Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақтың салт-дәстүрлері
[ Скачать с сервера (93.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
16.11.2013, 13:53
Қазақтың салт-дәстүрлері 

Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.
Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.
Тыйым«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Араша Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді.
Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
Абысын асы (салт). «Абысын тату болса ас көп» (мақал). Бұрын бір ауылдың әйелдері яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен-кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазанға салып, шәй қойып өздері бір кеш сауық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады.Дастарханды кең жайып дәм татады. Міне, осы бас қосу, осындағы дәм «абысын асы» деп аталады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын.
Ат майы (дәстүр). «Ат майы» қайтты. Тигені ала бие (І.Жансүгіров). Халық дәстүрі ел арасында отырған адамдарды ешқашан ескерусіз қалдырмаған. Оның мұң мұқтажы мен әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына құлақ асқан. Мысалы, тұрмысы нашар, жоқ жітік, жетім-жесірлерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып отырған. Соның бірі – ат майы. Мінер аты жоқ кедейлер бұрын байлар мен ауқатты кісілерге немесе көрші-көлем, туған-туысқандарына келіп «ат майын» сұрайды. Яғни бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мініске ат сұрайды деген сөз. Мұның мағынасы алыс жолға мінген ат ариды, күйін жоғалтады. Ат сұраушы осыны меңзеп отыр. Мұндай жағдайда әр адам сұраушының көңілін қалдырмаған. Бұл да қазақтың қайырымдылық ғұрпының бір белгісі.
Ат құйрығын кесу (дәстүр). «Ат құйрығын кесіңдер, хан талау қылып алыңдар!» (Жанкісі). Ел арасында әртүрлі жағдайлармен қақтығысқан, енді көрместей болып біржола кетіскен, бітіспес адамдар өз елінен, туған-туысқандарынан безіп кетеді. Мұндай жағдайда ол өз атының қыл құйрығын кесіп, қолын төбесіне қойып елден шығады. Бұл енді келмеудің, ағайыннан, елден безінудің, ащы араздықтың, артына қарамай кетудің өліммен тең өте ауыр шарасы. «Ат құйрығын кесіп кетті» деген сөз осыдан шыққан. Мысалы Шәкәрімнің«Қалқаман-Мамыр» дастанында Қалқаман батыр өзін оққа байлаған ел-жұртынан осылай кеткен. «Ат құйрығын кеспе», «төбеңе қолыңды қойма» деген тыйым осындайдан қалған.
Байлау (салт). «Бері кел, байлан мынаны!» (Ғ.Мүсірепов). Қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін салттарының бірі – байлау. Соғып алған аңды кездескен кісіге сыйлау, олжаны, тауып алған дүниені (затты) жанындағы адамға ұсыну ежелден қалыптасқан ұлттық әдет. Бұл салтты бұзу адамгершілік әдебінен аттау ретінде жазаға тартылады, сөгіс жарияланады немесе ел алдында бетке басылады. Дегенмен мұндай жағдайда аңшы адамның алғашқы олжасы болса, ол «байлануға» жатпайды, керісінше оған «құтты болсын» айтады.
Жеті қат көк — қазақ халқының көне заманнан келе жатқан мифологиялық түсініктерінің бірі. Айқын мифтік мәнге ие бола тұра бүгінгі қазақ тілінде "шырқау биік, шексіз аспан” дегенді білдіретін жай ғана астарлы, орнықты сөз тіркесі ретінде сақталып қалған. "Жеті қат көк” ұғымының үш мағыналық сипаты бар.
Біріншісі, мұсылмандық мифологиясында аспанның жеті қабатты болып түсіндірілетіндігі. Алла тағала аспанды жеті қабаттан тұратын етіп жаратқан, бұл туралы Құран Кәрімде: "Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?” (72-сүре, 14-аят), Алла тағала аспанға "айды нұр, күнді шам қылды” (72-сүре, 15-аят) деп айтылады. Мұсылмандық түсінік бойынша, Алла тағаланың тағы жетінші аспанның үстіне орналасса, жетінші аспанның өзінде жұмақ — джанна, бірінші аспаннан төменірек тозақ — жаҝаннам орналасқан делінеді. Аспанның басқа қабаттарында нұрдан жаралған, Алла тағаланың еркін адам баласына жеткізуші мәлеиктер мен періштелер тұрады. Өзінің қасарысқан сенбейтіндігімен аты қалған Нимруд патша туралы мұсылмандық аңызда бірінші аспанға жету үшін де, оны келесі қабатқа дейін кесіп өту үшін де бес жүз жыл керек екендігі айтылады.
Екінші, кітаби түсіндірме бойынша "Жеті қат көк” дегеніміз — жалпы мұсылмандық астрономиялық танымдағы белгілі жеті жұлдызға байланысты атау. Олар — Ай, Меркурий (Ғұтрад),Шолпан (Зуҝра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал).
Үшінші мағынасы ежелгі түркілік мифологиясында түсінікке негізделеді, бірақ ол кейінгі мұсылмандық ұғымдардың астарында қалып қоюына байланысты, толықтай ұмытылып кеткен. Ол түсініктердің қандай сипатта болғандығын басқа мифтік дәстүрлердегі, ең алдымен түркі, моңғол мифологиясындағы аспан қабаттары туралы аңыздарға қарап аңдауға болады. Аспан әлемін үш, жеті, тоғыз қабатты етіп көрсету жер бетіндегі халықтардың басым көпшілігінің мифологиялық дәстүріне тән. Аспан қабаттарын жетіден де көп деп түсіну мысалдары да жеткілікті, мәселен, үнділік джайн мифологиясында аспан қабатының саны 63 болса, ламашылдықты қабылдағаннан кейінгі моңғол халықтарының түсінігінде аспан 99 қабатты болып та кейіптеле бастаған. Ал Орталық Америкадағы науа, майя, ацтек мифологиясында көк 13 қабатты болып, оның әр қабаты әлдебір құбылыстың, не тәңір-иенің тұрағы ретінде бейнеленеді. Көне түркі және моңғол мифологиясында аспан күмбез немесе төңкерілген қазан түрінде, оның жиектері жер бетіне тақалып тұрады делінеді. Аспанның тесігі болады, ол тығынмен бітеліп тұрады деп ұғынылып, оны Темірқазық деп атайды. Аспан тесігі — Темірқазық арқылы аспанның барлық қабаттарына өтуге болады. Алтайлықтар мен тывалықтардың мифінде аспан қабаттары жетіден 16 — 18 қабатқа дейін, саха мифінде — тоғыз қабатқа дейін жеткізіледі. Аспанның ең жоғарғы қабатында бас тәңір-ие "Юрюнг-айы-тойон” өзінің бала-шағасымен бірге өмір сүреді, төменгі қабаттар да әр түрлі мифтік кейіпкерлердің "айылар мен абасылардың” мекені ретінде көрсетіледі. Түркі, моңғол мифологиясын зерделей келе, қазақ халқы мұсылмандықты білмей тұрған дәуірде де аспан туралы осыларға ұқсас түсініктерге ие болғандығын аңғаруға болады.

