Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ағартушылық дкмократтық мазмұндағы реалистік жаңа жазба әдебиет


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 13:05

АҒАРТУШЫЛЫҚ, ДЕМОКРАТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ РЕАЛИСТІК ЖАҢА ЖАЗБА ӘДЕБИЕТ

Ағартушы, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының XIX  ғасырдағы әлемдік өркениет дамуындағы маңыз. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары. XIX  ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар және оның реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалы.

 

Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1868)

Өмірі туралы мәлімет. Отбасылық тәрбиедегі әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың өнегелі ықпалы. Шоқан мұрасының жариялануы, зерттелуі (Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, т.б.) Шоқан – қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол – публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», т.б.

Шоқанның қазақ ақындары Бұқар, Шал, Шөже, Жанақ, Түбек, Орынбай, т.б. туралы, суырып салмалық (импровизация) өнері, Абылай ханға және қазақ батырларына  арналған тарихи жырлар туралы жазғандары.

Шоқанның қырғыздың тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері. «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауы «Көкетай ханның өлімі және асы» деген үзіндісін орыс тіліне аударуы.

Ғылыми очерктері мен күнделтеріндегі жазушылық-публистік суреткерлік шеберлік белгілері. Табиғат суреттері, адамның кескін-келбеті, мінез-құлқы, тұрмыс суреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар» немесе «Қашқария туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі», т.б.

Шоқанның өз ата-анасына,  Ф.М.Достаевскийге, А.Н.Майковке, К.К.Гудковскийге, Г.А.Колпаковскийге, т.б. жазған хаттары және ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

Шоқан туралы орыс ғалымдарының (Г.Н.Потанин, И.Н.Березин, Н.А.Аристов, Н.И.Веселовский, В.В.Бартольд, Н.М.Ядринцев, т.б.) еңбектері.

Шоқан Уәлиханов мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.

 

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889)

Өмірі туралы мәлімет. Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Ыбырай – ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы. Ол – қазақтың ұстаздық-тәлімгерлік (педагогикалық) ұлағатын әлемдік деңгейге көтерген тұлға. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық сырлары.

Ыбырай  - қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы («Киргизская хрестоматия», т.б.).

Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын  түсіндіретін оқу-құралын жазуы («Шариат-ул-ислам», «Мұсылманшылық тұтқасы»).

Ыбырайдың қазақтың халықтық әдеп-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері: «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және рған ас беру дәстүрінің очеркі».

Қаақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары: «Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы».

Халық ағарту мәселелері хақындағы көсемсөздік (публицистикалық) мақалалары, хаттары. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.

Өлеңдері: оқу-білім, ағарту («Сөз басы», «Өнер-білім бар жұрттар»), адамгершілік тәрбиесі («Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым», «Арыз бол кедей болсаң ұрлықпенен», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары («Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы», «Азған елдің молдасы», «Береке кеткен елдерде», «Әділдік көрмеген үш төреге айтылған сөз»), табиғат («Жаз», «Өзен») тақырыптары. Ыбырай өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқының тұрмыстық халін, өмір мазмұнын көркем тілмен бейнеленуі.

Ы.Алтынсарин әңгімелері – ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі. Әңгімелерінің еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулудағы ықпалды қуаттылығы. «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық», т.б. әңгімелеріндегі адам тәрбиесіне қатысты философиялық, психологиялық мәселелер. Әңгімелерінде адамның мінез-құлқындағы сан-алуан сапаларды бейнелеу арқылы өмірді мағыналы, саналы мазмұнда өткізуге шақыру.

Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешім тұрғысындағы үндестік.

Ы.Алтынсариннің аудармалары, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, В.И.Даль. К.Д.Ушинский, И.И.Паульсон шығармаларын аударудағы жазушының өзіндік ерекшелігі. Жеке сөздердің дәлме-дәл мағынасын қуаламай, қазақ халқының ұғымына сай еркін аудармалық үлгіні қолдануы.

Ыбырайдың халық әдебиеті мұраларын жинауы және оларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдалануы («Орақ батырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі», «Жанақ пен Баланың айтысқаны», «Қобыланды батыр мен Тайбурыл», т.б.).

Ыбырай шығармашылығы – қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз. Ы.Алтынсарин – қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.

 

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)

Шығармашылық өмірбаяны. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абайдың қалыптасуы мен өсу жолындағы өнегелі әкесі құнанбай қажының, әжесі Зеренің, шешесі Ұлжанның және басқа да билердің, шешендердің, ақын-жыраулардың, оқымысты орыс достарының пайдалы әсер-ықпалы.

