Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Әрбір бала бір жұлдыз.
[ Скачать с сервера (27.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
16.08.2015, 17:01

Тәрбиеші:Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда
Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда
Қол соғып,қошеметтеп шақырайық
Балдырғанның бүлдіршін түлектерін,дей келе бүгінгі балабақша бітірушілерін қол соғып,құреметпен шақырайық.
Салмақты жігіт Бектемір мен ақылды қыз Алина.
Ақ көңіл қыз Мадина мен батыл жігіт Мирас.
Өнерлі жігіт Хассанал мен сұлу қыз Раяна .
Тәрбиелі жігіт Нұрислам мен көрікті қыз Ақнұр .
Сері жігіт Нұрмұратпен мейірімді қыз Нұрила.
Сүйкімді қыз Арай мен шыншыл жігіт Дамир
Инабатты қыз Айнель мен көркем қыз Құлжабек Іңкәр
Білімді ару Іңкәр мен еркетай қыз Жамиля.
Сыпайы қыз Гүлбаhар мен ибалы қыз Эмелия
1.жүргізуші:Алина
Құрметты қонақтар армысыздар
Бәрінізде есен- аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманның
Ал, достарым ақ жол тілеп,сөз бастаған.
2.жүргізуші:Бектемір
Ақ тілекті ақытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
Тәрбиеші:Рахмет балалар. Бүгін бізде үлкен мереке балабақша табалдырығын тәй-тәй басып,кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр.Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Біріншіге барамын» атты ертеңгілігімізді көріп тамашалаңыздар.
Сөз кезегін «Баянсұлу»балабақшасының меңгірушісі Турбаева Сарқыт Ақмырзақызына береміз.
Тәрбиеші:Рахмет апай.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Әсем бимен,көнілді әуен,түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады,дей отыра бүгінгі балабақша бітірушілер «Қоштасу» вальсімен ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:Қандай керемет,рахмет балалар,өте тамаша би болды.
Балалар, сендер балабақшамен қоштасып, мектепке барғалы отырсыңдар. Сендерге білім кілтін табыс еткелі отырған қонағымызды ортаға шақырайын. (Ортаға музыка әуенімен Білім ханшайымы шығады)
Білім ханшайымы:
Сәлеметсіңдер ме ,балалар!
Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар,
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар!
Көк жүзінде самғаңдар
О, жараңдар, жараңдар,
Қане мұнда қараңдар!
Олай болса, балалар, тентек болмауға, сабақты жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер!
Бәрі бірге: АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!
тәрбиеші:Балалар қараңдаршы сендерге білім ханшайымы көп сыйлықтар алып келіпті. Ең бастысы білім кілті бар екен. Олай болса Білім ханшайымы мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге білім кілтін табыс етуіңізге рұхсат.Білім кілтін балабақшамыздың мақтаныштары Нұмұрат пен Нұрилаға табыстайық.
Білім ханшайымы бір балаларға білім кілтін табыс етеді.
Білім ханшайымы:Ал енді балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға дайынмын.Ал сендер менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдарма?
Бәрі бірге:Дайынбыз.
Білім ханшайымы:Жарайсыңдар!
Рахмет ханшайым.Міне, балалар, мектепке деген жолдамаларыңды мінекей алып отырсыңдар.Сендер осы балабақшада тек ойнап қана қойған жоқсындар, сонымен қатар білім де алдыңдар. Ал, балалар, нені үйрендіңдер, кім айтады?
Жамиля.
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында!
Нурислам
Очень нравится ребята,
Нам английский изучать.
Поначалу, правда трудно,
Много надо повторять.
Айзере
Кошка – cat,
А крыса – rat.
Шляпа – hat,
А коврик – mat.
Арай
Папа – father
Мама – mother
Брат есть – brather у меня,
Тетя – aunt
И дядя – uncle.
Вот и вся моя родня.
Ал енді шағын көрінісімізге кезек берейік.Ортада Нұрмұрат,Іңкәр,Хассаналды шақырайық.
Тәрбиеші:Ой жарайсыңдар!
Тәрбиеші:Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Қуанышты бүгінгі
Құтты болсын тойларың.-дей отырып балаларымыздың «біздер алты жасқа толдық» әнін қабыл алыңыздар!
Білім ханшайымы:Рахмет балалар,өте тамаша.Енді сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұрғаны.
тәрбиеші:Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң,жауабы дайын. Қазір мен логикалық жұмбақтар оқимын. Ал, сіз балалардың жауабын тыңдаңыз.
1.Төрт баланың неше қолы бар?
2.Көгалда 7 қоян отыр.Аңшы атқанда олар қашып кетті.Көгалда неше қоян қалды?
3.Қақпаның арғы жағында 4 құлақ көрініп тұр.Неше мысық тығылған?
4.2 аюдың неше аяғы бар?
5. Сұрақтар: 1.Туған елді, туған жерді,қандай сөзбен атаймыз?
2. Саған жаным, күнім, ботам, құлыншағым дейтін кім?
3. Балабақшада сендерді кімдер күтеді?
4.Екі қоянның неше құлағы бар?
Тәрбиеші:Көрдінізбе біздің балалар қандай ақылды?
Білім ханшайымы:Жарайсыңдар білімдеріңді шыңдай беріңдер.
Алина.
Ән;
Ортада Бектемір ұлдарыныздың «Қыздар ай»әнін қабыл алыңыздар.
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз,- деп енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.

