Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Бұқар жырау, Қожабергеп жырау, Көтеш ақын, Шал ақын


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 13:09

Бұқар жырау

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) - қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.

Бұқар жырау - өз дәуірінің данышпаны, қазақ хандығының нығаюы, орталықтандырылған мемлекетке айналдыру жолындағы Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі, көрнекті мемлекет қайраткері.

Бұқар жырау - қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ұлы тұлға, кемеңгер жырау.

Бұқар жыраудың өмірі туралы мәлімет.

Бұқар жыраудың шығармаларымың жиналуы, зерттелуі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Исмаилов, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай т.б. ғалымдар еңбектеріндегі Бұқар жырау туралы ғылыми тұжырымдар, пікірлер. Жырау толғауларының текстологиясы.

Бұқар жыраудың болжағыштық қасиеті. Болжал өлеңдері. Бұқар жыраудың мұсылманша жазба сауатының болғандығы.

Бұқар жырлары жыраулық поэзиямың дәстұрлі жалғасындай болғанымен, әлеуметтік- саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай: адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыру. Бұқар жыраудың жас ерекшеліктеріне байланысты және өмір туралы толғаулары.

Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі.

Абылай туралы тарихи жыр, толғаулардың арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.

Бұқар поэзиясы көркемдік, бейнелік тұрғысынан өзіне ғана тән белгілермен сипатталуы.

Бұқардың өзіндік шеберлігі. Көркемдік ізденістерінің әралуандылығы. Шығармашылығындағы тақырып кеңдігінің поэзия тіліне әсер етуі, образдардың жаңа түрлері, көркемдік әдіс, тәсілдердің молдығы.

 

Қожабергеп жырау

Қожаберген Толыбайұлы (1663-1762) - қазақ елі тарихындағы жырау-ақын, жауынгер, қолбасшы ретінде танымал тұлға.

Қожаберген жырау өмірінен мәлімет.Қожаберген жыраудың қазақ хандығының саяси, қоғамдық, ішкі және сыртқы мәселелерге араласуы.

Оның қосымша өнерпаздық касиеттері: күйші, ұста, емші (сынықшы, жауырыншы), аңшы (мерген, құсбегі, ат сейілі т.б.).

Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері: толғаулары («Ғасыр жас», «Жастық»); тарихи өлең-жырлары («Ата тек», «Қызылжар», «Балта керей соқыр Абыз», «Қойлыбай көреген», «Төрт жігіт») ; ән-өлеңдері («Дүние», «Аң сауығы», «Жігіттік», «Шилі өзен», «Сылаң сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау»); төл және қайта жырлаған дастандары («Баба тіл», «Елім-ай», «Ер Көкше», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Ер Сырым», «Ер Едіге», «Орақ батыр».

         «Елім-ай»  дастанының  идеялық-композициялық, көркемдік ерекшеліктері. «Баба тіл» дастанының ұлттық-этнографиялық ұлағаты.

 

Көтеш ақын

Көтеш ақын (1745-1818)- жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер жырау.

Жырау өмірінен деректер.

Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары.

«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арқа ойылдың құба жон түсер қақтар» т.б. өлеңдері.

 

Шал ақын

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы - жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын.

Шал ақынның өмірінен мәлімет.

Шал ақынның жазбаша сауаты болғандығы.

Шал ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері: этика, мораль мәселелері, кедейлік, адам өмірінің кәрілік, жастық кезеңдері.

Әйел тақырыбының Шал ақын поэзиясывда ерекше жырлануы.

Шал ақын шығармаларының сатиралық сипаты.

Шал өлеңдеріндегі лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: Қожабергеп, Көтеш, Бұқар, жырау, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, ШАЛ, ақын
Просмотров: 10096 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]