Көңіл айту – азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі ғұрыптық салт. Бұл ізгі дәстүр көп халықтарда ертеден бар. К. а. жаны ашығандықты, қайғыға ортақтықты, жақындықты, сыйластықты білдіреді. Қазақ халқында кісі, отбасы, ауыл, ру басына түскен қайғы-қасірет, өлім-жетімге байланысты К. а. қара сөзбен де, өлеңмен де айтылады. Қаза алдымен естіртіледі де (қ. Естірту)`, содан кейін К. а. басталады. К. а-ға жұбату жалғасады. Бұл ғұрыптық салттардың бәрі өзара сабақтасып, адам ойын тереңнен тербеп, қайғысын сейілтетін филос. ойлы, ұтқыр сөздермен көркем жеткізіледі. Негізгі ой мақал-мәтелмен алыстан орағытыла келе, қайғылы адамның жігерін қайрап, үмітін жебейді. Мыс., Байдалы би Уәлидің кіші әйелі Айғанымға "Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім” деген екен. Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанда "Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес, Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне сездірмес... Әлімдердің ақ сөзі, өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар, Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!” деп көңіл айтыпты. Адамның қайғысын бөлісу қазақ қоғамында ертеден тамырын үзбей келе жатқан рәсім.
Сый табақ түрлері
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет


Сый табақ
Сый табақ түрлері[1] - сойылған малдың тиесілі мүшелерін әркімнің дәрежесіне лайықтап тартатын табақтар. Табақтың дұрыс тартылмауы кейде қонақтар арасында түсінбестік туғызады. Сондықтан сойылған малдың мүшелерін әркімнің дәрежесіне, жасына, туыстық қатынасына, т.б. сәйкес тарту дәстүрі қазақ халқында осы күнге дейін бар.
Түрлері
• Сый табақ - бас, жамбас, қазы, қарта, жал-жая, құйрық, сүбе (жылқы, қой, сиыр еті).
• Құда табақ - бас, жамбас, қазы, қарта, жал-жая, құйрық-бауыр (жылқы, сиыр, қой еті).
• Құдағи табақ - жақ, қазы, қарта, қарын, тоқ ішек, асық жілік (жылқы, сиыр, қой еті).
• Жеңге табақ - асық жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, қазы, қарта, құйрық, өкпе, ұлтабар.
• Беташар табақ - сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа.
• Күйеу табақ - төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы, қарта, жауырын, қой еті.
• Қыз табақ - құйымшақ, тоқпан жілік, бел омыртқа, құйрық, қабырға (жылқы, сиыр, қой еті).
• Құрдас табақ - тоқпан жілік, омыртқа, сүбе қабырға, қазы, құйрық.
• Бала табақ - бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асық жілік (жылқы, сиыр, қой еті).

