Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Аққалаға қонаққа барамыз (Денсаулық)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
17.02.2017, 13:50

Білім беру саласы: " Денсаулық "
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балаларды саптізбекте дұрыс жүруге, бір біріне кедергі жасамай жүгіруге, қыс айларында орындалатын ойын түрлерімен таныстырып, сол ойындарды жаттығу түрінде үйрету. Шапшаңдық , ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерді дамыту. Ауызбірлікке, ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Өткізу орны: дене шынықтыру залы.
Құрал-жабдықтары: орындық, туннель, шығыршықтар, қолдан жасалған қар кесектері және т.б атрибуттар.
Балалар музыканың сүйемелдеуімен залға кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар. Көңіл күйлеріңіз қалай? Айтыңдаршы, Жылдың неше мезгілі бар?
Балалар: Сәлеметсіз бе. Жылдың төрт мезгілі бар.
Жүргізуші: Атап беріңдерші.
Балалар: Көктем, жаз, күз және қыс.
Жүргізуші: Бізде қазір қандай мезгіл?
Балалар: Қыс мезгілі.
Жүргізуші: Қыс мезгілінде неше ай бар және айтып беріңдер.
Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар, олар Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан деп аталады.
Жүргізуші: Дұрыс. Балалар қыс мезгілі сендерге ұнайма? Қандай мерекелерді білесіңдер? Сондай ақ балалар қыс мезгіліне арналган қандай спорттық ойын түрлерін білеміз.
Балалар: Ия ұнайды. 1- желтоқсан президент күні. 16- желтоқсан тәуелсіздік күні және біздің ең асыға күтетін жаңа жыл мерекесі. Сол күні Аяз ата келіп біздің өнерлерімізді тамашалап бізге көптеген силықтар береді.
Жүргізуші: Ия балалар дұрыс айтасыңдар, бәріміз де жаңа жыл мерекесін асыға күтеміз.
Балалар: Қыста қар жауады, ал біз сол қардан аққала жасаймыз. Қыста шаңғы тебу, конькимен мәнерлеп сырғанау, хоккей сияқты спорттық ойын түрлері бар. Сондай ақ таза ауада қар атысып ойнағанға не жетсін.
Жүргізуші: Өте дұрыс балалар. Балалар біз бүгін Аққалаға қонаққа барамыз. Ол жерлерде қар көп жауады. Біз енді ұзақ жол жүреміз. Қане балақайлар жолда тоңып қалмас үшін бойымызды қыздыра жүрейік.
1. Қолымызды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
2. Еңкейіп қолды тізенің үстіне қойып жүру.
3. Кедергілер арасымен Аю сияқты қорбаңдап жүру.

Жүргізуші: Балалар орманда түрлі аңдар кездесіп қалуы мүмкін.
Балалар: Апай, біз орманда өмір сүретін аңдарды білеміз.
Жүргізуші: Мәссаған, мынау кім екен?
(Қоян шыға келеді)
Балалар: Бұл қоян.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Қоян сен қайда барасын?
Қоян: Сәлеметсіздер ме, мен Қасқырдан қашып келемін. Ал өздеріңе жол болсын.
Жүргізуші: Біз Аққалаға қонаққа бара жатырмыз бізбен бірге жүр. Бірге жүрсек Қасқыр тиісе алмаиды. Балалар енді бәріміз бірге қоян сияқты жүреміз.
Қоянның жүрісін салады.
Жүргізуші: Балалар қараңдар тағы біреу келе жатқан сияқты.
(Қасқыр шыға келеді)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Қасқыр, жол болсын.
Қасқыр: Сәлеметсіздер ме,қарным ашып тамақ іздеп шыққанмын, көптеген қояндар өтіп бара жатыр екен деп, тым болмаса біреуін ұстап алып жеп қарнымды тойғызып алайыншы деп ойлағам.
Жүргізуші: Жо-жоқ Қасқыржан біз қояндар емеспіз. Бірақ қоянды да саған жегізбейміз, солайма балалар?
Балалар: Ия.Қоянды жемеңіз, бізбен бірге жүріңіз. өйткені біз Аққалаға қонаққа бара жатрмыз.
Қасқыр: Олай болса мен сияқты жүгіріңдер Аққалаға тезірек жетіп алайық. Мүмкін сол жерден жүрек жалғар бірдеңе табылып қалар.
Қасқыр сияқты жүгіреді.
Жүргізуші: Мәссаған балалар біз жүгіріп жүріп Аққаланың үйіне келіп қалдық.
(Аққала щығады)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аққала.
Аққала: Сәлеметсіз бе, сәлеметсіздер ме балалар. Қасқыр мен қоян да келген бе? Далада шулап жатқан кімдер екен деп шыққан едім. Хош келдіңіздер сендер қай балабақшаның бүлдіршіндері боласыңдар?
Балалар: Сәлеметсіз бе біз «Алтын сақа» балабақшасының бүлдіршіндері боламыз. Біз сізге қонаққа келдік. Қарда ойын ойнап сізбен бірге көңіл көтергіміз келеді.
Қасқыр: Сәлеметсізбе Аққала сізде жейтін бір нәрсе табыладыма?
Қоян: Сәлеметсіз бе Аққала. Қасқыр сен тамақтан басқа ештеңе ойламайсың. Балалар мен бірге көңіл көтерейікші қарның ашқанын ұмытып та кетесің.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менде сендермен бірге көңіл көтерейін. Ендеше мықты екендеріңді көрсетіңдер.

