Төрт түлік туралы халық мақал – мәтелдері
Сиыр туралы
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
****
Мал жақсысы – сиыр,
Жер жақсысы - кебір.
****
Сиырдың сүті - тілінде.
****
Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.
****
Сиырға ер жараспас.
Жылқы туралы
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
****
Сырын білмеген аттың
Сыртынан жүрме.
****
Ат айналып қазығын табар.
****
Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.
****
Ат - адамның қанаты.
****
Жүйрік - алысқа,
Жігіт – намысқа.
Түйе туралы
Нар жолында жүк қалмас.
****
Көрмес – түйені де көрмес.
****
Жығылсаң нардан жығыл.
****
Қуырдақтың әкесін,
Түйе сойғанда көрерсің.
****
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
****
Атан түйе жүк астында қартаяр.
****
Нар - түйеден.
Тұлпар - биеден.
****
Қой туралы
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
****
Қойдың сүті - қорғасын.
****
Екі қошқардың басы,
Бір қазанға сыймас.
****
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
****
Қой өлсе, қозы қалады,
Келер жылы өзі болады.
|