Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Көкөністерден көже жасау»


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Технологиялық карта]
16.11.2020, 13:08

«Қатынас» білім беру саласы бойынша Сөйлеуді дамыту

 ұйымдастырылған

оқу –қызметінің

 технологиялық картасы.

Күні, айы, жылы: 21.10.2019

Тақырыбы: «Көкөністерден көже жасау»

Мақсаты: балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру, жеке сөздерді айтуға ынталандыру. Ыдыс-аяқты ұқыпты ұстауға, аспазшылардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Көкөністердің суреттері

Оқуқызметінің

кезендері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- түрткі

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаныжұтайық

Шаттық шеңберге тұрады, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдық-іздену

Демонстрациялық көрнекілік қолдану.

-Балалар, көкөністер туралы мына өлеңді тыңдайықшы.

Шолып едім бақшаны

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл,сары қызыл, көк,

Сан алуан көкөніс.

 -Өлеңде не туралы айтылған? Балалардан көрнекілікті пайдаланып, сұрақ-жауап әдісі арқылы көкөністердің пішінін, түсін сұрайды.

-Үйде аналарың көкөністер қосып, тамақ әзірлейді. Қазір мен сендерге көкөністерден қалай көже жасалатынын көрсетемін.

Дидактикалық ойын: «Тамақ әзірлеу» (ойыншық ыдыстармен көрсетіп әңгімелеу).Плитаға ішінде суы бар кастрөлді қоямыз, суымыз қайнағанша картопты қазанға пиязды қуырып аламыз.

 

 

 

 

Өлеңді мұқият тыңдайды.

 


 


балалар жауап береді.

 

Тәрбиеші пиязды кастрөлге салып, сорпаны араластырады.Өкінішке орай біздің плитамыз жанбайды, сондықтан қазір аспаз апайымызды шақырамыз, көжемізді әрі қарай нағыз плитаға апарып, түскі асқа пісіріп берсін.

Аспаз келіп: «Түскі асқа осы көкөністерден көже пісіріп беремін»,-деп уәдесін беріп, шығып кетеді.

Сергіту сәті 

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйрімді.

Бастап кетем дұрыстап,

Сайгүлікше жүруді

Бір!Екі! Бір!Екі! (С.Қалиұлы)

Үлестірмелі материалмен жұмыс:көкөністерді бояйды.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан көкөніс түрлерін,түстерін сұрау


 


 


 


 


 


 

Қимылын келтіріп жаттығулар орындайды.


 

 

Көкөністерді түстеріне қарай бояйды.

Рефлексиялық-түзетуші

-Балалар көкөністерден пісірген көжемізді неге құямыз?

-Ыдыстарға нелер жатады?

-Бұл ыдыстар аналарыңа не үшін қажет?

-Олар қалай пайдаланады?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылап, мадақтау.

-Ыдыстарға

 

 

-Кастрөл, қазан, шәйнек, қасық, пышақ, тәрелке, табақ, кесе-бұлар ыдыстар. Бұл заттар күнделікті өмірімізге өте қажет.

Күтілетіннәтиже:

Біледі: суретбойыншаәңгімеқұрастырудыжәнекөкөністерді

түсіне сәйкес бояйды.

Игерді: көкөністердің пішінін, түрін, түсін ажыратуды, ыдыстарды қалай атау керектігін;

Меңгерді: баяндау (әңгімелеу) мәтінін құрау білу

 

Тәрбиеші: Төкен А.Қ.

Категория: Технологиялық карта | Добавил: Admin
Просмотров: 942 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]