Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Дәстүрлі ақындық поэзия, Д.Бабатайұлы, М.Өтемісұлы, Шернияз Ж.,Шортанбай Қ., Сүйінбай А.,Майлықожа С.,Б. Оңдасұлы,М.Мөңкеұлы,К.Боранқұлұлы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 13:07

ДӘСТҮРЛІ АҚЫНДЫҚ ПОЭЗИЯ

Дулат Бабатайұлы /1802-1874/

 

Ақын өмірі туралы мәлімет. Шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Патшалық отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған жерді, атамекенді құрметтеу әуендері: «Ақжайлау мен Сандықтас», «О,Сарыарқа, Сарыарқа», «Тауды екіге жарасың», «Ата қоныс Арқадан», «Әуеле қазақ деген жұрт».

Арнау, толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінез-құлықты сынауы: «Сусағанда сулатып», «Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Сендер түгіл құмырсқа», «Туралыққа көшпеген», «Қылжың, қылжың туысқан», «Атаны бала алдады», т.б.

Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар: «Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққан темірдей», т.б.

Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу /аллегориялық/ тәсілмен жырлаған шығармалары: «Айтпасымды айтқыздың», «Сары шымшық», т.б.

«Еспембет» дастаныың әдеби-фольклорлық сипаттары. Дастанның композициялық құрылысы. Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. Дастандағы жанама кейіпкерлер: Ер Қосай, Қабанбай, Ақтанберді. Дастан тілінің бейнелілігі.

«Шаштараз» дастаны. Халық аңызына сүйене құрылған дастан оқиғасының негізгі түйінінің сыр сағаттай білушілікті уағыздау екендігі.

Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдерінің өлшем-өріміндегі жаңашылдығы.

 

Махамбет Өтемісұлы /1803-1846/

 

Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары туралы мәлімет (Х.Досмұхаммедұлы, Қ.Жұмалиев, Б.Аманшин, т.б.)

Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны. Ақынның жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер / «Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда?», «Бағаналы терек жарылса», т.б./

Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі / «Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шандоздан»/.

Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесінің жырлануы / «Исатай  деген ағам бар», «Кел, кетелік», «Жақия», «Әй, Махамбет жолдасым»/Исатай атынан/, «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай!», «Соғыс», «Тарланым», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Есіл ер», «Толарсақтан саз көшіп», «Мұңайма», «Айныман», «Біз ер едік», «Қызғыш құс», т.б. өлеңдері/.

Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы / «Менің атым Махамбет», «Махамбеттің Баймағамбетке айтқан сөзі», «Қылыштай қиғыр алмас ем», «Мен – тауда ойнаған қарт марал»/.

Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері, сондай-ақ ақынның өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақынның шығармаларындағы өлшем-өрім, тіл бейнелілігінің мәселелері.

 

Шернияз Жарылғасұлы /1807-1967/

 

Өмірі туралы мәлімет. Шығармашылығының негізі – суырып салма ақындақ. Ол – Исатай, Махамбет бастаған  халық көтерілісінің жаршысы.

Ақынның толғау-термелеріндегі өмірдің қайшылықтары / достық пен қастық, қайырымдылық пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, ерлік пен ездік, т.б./ туралы философиялық толғаныстар, ақындық бағалаулар ( «А, Қазы би, Қазы би», «Көл қылып құйдым талай судай ағын», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып», т.б.).

Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер: «Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары», «Исатай мен Науша батыр», т.б.

Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері. «Шернияздың батасы», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» атты өлеңдерінің мәні.

Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілік мәселелері.

 

Шортанбай Қанайұлы /1818-1881/

 

Өмірі туралы мәлімет. Шортанбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Ақынның шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы кезеңдер: Түркістанды, Арқаны (Қарқаралыны) мекендеген өмір кезеңдері.

Шортанбайдың ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрі /Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б./ тағылымында қалыптасқан ақын екендігі. Ақынның шығармашылығындағы негізгі сарын – имандылықты уағыздау: «Атамыз Адам пайғамбар», «Адамның жалған дүниесі», «Қалықтаған сұңқар ем», т.б.

Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл, ойлы суреткер ақын. Шортанбайдың «Зар заман» толғауы – «... ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең...» (М.Әуезов). заман зарын жырлаған толғауларындағы адамның да, табиғаттың да азып-тозатыны туралы мұңды-шерлі толғаныстары ( «Келер заман», «Заман ақыр»).

Адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары: «Бір насихат айтайын», «Сөз айтайын Асанға», «Бала зары», т.б.

Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары: «Шортанбай мен Орынбай айтысы», «Шортанбай мен Шөженің айтысы», «Шортанбай мен Асан бұғы айтысы».