Ұлы Абайдың шығармашылық қалыптасуына шешуші ықпал еткен үш арна: қазақ халқының рухани мәдениеті (фольклоры, ақын-жыраулар мұралары, т.б.). шығыстың классикалық әдебиеті мен ғылымы, орыстың классикалық әдебиеті және Еуропаның философиялық  ғылымы.

Жас шағындағы өлеңдері: «Иузи-Раушан», «Физули-Шәмси», «Әлиф-би», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік».Өлеңдері.

 – азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар: «Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Қалың елім, қазақғым, қайран жұртым», «Келдік талай жерге енді», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Лай суға мал бітпес», «Өлсе өлер», «Сенбе жұртқа», «Өлсем орным қара жер», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Сегіз аяқ», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ»;

– махаббат, ғашықтық сезімдерімен өрілген тебіреністер: «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Білектей арқасына өрген бұрым», «Қызарып, сұрланып», «Көзімнің қарасы»;

 – табиғат суреттерін айшықтау: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры»;

– оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлау: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер ойын арзан», «Бір дәурен келеді күнде»;

– ақындық өнер туралы: «Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы», «Адамның кейбір кездері», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;

– ән өнері туралы: «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтан кіріп бойды алар»; 

 – табиғат пен адамдық мінез-құлық, іс-әрекет, сезім мәселелерін астастыра жырлау: «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Көлеңке басын ұзартып»;

– сыншыл, сатиралық мазмұндағы өлеңдері: «Адасқанның алды жөн», «Байлар жүр», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көжекбайға», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды», «Бойы бұлғаң».

Ән-өлеңдері: «Алыстан серпеп», «Сен мені не етесің», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Айттым сәлем қаламқас», «Біреуден біреу артылса».

Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: «Татьянаның әні», «Онегиннің жауабы»;

Аудармалық өлеңдерге ілесе шығарған әндері: «Қараңғы түнде тау қалқып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Сұрғылт тұман дым бүркіп».

Абай – қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлеткен жаңашыл ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.

Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Ақын шығармашылығындағы бейнелілік сырлары.

Абайдың аудармлық-назиралық шығармалары – әлемдік әдебиетті қазақша сөйлетудің үздік үлгілері. М.Лермонтовтың отызға жуық өлеңін аударуы. Оның өлеңі мен поэмаларын аударудағы Абай аудармашылығының шеберлік белгілері. М.Ю.Лермонтов аударуындағы Дж. Байрон, В.Гете өлеңдерін Абайдың қазақшаға аударуы. Аударма шығармаларындағы ұлы Абайдың ақындығын айқындайтын төлтума бояулар.

А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан алынған хаттар негізіндегі махаббат жырлары – нәзира үлгісімен жырланған лирикалық дастан. Түпнұсқаны қайта жырлаудағы Абай нәзирасының ерекшеліктері  (Қараңыз: Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі (Жұлдыз, 1991, №11, 146-153-беттер).

И.Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығу: «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден».

Поэмалары. Абай поэмалары – оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абай поэмалары – дәстүрлі нәзира үлгісіндегі шығармалар.

«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселенің философиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт ұсынатын жеміс (ақ-ақыл, сары-дәулет, қызыл-әйел мен достық) және оның мәні.

«Ескендір» поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары. Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактикалық, философиялық қорытынды жасау.

«Әзім әңгімесі» атты аяқталмаған поэманың арқауы «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманың опасыздықты (аяршал) танытушылық қуаты.

Абай шығармаларындағы көркем бейне, композициялық, сюжеттік құрылым, көркемдік, бейнелілік мәселелер.

Абайдың аудармашылығының, нәзирагөйлігінің кейінгі қазақ әдебиеті дамуына жалғасқан тарихтық, мәдениеттік, көркемдік, шеберлік дәстүрі тұрғысындағы игі әсері.

Абайдың қара сөздері. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түрі екендігі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді (М.О.Әуезов. 20-т. 218-219-беттер).

Абайдың қара сөздері – ежелгі гре ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар. Олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері:

- халық тарихы қазақ еліндегі қоғамдық құрылыс, елді басқару мәселелері 3, 8, 22, 38, 41, 42, 46-сөздер).

- оқу-ағарту, ғылым, өнер-білім, халықтық тәлім-тәрбие мәселелері (2, 8, 10, 17, 18, 25, 32, 33, 38, 43-сөздер).