Қ.Іңкәр
Орын берген бақшадан
Сарқыт апай жақсы адам!
Сондықтанда біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.

Бектемір
Баулап, баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек, кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз Шарапат апай, өзіңізді!

Нурила
Сазгер Сәкен ағайды,
Тыңдаймыз, жақсы көреміз.
Биді күнде үйреткен
Гүлзат апайды қимаймыз
Раяна
Ағылшын тілі біз үшін,
Ана тілмен пара пар.
Үйреткен Мира апайға
Алғысымыз мол айтар
Нұрмұрат
Қабылдайтын күлімдеп,
Еркелетер қозым деп.
Асыға күтіп тұрамыз,
Жансая мен Аймереке апай келсе деп.
Дамир
Сүйген өз қыз өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай,
Шынар апай барлығын.
Жақсы көрдің балаңдай.
Мадина
Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы Гүлсім апайға
Айтарымыз мың алғыс!
Жүргізуші;Бектемір
Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барамыз.
Тәрбиешім, өзіңмен,
Қоштасу әнін саламыз.
ХорТәрбиеші апай»әні
Тәрбиеші:
Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Ал енді көнілімізді көтеру үшін сендермен ойын ойнап жіберейікші.
Ойын: «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден10-ға дейінгі сандар беріледі,музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.
Тәрбиеші:Білім ханшайымы біздің балалар көріп байқап отқаныңыздай үш тілді жетік меңгерген.Соны тағы да дәлелдегілері келіп отырған сияқты.Ортада Көктемнің жайнаған гілдеріндей болып тұрған қыздарымызды шақырайық.
Тәрбиеші:Рахмет қыздар.
Сахна төріне осы қыздарымыздың құрметіне Аруна өз ән шашуын ала келіпті,қабыл алыңыздар!
Рахмет Аруна өнерің өрге жүзсін.Ал ендігі кезекті балаларымыздың балабақшаға деген жыр шумақтарына берелік
Мирас
Милый садик помни нас,
Вот настало расставание,
Воспитатели родные
Мы уходим в первый класс!
Хассанал мен Айнель
Наш любимый детский сад,
Ты наш дом второй.
Расставаться в этот час
Грустно нам с тобой.
Добрый детский сад, спасибо,
Много сделал ты для нас.
Очень жаль с тобой прощаться,
Но пора нам в первый класс.
Да свиданья, куклы наши,
Даши, Сони и Наташи.
Новых девочек встречайте,
Дружно с ними вы играйте
Тәрбиеші:
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп,
Көңілді биді көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер
Би«Бақытты балалық шақ».Ортада «Баянсұлу» балабақшасының бүлдіршіндері.
Тәрбиеші:Рахмет балалар.Ортада көрініс.«Үш ана»

