Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Үш аю» Балалардың шығармашылығы
[ Скачать с сервера (35.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы семинарлар]
24.06.2016, 09:02

Үш аю
Білімділік саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш аю»

Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, ертегіні көлеңкелі театр арқылы сахналау
Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, талдар, орындық, маскалар, төсек орны, ботқа, ыдыстар, себет, үнтаспа.

Рөлде ойнайтындар:
Ата - Дидар
Әже – Малика
Маша қыз – Іңкәр
Үш аю
Папасы – Нұрасыл
Мамасы – Аяулым
Мишутка – Жансұлтан
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң құрметті қонақтар,
Қайырлы таң құрметті достар,
Жалықпастан қайталап ,
Жылы сөздер айтамыз
Армысың алтын күн!
Сәлем бердік баршаға!

Жүргізуші: Сәлем балғын балалар!
Барлығың бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайын көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.
Мен сендерге «Үш аю» ертегісін 3D кітабы арқылы әңгімелеп беремін. Менің қолымдағы жәй кітап емес, мен ертегіні айтып жатқанда кітаптағы суреттер қимылдайды да сендер ертегіні тыңдап қана қоймай ұялы телефон арқылы көре аласыңдар.
(Тәрбиеші ертегіні ұялы телефон көмегімен әңгімелеп береді.)
Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Олай болса , құрметті қонақтар біздің балалардың өз ойларынан өрбіген шығармашылығын тамашалаңыздар.
Балалар ертегіні көлеңкелі театр арқылы сахналайды.

Ертекші: Баяғы бір заманда Маша деген қыз болыпты. Бір күні Маша орманнан бүрлер теріп қайтайын деп әжесінен сұранады.
Әжесі: Жақсы бара ғой, бірақ маған тақпақ айтып берші сосын жіберемін

Маша: Әже деген көп шығар
Менің әжемдей жоқ шығар,
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша
Әжем менің тамаша.

Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.

Ата үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз
Әжесі: Жақсы бара ғой. Қызым алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Маша: Жарайды.
Маша орманда бүр теріп өлең айтып жүріп, адасып кетеді.
Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
А - у - у - у ата, А - у - у - у ата
А - у - у – у әже, А - у - у - у әже қайдасыңдар, маған көмектесіңдер!

Ертекші: Жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйге кезігеді. Үйшік - үйшік үйшікте кім тұрады?- деп айқайлайды, еш дыбыс естілмеді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Аюдың әкесі, шешесі, баласын еркелетіп Мишутка деп атайтын.
Маша: Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарқанда тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ – әкесінікі, ортаншы табақ шешесінікі, ал кішкентай табақ – Мишутканыкі еді. Маша үлкен табақтағы одан кейін ортаншы табақтағы бөкпенді жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкентай табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалды. Бөкпенді Маша түгел жеп қояды. Шаршаған Маша отырғысы келіп ең үлкен орындыққа отырып еді, құлап қалды, ортаншысы ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне тұп – тура екен. Маша тербеліп еді, орындық сынып қалды. Маша арғы бөлмеге кіріп еді онда төсектер бар екен. Маша үлкен төсекке жатып еді, тым биік болды. Ортаншы төсек кең болды. Ал кішкентай төсек Машаға дәп дәл келді. Сол төсекке жатқан Маша ұйықтап қалады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.
Аюлар: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.
Осылайша аюлар байқап қалады. Өз тамағын көрген аюдың әкесі
Папа-аю: «Менің тамағыма кім тиіскен?» деді гүр етіп.
Мама-аю: «Менің бөкпенімді де татып көріпті»,- деп айғай салды.
Мишутка: «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», деп шәңк - шәңк етті.
Ұйықтайтын бөлмеге кірсе:
Папа-аю: «Менің төсегіме кім жатпақ болды?» деді гүр етіп.
Мама аю: «Менің төсегімді де умаждап тастапты»,- деп айғай салды.
Мишутка: «Менің төсегімде жатқан Баянсұлуды көріп міне жатыр ұстаңдар», деп шәңк - шәңк етті.
Аюлардың даусынан шошып оянған Маша қорқып кетті.
Маша: Мені жемеңдерші мен сендерге тақпақ айтып беремін.
Аюлар: Жарайды.

Маша: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Дым білмейді масқара
Аюлар: Мұндай тақпақ ұнамайды.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын шешесіңдер ме?
Аюлар: Иә шешеміз.
Маша: Тәті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар
Кіп-кішкентай арадан (аю)
Менімен ойнайсыңдар ма?
Аюлар: Иә ойнаймыз.
Маша: Аю, аю тұршы
Беті қолын жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Әй - әй көйлек киші
Қане мені қушы - деп Маша қаша жөнеледі.
Аюлар қорбаңдап Машаға жете алмай қалады. Осылайша Маша аюлардан құтылып, аман есен атасы мен әжесіне келеді.
Қортынды: Сендерге ертегі ұнады ма? Кімнің үйі екен? Маша кімнің тамағын жеп қойды? Маша аюлардан қалай құтылды?
Ертегі не жайында?
Балалар: Ертегі біздерге ұнады. Ертегі үш аю туралы.
Осылайша ертегіміз аяқталды.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!

Категория: Балабақшадағы семинарлар
Просмотров: 4481 | Загрузок: 108 | Рейтинг: 4.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]