Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Бейбарыс сұлтан (1223-1277)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 14:50
Бейбарыс сұлтан (1223-1277)
  Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі – Жамақ, анасы – Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс – қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.

  Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхаммед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көп жылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауға олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. Ал 1771 жылдан бастап исламның сопылық бағытқа көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға - «крестілер жорығы» мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді.

  1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды. Мысырда тарихи әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері, халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Бейбарыстың өмірдерегіне арнап жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Алтын Ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан Волгаға дейінге аралықтағы қысқаша «жолсілтеме», Қырымның тұрғылықты халқы туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі.

  Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты, Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Бейбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді. Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны, берберліктерді толығымен өзіне бағындырды. Франктердің зәулім қамалдарын бірінен соң бірін талқандай берді. Барлық көршілес елдер мәмлүктер мемлекетімен санасатын болды.

  Ол сұлтандық билікке қол жеткізген кезде қыпшақ жерлері моңғол ханы Берке Құлағу билеп отырған Алтын Орданың иелігінде еді. Бейбарыс бірінші кезекте достық пиғылдағы хат жіберді. 1262 жылы сұлтан екі ел арасында достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнатты.

   1277 жылы Бейбарысты уәзірі қыпшақ Қалауын у беріп өлтірді. Оның сүйегі Дамаскідегі Баб-әл-Барид зиратына қойылды. Осылайша Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны «крестілер жорығы», моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды.
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: (1223-1277), ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, Бейбарыс, сұлтан
Просмотров: 3394 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]