Киіт– құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәденің бірі. Қазақ халқы арасында "құдалық белгісі киіт, қоныс белгісі – бейіт” деген мақал бар. Яғни Киіт – құдалықтың негізгі белгілерінің бірі. Киіт – бас Киіт, аяқ Киіт болып бөлінеді. Құдаларды бастап барған үлкен адамға бас Киіт беріледі де, қалған құдаларға екінші дәрежедегі (аяқ) Киіт беріледі. Киіт келген құданың беделіне, алатын орнына қарай бөлінеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем, т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе, қой) берілген. Киіттің ең төменгі түрі кездемелермен бітеді. Қазақстанның кейбір аймақтарында құда түспей-ақ тойы болғанда, сол үй ішіндегі адамдарға жеке-жеке арнап апарылған киімді де Киіт деп атайды. Қазіргі кезде "қалың мал” төленбесе де, оның Киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жоралғылары жасала береді.
Кіндік шеше — Ұлттыұ салт-дәстүр. Қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол каделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туыт үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Қазақтар екінің бірі, егіздің сыңарына баланың кіндігін кестіре бермейді, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайраң қаққан, ақ еділ аналарға ғана кестіреді. Өйткені бала кіндік кескен адамға тартады, кіндік апасы қандай болса, балада дәл сондай болады деп ырымдайды. Кіндік жолын алған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ жасап беріп көмектеседі. Әуелі үлкен азамат болғанда, азамат боп толғанда да кіндік апасын құрметтеп, кадесін өтеп жүреді. Кіндік апасына мал береді, киіт кигізеді.
Жасау
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жасау — ұзатылатын қызға берілетін дүние-мүлік. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Жасау берудәстүрі үйленген жастар, әсіресе, тұрмыс құрған қыз барған жерінде қиналмасын, ешкімге кіріптар болмай, өздерімен өздері күн көріп кетсін деген мақсаттан туған. Сондықтан жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажет заттар кірген. Қазақ халқы қыздың жасауына ерекше көңіл бөліп, "жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді” деген. Бұрын жасауға сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әшекейлі бұйымдар, сауын мал, салт ат, т.б. берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. 19 ғасырдыңдың 1-жартысына дейін ірі байлар кейде жасауға күтуші қызды да қосқан. Ал 19 ғасырдың соңынан бастап жасауға пәуеске, самаурын, тігін машиналары қосылған. жасауға берілетін мүлік түрлері әр заманның, аймақтың салтына қарай өзгеріп отырған. Мысалы, Абай ауылының ұзатылған қыздарының жасауна ұлы ақынның өлеңдер жинағын қосу салты болған. Қызды жасаумен ұзату дәстүрі қазір де бар.
Қыз алып қашу - үйлену ғұрпының бір түрі. Дәстүрлі қазақ қоғамында кейде жол-жоралғы жасап, қалың мал беруге шамасы келмейтін жігіттің ұнатқан қызын өзара келісімнен кейін алып қашуы орын алған. Екі жастың ата-аналары арасында келісім болмаған және қызды өз еркінен тыс алып қашқан жағдайда жігіт жағы ара ағайын мен билер кеңесінің шешімі бойынша айып төлеуге тиіс болды. Алайда екі жақ өзара келісе алмай Қыз алып қашудың соңы үлкен жанжалға ұласатын кездер аз болмаған. Сондықтан қазақ қоғамы "Жер дауы мен жесір дауына” жол бермей, ел арасының ынтымағы мен тыныштығын сақтауға ұмтылған.
Өлтірі Қазақтар құдалық бекіп, құйрық-бауыр жесіп, құдай деп құда болған соң, жігіт жақтан қыз үйіне Өлтір қоржын барады. Қоржынмен бірге екі бас мал апарады, қоржынға толтыра киіт салады, ақтық салады. Онысы «өлі-тірі» деген ұғымыды береді. Екі малдың бірі өлі, аруақтарға арналғаны да, бірі тірі жүрген құдаларына си-сыбаға. Оны қазақ кадесінде «өлтірі» деп атайды.    ата қазақ «өлі риза болмай, тірі байымайды» бала алғалы жатырмыз, алдымен аруақ разы болсын дегені. Өлтірі келген соң, қыз жақ туыстарын, көршілерін шақырып келген малды сойып, аруақтарға арнап Құран оқытып, шағын той жасап, құда болғандарын, қыз ұзатқалы жатқандарын дүйім елге пәш етеді, жариялайды.

Қорытынды:
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары


Киіз үйдің ішінде
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақберетін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасыаман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақкөтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтанайырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.
Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы менынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды.
Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға, қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген. Дала тұрғыны өте-мөте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап мініп кете беруге құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас тартқан адамға ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасқан.
Категория: Қазақ әдебиеті
Просмотров: 12764 | Загрузок: 436 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]