Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазтуған жырау, Асан кайғы, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 13:10

Қазтуған жырау

       Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. Қазтуған - жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры -«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Қазтуған жыраудың ақындық қуатын танытатын толғауы - туған жерімен, ата қонысымен қоштасу жыры.Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар. Мұрат ақын жырлаған «Қазтуған» жырындағы Қазтуған бейнесі жауынгер - жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.

 

Асан кайғы

Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) өмірі туралы мәлімет. Тарихи тұлға, ұлы ойшыл. Асан қайғы - Ұлығмұхамед, Жәнібек хандардың қасында болып, мемлекет ісіне араласқан, ықпалды бектерінің бірі.

Асан қайғы - аңыз кейіпкері. Аңызға айналған данышпан Асан қайғы мен тарихи Асан арасындагы қарым-катынас. Асан туралы аңыздардың тақырыбы мен мазмұнына қарай: қайғы аталуыма байланысты туган аңыз-әңгімелер; Асанның өміріне қатысты аңыздар жане Асанның ұлы Абат пен қызы Жұпардың тапқырлық істеріне байланысты аңыздар болып топтастырылуы. Асан туралы аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. Асан қайғы шығармашылығында «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан қайғының утопиялық таным тұсінігі мен ортағасырлық Буропадағы утопияның ерекшелігі.Асан қайғы - ХҮ ғасырдағы бүкіл Дешті қыпшақтың ірі жырауы.

Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері. Асан қайғы толғауларындағы дидактикалық сарын: толғауларында насихат, өнеге сөз, гибрат айтылуы («Еділ бол да, Жайық бол»).

Асан қайғының Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары. Арнау-толғауларының әлеуметтік мәні. Арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы.

Жырау толғауларында өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндірілуі.

Асан қайғы толғауларындағы - болжалдық сарын («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» толғауы «Қилы, қилы заман болмай ма» тирадасы).

Асан қайғы шығармаларының жииалып жариялану және зерттелу жайы.

 

Доспамбет жырау

Қазақ хандығының құрылу кезеңінде емір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған - Доспамбет жырау.

Доспамбет жырау өмірінен мәлімет. Доспамбет - ерлік пен еркіндікті аңсаған жорықшы жырау. Жырау толғауларының басты идеясы - ерлікті, батырлықты дәріптеу. Доспамбет жырау толғауларында елді, жерді қорғау міндеті, майданда шаһит кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы. («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере, сере қар» т.б. толғаулары)

Доспамбет жырау толғауларында ерлік, елдік мәселелерінің көтерілуімен қатар, билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының да жырлануы, өз заманының белді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай, тоғай, тоғай су »).  Доспамбет жырау толғауларында дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой-толғаныстарының жырлануы.

 

Шалкиіз жырау

Шалкиіз Тіленшіұлы (1456-1560) - қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау.

Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіздің ноғайлы-қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүргені.

Импровизатор Шалкиіздің жазбаша сауаттылығын да танытатын толғауларындағы терең ойлылық, суреткерлік шеберлік.

Шалкиіз толғауларындағы қоғам, адам өмірі жайындағы толғаныстар, дүниенің өткіншілігі, өмірдіц өзгеруі, өсу процесінде болатындыгы туралы пайымдаулары.

Шалкиіз жыраудың философиялық ой- толғаныстарынан туғаң терең мағыналы афористік сөздері.

Шалкиіз - әскербасы, батыр.

Шалкиіз поэзиясы - белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия. Шалкиіз поэзиясының рухы-ерлік. Шалкиіз толғауларында ұрыс даласындағы батырдың қимыл, қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері.

Жыраудың толғауларында «бұқарашылдық тенденциясының» көрініс табуы. Жалғыздықтың мансұқталып, бірліктің, туыстықтың дәріптелуі («Артыңда туысқанның көбі игі», «Қамалаған қалың туғанның арқасы»).

Шалкиіздің Би Темірге арналған толғаулары. («Аспанды бұл құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып »).

Арнау-толғауларындағы заман тынысы, хан мен жырау қарым-қатынасы. Ханды ұлықтай жырлауы немесе ханға мін айтуы.

Шалкиіздің ақындық шеберлігім танытатын көркемдік тәсілдер.

Шалкиіз - сахара эпосын жасаушылардың бірі.

Шалкиіз тудырған нақыл- афоризмдерді Бұқардың үлгі етуі.

Шалкиіз толғауларындағы жауынгерлік, ерлік рухы Махамбет поэзиясында қайталануы.

Шалкиіз жырау шығармашылығының зерттелуі. Шалкиіз толғауларының Кеңес өкіметі орнағанға дейін-ақ жиі басылып жарық көруі. Шалкиіз шығармашылығының қазақ, сонымен бірге, қарақалпақ, құмық халықтары әдебиетінде зерттелуі жайы.

 

Жиембет жырау

Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғ.) - Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз әңгімелер.

Жиембеттен қалған елеулі мұра - Есім ханға арналған толғаулары. Арнау-толғауларындағы Жиембеттің хан мен халық алдындагы үлкен еңбегі, жоғары беделі көрініс табуы.

Жиембеттің арнау-толғауында билеуші мен жырау арасында қайшылықтардың суреттелуі және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.

 

Марғасқа жырау

Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.) - Есім ханның батырларының бірі жырау.

Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері Марғасқа жырау - ерлікті, антқа беріктікті жырлаушы. «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.

Ақтамберді жырау

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768)-жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол бастаған батыр, жортуыл жыршысы, әлеуетті жырау.

Ақтамберді жыраудың өмірінен мәлімет.

Қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде өмір сүрген Ақтамбердінің жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны.

Ақтамберді толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру.

Ақтамберді шығармашылығында қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүддесі, көшпенді халықтың өмір-тұрмысы жайлы түсінігі, мінез-құлық ерекшеліктері жырлануы.

Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.

Жырау поэзиясында нақыл, афористік толғаныстардың берілуі.

 

Тәтіқара ақын

Тәтіқара ақын - қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын.

Тәтіқара ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы.

Ақын өмірінен деректер.

«Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылғаны.

Абылайға арналған «Кебеже қарын, кең құрсақ» өлеңіндегі ақынның турашылдығы.

 

Үмбетей жырау

Үмбетей (1706-1775) - өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін жырлаған үлкен тынысты жырау.

Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер, батырлардың ерлігі мадақталып, жырлануы.

Үмбетей - Абылай және ХҮШ ғасыр батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі.

Жырау толғауларында ел, жер  тарихы туралы деректердің берілуі. Үмбетейдің даңқын шығарған «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» толғаулары.

Жырау шығармашылығында жоңғарға қарсы күрестің каһарманы, атақты қолбасшы Бөгембай образының жасалуы.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: кайғы, Жиембет, Доспамбет, жырау, Қазтуған, Шалкиіз, Асан
Просмотров: 33541 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.1/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]