Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Фермаға саяхат (ашық сабақ)
[ Скачать с сервера (19.7 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы тәрбие сағаттары]
16.11.2013, 14:06
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыту технологиялық картасы Өткізген: Жеңісова Ж.Қ. Өткізген күні: Жас ерекшеліктері: №1 II сәбилер тобы Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық» Тарауы: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», «Сурет» Тақырыбы: «Фермаға саяхат» Мақсаты: Білімділік: Сандар туралы ұғымды; бір- көп; көлемі; үлкен – кіші; ұзындығы; жалпақ- жіңішке; геометриялық пішіндер; дөңгелек, шаршы, үшбұрыш; 3- ке дейін санауды бекіту. Дамытушылық: Математикалық логиканы, ойлауды, есте сақтауды дамыту. Тәрбиелік: Үй жануарларына деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Құрал- жабдықтар: саңырауқұлақтар, секіргіш, үй жануарларының топтамасы, геометриялық пішіндер, қағаз, бояу, қылқалам, суқұйғыш. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушы Тәрбиеші балаларды өзінің айналасына жинайды. – Балалар, бүгін біз сендермен қыдыруға барамыз, ал қайда баратынымызды мен қазір айтып беремін. Кім біледі, үй жануарлары қайда тұратынын? - Қандай үй жануарларын білесіңдер? - Балалар, үй жануарлары үйде ғана тұрмайды екен. Сонымен бірге олар фермада тұрады екен. Бүгін біз үй жануарларына фермаға қонаққа барамыз. Менімен бірге жүріңдер. Балалар тәрбиешінің айналасына жиналады. балалардың жауабы. - сиыр, ат, қой, ешкі т.б. Балалар келісіп тәрбиешінің артынан жүреді. Іздену- ұйымдастырушылық - Ой, қараңдаршы, жолда не өсіп тұр? - Неше саңырауқұлақ? - Мына жерде? - Саңырауқұлақтар өлшеміне қарай қандай? - Ал, қандай түсте саңыр- ауқұлақтар? Әрі қарай жүрейік. Алдымызда өзен жатыр. Кәне, өзеннен секіріп өтейік. Біз неге өзенді секіріп өтіп кеттік? - Өзен қандай ұзындықта? Сондықтан одан секіріп өте алдық. ... Әрі қарай жүрейік. Бұл не? Неше саңырауқұлақ? Саңырауқұлақ қандай өлшемде? Неге секіре алмаймыз? - Өзенде не жүзіп жүр? - Оның түсі қандай? - Неше үйрек? Жарайсыңдар, балалар енді әрі қарай жүрейік. Міне, біз фермаға да келдік. Қараңдаршы, жасыл шөпте жануарлар жайылып жүр. Кәне, оларды атаңдаршы. - Үй жануарлары қанша? - Мұнда қараңдаршы, бұл не? - Неше бұзау? - Ал, неше сиыр? - Сиыр қалай дыбыстайды? - Сиыр бізге не береді? - Неше ат? -Аттар қалай дыбыстайды? – Неше қаз? Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңдер ме, қаншама үй жануарлары фермада тұрады екен. Балалар, түн болғанда жануарларда ұйықтайды. Кәне, оларды үйлерге кіргізейік, ал бұл үйлер жай емес. Мында қараңдаршы. (үстелде геометриялық пішіндер аударылып жатыр түрлі –түсті жағымен төмен) . Міне, менде үй. – Бұл не? - Түсі қандай? Біз мына үйге сиыр мен бұзауды кіргіземіз. - Бұл не? - саңырауқұлақтар

Категория: Балабақшадағы тәрбие сағаттары
Просмотров: 4993 | Загрузок: 272 | Рейтинг: 3.0/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]