Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Адамгершілік патриоттық тәрбие. Толық 3 бет


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы тәрбие сағаттары]
24.05.2012, 21:58
Адамгершілік патриоттық тәрбие

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді. - -ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау. –Табиғатқа қамқорлықпен қарау. –Еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу. –Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау. –Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүіспеншілікке тәрбиелеу.


Толық нұсқасын Сатып алу 300 тг
Категория: Балабақшадағы тәрбие сағаттары | Добавил: Admin | Теги: балабақшадағы тәрбие сағаттары, патриоттық, Адамгершілік, тәрбие
Просмотров: 14406 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.4/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]