Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Абай өлеңдеріндегі махаббат лирикасы
[ Скачать с сервера (56.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
10.09.2015, 20:51

Дала кемеңгері Абай – қазақ елінің мақтанышы. Абай дегенде толғанбаған қазақ, ойланбайтын адамзат болмайтын шығар сірә?! Ойлы өлеңдерімен, асыл қара сөздерімен өскелең ұрпаққа қанат бітіріп, тәрбие мен адами қасиеттерді әрдайым бойға сіңірткен данышпан ақынның өсиеті – мәңгілік мұра. Абай өлеңдерін бағаламау, болашаққа дәріптемеу үлкен күнә болар. Әр қазақ баласы қазақтығын Абай құндылығымен дәлелдей білуі тиіс.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Абай мұралары сан алуан. Олардың ең көлемдісі – лирикалық шығармалары. Оның лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, тұтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Лирика бес түрге бөлінеді.
1. Табиғат лирикасы
2. Махаббат лирикасы
3. Философиялық лирика
4. Саяси лирика
5. Көңіл - күй лирикасы

Категория: Қазақ әдебиеті
Просмотров: 4715 | Загрузок: 133 | Рейтинг: 1.6/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]