Жүргізуші: Біздің балалардың қолынан бәрі келеді. Ал балалар екі топқа бөлініп сайысқа түсейік.
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Қане екі топқа бөлініп алайық.
(Барлығы саппен тұрып бір екіге санап екі топқа бөлінеді)
1- Топ. Аққала тобы
2- Топ. Аққоян тобы
Жүргізуші: Сайысымызды бағалап отыратын әділқазыларды сайлап алайық. Аққала балаларға өзің төрешілік етсең,мүмкін қай топтың балалары мықты екенін өзің ажыратып берерсің.
Аққала : Жарайды төрешілік етсем етейін.
1-Сайыс. «Қар тазалау».
Ойын шарты: Жиналып қалған қар кесектерін машинға салып залдың бір шетінен белгіленген жерге дейін тасу. Қай команда көбірек қар кесектерін тасыса сол команда жеңіске жетеді.
2-Сайыс. «Қар ату»
Ойын шарты: Топ басшысы қолына шелек ұстап тұрады. Балдар бір бірден келіп үйілген қар кесектерін лақтырып сол шелекке түсіру керек.
Қай команда бірінші толтырса, сол жеңіске жетеді.
3-Сайыс. «Шаңғы тебу»
Ойын шарты: Балалар аяқтарына шаңғы киіп алып белгіленген жерден айналып келуі керек. Кай топ бірінші келсе сол жеңіске жетеді.
4-Сайыс. «Аққаланың ізімен»
Ойын шарты: Жерге екі ақ парақшаны қойылады. Балалар парақшаларды кезек-кезек аустыру арқылы белгіленген жерден айналып келеді. Қай команда бірінші келсе сол жеңіске жетеді.
5-Сайыс. «Аққала салу»
Ойын шарты: Залдың екінші шетінде тұрган тақтаға жүгіріп барып қағаздан жасалған Аққаланың суретін құрастыру керек. Қай команда бірінші құрастырып болса сол команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Міне балалар сайысымызда аяқталды. Аққала, Қоян, Қасқыр сендерге ұнадыма? Қалай біздің балалар шапшаңдығын дәлелдеді ме?
Аққала: Ия өте керемет менің көңілім көтеріліп қалды. Балалар сендер өте шапшаң, епті және ақылды екенсіңдер. Әсіресе менің суретімді құрастырғандарың қатты ұнады, айнытпай құрастырдыңдар. Жарайсыңдар.
Қасқыр: Мағанда ұнады. Тіпті аш болғанымды ұмытып ойынға қызыға
кірісіп кетіппін.
Қоян: Ой Қасқыр сенің тамақты ұмытқаның қандай жақсы болды енді мені жемитін боласын.Ой балалар сендермен бірге ойнаған мағанда қатты ұнады.
Жүргізуші: Балалар сендерге ұнадыма?
Балалар: Ия қатты ұнады.

Жүргізуші: Енді қай топтың жеңіске жеткенін Аққала айтып берсін.
(Топтар марапатталады)
Жүргізуші: Балалар жеңістерің құтты болсын. Олай болса балалар хоштасар алдында көңілімізді сергітіп алу үшін Аққала биін билейік.
Би: «Аққала»
Жүргізуші: Осымен балалар Аққаламен қоштасып балабақшаға оралар сәт келді. Осы жерден Қасқыр мен Қоян менде қоштасайық олар өз орманына кетеді.
Балалар: Қош сау болыңыз Аққала.
Аққала: Сау болыңдар балалар, біздің елге қонаққа келіп тұруды ұмытпаңдар. Жолдарың болсын.
Жүргізуші: Сау болыңыз Аққала Қоян, Қасқыр аман жүріңіздер. Қайта кездескенше күн жақсы болсын. Қане балалар сап түзеп балабақшаға ораламыз.
Балалар әуенмен залдан шығып кетеді.

Категория: Мерекелік іс шаралар
Просмотров: 2195 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]