Көрініс: «Үш ана»
Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық, үстел астында қуыршақ жатады.
Қатысушылар:
Жүргізуші
Қыз-
Анасы –
Апа-
Жүргізуші: Ойыннан келген Фариза
Қуыршағын іздеді
Астынан үстелдің тапты да
Хал сұрауды көздеді
Қыз: Қызым менің қалайсың
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отырмай
Тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың
Отыр кәне қасыма
Тамақтанып аласың (қуыршағына тамақ береді)
Жүргізуші: Мадинаның осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат тапай қызының
Қалын сұрап біледі.
Ана : Фаризажан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде сағат ұмытпай
Тамағыңды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін. (Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші: Анасының артынан
Аптығып әже кіреді
Ол дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әже: Айналайын алтыным!
Шаршадың ба жарқыным?
Ішпедің – ау тамақта,
Жайын ойлап жалпының
Қарашығым, қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың (қызының қасына отырады)
Жүргізуші: Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әрқайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Бәрі бірге Қандай қиын, қараңдаршы
Қырсық мінез бала болу
Бәрінен де оңай емес
Білсеңіздер ана болу.
Тәрбиеш:Балалар біздің ата-аналарымыздың да ойнағысы келетін шығар,ендеше ата-аналарымызды ортаға шақырып ойнатайық.
Ойын атауы(Кім жылдам?)деп аталады.Ортаға 3 ата ана шықсын,ортада тұрған үш шеңберге менің айтқан саныма сай бала жинаймыз.Іске сәт ендеше.
Рахмет аналар.
Жүргізуші: Біз байқамай отырған бір әнші бар,
Өнеріне өзгелер тәнті шығар
Ролланды шақырайық біз ортаға
Жүректі тербеп алар, әнді шырқар,-деп Сіздердің құрметтерінізге бітіруші бүлдіршініміз Іңкәр қызымызды «Анашым»әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Көріп тұрып түлектерді қаншама,
Жақсы тілек білдірейік баршаңа
Өрендерім өлең айтып, би билеп,
Өнерлерін салсын бүгін ортаға,деп бітіруші Балдырған тобына деген ән шашуымен келген кішкентай бөбектерімізге кезек берейік.
Ортада би.Көбелектер биі.
Дінмұхаммед.
Ақ жол тілеймін достарым.
Беске оқыңдар сабақты
Осы әнімді жолдадым
Достарыма ардақты
Тәрбиеші:
Рахмет балалар.
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Қоштасуға арналған,
Әнімізді қабыл алыңыз.
Ән:Фаризаның орындауында «Детский сад»әні.
Жүргізуші:рахмет балалар. Ал енді ең маңызды шарамыздың бірі Ересек топ балаларының,ортаңғы топ балаларына Баянсұлу балабақшасының туын табыс етуі.
Гүлбаһар.Хассанал
Желбірейтін биікте
Баянсұлу туы аманат
Кір келтірме атына
Биікте жүр жас қанат!
Кәусар,Ислам
Сіздердің үміттеріңізді ақтауға ант етеміз!!

Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер Ересек топтар Баянсұлудың киелі туын ортаңғы топқа аманат етіп тапсырды. Ортаңғы топ бүлдіршіндері осы балалардың аманаттарын,Баянсұлу балабақшасын биіктерден көрсете береді деп сенеміз.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Балаларым жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.-дей отырып балаларымыздың балабақшамен қоштасу әнін қабыл алыңыздар. «Қош бол Балабақшам»
Жүргізуші:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман- есен, мықты болсын
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын,
Мектепке барар қадамдарың құтты болсын!
Құрметті ата- аналар, балабақша ұжымы! Бүгін жылдар бойы мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп, бөбекжайымыздың 2015 жылғы түлектерін балабақшадан шығарып салғалы отырмыз.
Сөз балабақшамыздың меңгерушісі Турбаева Сарқыт апайға беріледі.
Тәрбиеші;
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
Алыңдар терең білімді
Сәтті болсын жолдарың! – деп сыйлықтар сыйланады.
Ата- аналарға алғыс хат беріледі.Түлектеріміздің ата- аналарына сөз беріледі.

Категория: Мерекелік іс шаралар
Просмотров: 5275 | Загрузок: 117 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]