- еңбек шаруашылық, тұрмыс туралы (29, 33, 42-сөздер).

- адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері туралы (4, 14, 15, 17, 18, 21, 22, 28, 34, 42, 44-сөздер).

- дін, имандылық, өмір сырлары туралы (12, 13, 15, 17, 31, 35, 36, 37-сөздер.

Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері: тарихтық мақала-очерк (46-сөз), мысал-өсиет, әңгіме (27-сөз), афаризм (37-сөз), дидактикалық насихат кеңес (4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 18, 20, 25, 27, 31, 32, 40-сөздер), көркем сөздік памфлет (6, 11, 14, 22, 39, 41-сөздер), мемуарлық мақала (1-сөз).

Абай қара сөздерінің тілі, стилі. Қара сөздердегі автор мен таңдаушы сұхбатына тән стиль ерекшеліктері. Абай қара сөздері – ұлттық өнеріндегі публицистика, ғылыми-философиялық  мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.

Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абайтану ғылымының тарихындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш зиялылырының бастама еңбектері.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – абайтану ғылымының негізін қалаушы, мазмұн-сипатын қалыптастырушы. Абайтанудың қазіргі жағдайы және болашағы.

Қорытынды. Абай – қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиеттің негізін салған ұлы классик ақын.

 

Ақылбай Абайұлы (1861-1904)

Өмірі туралы мәлімет. Ақын ретінде қалыптасуындағы әкесі Абайдың әсері. Ақылбайдың домбырашылық, скрипкашылық, сазгерлік (композиторлық) өнері.

«Жаррах» поэмасы. Оның шығыс әңгімесі «Жеті үй» дейтін ұзақ ертегіден алынғандығы (жоғалып кеткен).

«Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезім күйлерінің (қызғаныш, кек, махаббат) тартысты оқиғалар үстінде романтикалық әуенмен жырлануы. Қызғаныш пен кекке уланған Жүсіп, махаббатқа өмірлерін бағыштаған Заира мен Жебірейіл бейнелері. Поэманың романтизм көркемдік әдісі сипатындағы ерекшеліктері, тілі.

«Зұлыс» поэмасы – жоғалған нұсқадан қалған үзінді. Поэмадағы Омпапа бейнесі – отаршылыққа қарсы күрескерлердің өкілі. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Зұлыс»  – Ақылдайдың аса қою оқиғалы роман-поэма түрінде жазылған үлкен көлемді шығармасы екендігі.

 

Мағауия Абайұлы (1870-1904)

Өмірі туралы мәлімет. Көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері. «Еңлік - Кебек», «Абылай» атты поэмалары (қолжазба күйінде сақталған).

«Медғат – Қасым» поэмасының романтикалық көркемдік әдіс тұрғысындағы ерекшеліктері. Қасым, Сәлім мен Ғазиза бейнелері арқылы кек пен махаббат сезімдерінің жырлануындағы көркемдік шешім мәселелері. Поэмадағы ақын қолданған көркем тіл мен бейнелілік мәселелері.

Қосымша (өз бетінше) оқуға ұсынылатын:

Көкбай Жанатайұлының (1864-1927), Ақыт Үлімжіұлының (1868-1940), Жүсіп Ешниязұлының (1871-1927) шығармашылық мұрасы.

 

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)

Өмірі туралы мәліметтер. Ақын-жазушы ретіндегі шығармашылығының қалыптасу жолы. Лирикалық өлеңдеріндегі көңіл-күй философиясы («Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Таудағы тас ұядан», «Ол күндерді тапсырдым», «Бұл күнде жас көңілім судай тастың», «Сұңқардай шалықтаған тас ұяның», «Аллаяр жаздым, аға, Көлборсыдан», т.б.), махаббат («Қатшекейге», «Жігіттің болса жақсы алған жары»), табиғат («Қайран жерім», «Көлторғай», «Нарын туралы», т.б.), оқу, білім, ғылым («Ғылым», «Эдисон»).

«Сардар Сегіз» тарихи дастаны. Дастанның композициялық құрылысы. Сегіз Сері бейнесін сомдаудағы тарихи шындық пен көркемдік жинақтау мәселелері.

Шәңгерей шығармашылығының әлемдік әдеби дамуға байланысты жақтары (романтизм, символизм мәселелері). Ақын шығармашылығының тілі, бейнелілігі.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнына байланысты жалпы қорытындылар.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: жазба, жаңа, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, реалистік, дкмократтық, Ағартушылық, мазмұндағы, әдебиет
Просмотров: 9231 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]