұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешіп, қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын - сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді. Сол желтоқсан құрбандарын бүгін «Бәйтерек» тобы құрметпен еске алып, олардың рухына бас иеді.
Жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді
Ел болсақ деп талпындың
Серік:
Отан- сенің ата-анаң
Отан-досың бауырың
Отан -өлкең астанаң
Отан –аудан ауылың
Мұхамедали
Қазағым да, Астанам да жайнасын Бәйтеректе
Дамыған біз халықпыз ертеректе
Жер ұйықты аңсатты жиырма жылым
Болайық Елбасымен бір тілекте
Қ.Медина:
Құтты болсын азат күн – Тәуелсіздік,
Халықпыз болашақты рухы биік.
Құт санап, уақыт санап биіктегің,
Құтты болсын бұл алған биіктерің!
Эвелина:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Ән: «Желтоқсан желі»
Еркеназ:
Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Ақ күн боп баланың
Шаттығы боп шалдардың
Нұрәлі:
Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Артур:
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы
Ән: «Қарабауыр қасқалдақ»
8 - бала
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Д.Дильназ:
Нашақор деп, ұлтшыл деп
Қазаққа күй жаққан күн
Базары кетіп бір түнде
Қайғыға халық батқан күн..
Маржан:
Бас алаңды ел жосқан
Жастар қаны жуған түн
16 - шы желтоқсан
Тәуелсіздік туған күн.
Көрініс «Қайратты тергеу сәті»
Тергеуші (Айгүл апай).
Тұрыңдар сот келеді.
Тергеуші.
Сот процесі басталады.
1 - куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ. Сіз алаңда Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?
1 - куәгер. (Гүлмира апай).Боламын. Өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз менде қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол - ұлтшыл. Қайрат оңбаған.
2 - ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?
2 - куәгер.(Ерлан ағай).Рас - рас. Ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды.
Сот. (Мұхамедали)
Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қ. Рысқұлбековты айыпты деп табамыз. Қайрат
Рысқұлбеков өлім жазасына кесілсін! Ақтық сөзіңді айт!
Қайрат: (Артур)
Күнәдан таза басым бар
21 - де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Автор:
Қайрат Семей түрмесінің 21 - камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталды. Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді. Ендеше сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.
- Мінекей, балалар, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама аға – әпкелеріміз өз өмірлерін Тәуелсіздік үшін қиды. Халқымыздың арманы орындалып, елімізді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарды. Еліміз: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды.Ешкімге тәуелді емеспіз. Өзіміздің азат еліміз бар! Осы Тәуелсіздігімізді дәлелдейтін «Бәйтерек» аңызын тамашалайық.
Жүргізуші:
Дюсенбаева Дильназдың орындауында «Туған жер» әнін тамашалайық!
Жүргізуші:
Атты кеше Тәуелсіздік ақ таңы,
Артта қалды қасіретті бар қайғы.
Алып келген ұлы тарих толқыны,
Тәуелсіздік заман үшін зор құны, - дей отырып балаларымыздың «Әрқашан күн сөнбесін» әнін тыңдайық. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 3537 | Загрузок: 116 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]