Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Айналайын, ақ мамам!
[ Скачать с сервера (626.8 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
15.06.2016, 19:31

Тәрбиеші: Ана деген - өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген - ардақты ат, сен оны
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Ия, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған «АНА» есімі әрқашанда биік, әрі қымбат. Ендеше бәріміз , Шәмші ағаның « Ана туралы жы»р әнін қосыла шырқайық. (музыка ойналып , залдағы қонақтармен қосылып ән шырқалады .)
Әсем:
Армысың әжелерім , аналарым,
Мейірбан әппақ көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың!
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан небір туған даналар,
Ана деген -тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар!

Бақдаулет:Анамды мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Анашым сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Арайлым: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәр берді сенің ақ сүтің,
Кең құшағың аясыңдай гүл бақтың.
Тәрбиеші: Тұлымшағы желбіреп
Би билеік кештерде
Ақ көйлегі желбіреп
Биші болар өскенде. Испан биі: қыздар
Музыка әуенімен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме балалар? Мұнда не болып жатыр? Қандай әдемі болып кеткенсіңдер?
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе сайқымазақ? Балалар , аналар мерекесін тойлап жатыр, ,балалар амандасайық. Балалар сайқымазақпен амандасады.
Сайқымазақ: қандай тамаша , мен де анамды жақсы көремін, мен де тойласам бола ма?
Тәрбиеші: Әрине болады. Білесің бе сайқымазақ, ана деген - ең керемет жан, түн ұйқысын төрт бөліп , баласы үшін жанын беруге даяр болып тұрады. Олай болса Ана туралы ән тыңдайықшы. Ән: АНА. Енді балалар, сайқымазақпен бірге «Өз гүліңді тап» ойынын ойнасақ қайтеді? Балалар ойын ойнайды.
Айару: Ана деген -жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген-өмірдегі қамқорың,
Ана деген- сүйенерің, жан құрбың.
Нұрдаулет: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен,
Құттық таймын анашым
Сегізінші наурызбен.
Қыздар, қыздар беу, қыздар,
Құтты болсын мереке.
Ән салайық, қол соғайық,
Би билейік біз бірге.
Би: жігіттердің орындауында
Тәрбиеші: Аялаймыз ананы,
Құрметтейміз бағамыз.
Сіздер үшін аналар,
Шырқап тақпақ айтамыз.
Аяулым: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын ,
Әжетай сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын
Абдурахман: Мейірімді жел жібек,
Күндей ыстық құшағы
Ет жүрегі елжіреп,
Құлыным –деп құшады.
Жан жуытпай жанына
Еркелеткен жан әжем.
Ақмерей: Ақыл айтқан шаршамай,
Анамыздың тойы бұл
Өзі қамқор баршаға,
Көзі мейір, бойы нұр.
Анашымның ақ сөзін,
Орындаймын екі етпей,
Анашым ғой өсірген,
Мәпелеген , жетектей.
Сайқымазақ: балалар, қандай өнерлісіңдер, бірақ менің кетуім керек , мені тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр . Оларға мен сендердің қандай өнерлі екендеріңді айтып барамын, сау болыңдар!
Балалар сайқымазақпен қоштасады.
Тәрбиеші: Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай - саладан ағады,
Бүршік жарып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Бөбектерім айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем мезгілінде.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілі. Олай болса, бәріміз Ару көктемді қарсы алайық.
Көктем билеп кіреді:
Мен көңілді көктеммін, былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың, түбіне тал еккенмін,
Гүл болып қырда егілем, дән болып жерге себілем,
Жаңбыр болып жауам да, нұр болып көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге, қуатын күннің әкелем,
Табиғаттың төсіне, тіршілігін әперем.
Аяулы аналар, әжелер, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Амансың ба , АРУ көктем! Ұлан байтақ еліме қош келіпсің! Шуағыңмен шаттандырып, нұрыңды мол төге бер! Сізге арнап би билеп, ән шырқап берейік.
Ән: «Биікке, биікке, биікке».
Тәрбиеші: Келсе көктем сырнайлы,
Бұлақ күліп тыңдайды.
Шуақ төгіп күміс күн,
Бұлбұл бақта жырлайды.
Балалар тақпақтарын айтады.

Абдолла: Арналады сізге бүгін әніміз,
Ардақтайтын , мақтанатын кезіміз,
Тәрбиелі ұл- қыздарды өсірген,
Асыл әжем ұзақ өмір сүріңіз.
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған,
Жұмыстан үйге шаршап келсе дағы,
Бал сөзі БОТАМ деген сая маған.
Нұрдана : Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да, ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп анам жүріңіз.
Ақнұр: Мәпелейді, әлдилейді, бағады
Құлыным деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Менің анам қалай уақыт табады?
Тәрбиеші: Олай болса қыздарымыз «Гүлдер» биін билеп берсін.
Інжу:Менің әжем сабырлы,
Табар әркез ақылды
Менің әжем бауырмал,
Жинайды алыс жақынды.
Баланың да тілегі,
Ананың да тілегі,
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Тәрбиеші: Анамызға сыйлықты,
Дүкеннен сатып алмаймыз
Бар өнерімізді аямай,
Өз қолымызбен жасаймыз. Олай болса, аналарымызға жасаған сыйлығымызды табыстауға рұқсат етіңіздер.

Категория: Мерекелік іс шаралар
Просмотров: 2844 | Загрузок: 101 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]