Шортанбай шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

 

Сүйінбай Аронұлы /1822-1895/

Өмірі туралы мәлімет. Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны:

- елдің тарихи, ел қорғаған батырлар туралы: «Бөрілі менің байрағым», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Ту алып жауға шықсаң сен», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Жақсының тұқымына», т.б;

- адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары: «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Біз сонаршы түлкі қуған», «Жақсы болса ағайын», т.б;

- халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды, екі жүзді опасыздарды сынаған толғаулары, өлеңдері: «Зар жылатып......», «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Әділеттік орнаса», «Момын малын алып беріп», «Ноғайбайға», «Әтекеге», «Қайыпназарға», т.б;

- адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері: «Өлеңдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестің айтқаны», «Өмір ағысы», «Әуелі кәрілік келіп түрімді алды», т.б.

Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре және түре айтыстарының үлгілері: «Сүйінбай мен Қарғаның айтысы» /мысал айтыс/, «Сүйінбай мен Қаңтарбай», «Сүйінбай мен Уәзипа», «Сүйінбай мен Бақтыбай», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары.

Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнерлі мектеп.

Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелігі.

 

Майлықожа Сұлтанқожаұлы /1835-1884/

Өмірі туралы мәлімет.

Майлықожа – араб, парсы, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен қазақтың фольклорымен, жыраулық поэзиясымен жете таныс, білімдар ақын.

Шығармаларының жанрлық түрлері: толғау-термелер, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, айтыстар.

Толғау-термелеріндегі философиялық ғибыратты ойлар:

-         адамзатты биіктікке, парасатшылыққа үндеу: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»;

-         жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет»;

-         фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», т.б.

Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу: «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдабарген байға», т.б.

Мысал өлеңдерінде бернелеу /аллегория/ арқылы адамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелеуі: «Тотықұс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл».

Майлықожа – табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ ауылының тұрмысымен байланыстыра жырлаушы: «Жылдың төрт мезгілі».

Айтыстары «Майлықожа мен Айман», «Майлықожа мен Гүлханым». Ақын шығармаларының көркемдігі мен бейнелелегі.


 

Базар Оңдасұлы /1839-1911

Өмірі туралы мәлімет. Ақындық қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдер. Шығармашылығындағы басты жанрлар. Жазба және ауызша дәстүрдегі жыраулық-ақындық өнер ерекшеліктері.

Толғау, термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұн сипаты:

- көңіл—күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары: «Құмарын тарқат алқаның», «Дүние қудым», «Әлі де сенде арман жоқ», «Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің», «Бір кезде Базар едім», «Бай да өткен, батыр да өткен», «Өсиет», т.б;

- халық тағдырына арнап азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары: «Жамиғы қазақ бір туған», «Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін», «Атасы жақсы қандай-ды», т.б.

Лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат («Ғашық жарым»), табиғат («Көктем») тақырыптарын жырлауы.

Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы, сыншыл-сықақшыл тіл өрнектері («Келдім де түсе қалдым өзімсініп», «Қаражан болысқа»).

Дастандарындағы («Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал-Сегіз») фольклорлық сипаттар мен авторлық, реалистік көркемдік шешімдер.

Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік.

 

Мұрат Мөңкеұлы /1843-1906/

Өмірі туралы мәлімет. Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдік. Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық кейіпкер – ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуенді гуманизм сипаты. Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Ежелгі түркі, Тұран тайпалары мен қазақ халқының атамекендерінің мәңгілігін, тұрақтылығын аңсауы, қайырсыз қоныстардан шошынуы. «Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа», «Әттең бір қапы дүние-ай!» атты толғауларындағы ақынның азып-тозбауын аңсаған романтикалық ой-армандары.

Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық («Мраттың жалпы айтқаны», «Топқа түскендегі толғауы», «Өлім», т.б.).

Арнау («Қыз», «Боранбайға айтқаны»), хат-өлең («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны»), тойбастар («Қаратоқай Беріш Есеттің баласы Арман мырзаның қыз  ұзатуындағы тойбастар») жанрларындағы шығармалары.

Мұраттың жыршы-ақындығы, Сыпыра, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. ақындар жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. Мұрын жырауға Мұрат үйреткен он төрт батырлық жыр: «Қарадөң батыр», оның ұрпақтары «Жұбаныш батыр», «Сүйініш батыр», «Құлыншақ батыр», «Ақжонас батыр», «Кеңес батыр», «Жаңбыршы батыр» оның баласы «Телағыс батыр», «Оғыз батыр».

«Қарасай-Қаси» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлері (мәселен, Орақтың досы Ақмырзаның шешесі Қараулектің, әйелінің жоқтаулары).

Айтыстары: Жылқышымен (1860), Бала Оразбекпен (1863), жаскелеңмен (1868), Жантолымен, Тыныштықпен болған айтыстарының шығармашылық ерекшеліктері, тілдік-көркемдік нақыштары.

Мұрат ақын шығармашылығынағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.

 

Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы /1868-1905/

Өмірі, шығармшылығы. Ақынның толғау, термелеріндегі заман зары, отарлық езден азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліс («Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі», «Өткен еміншілік заманды жоқтап айтқан толғауы», т.б.)

Адам өмірінің тарихы туралы философиялық толғау («Сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі»).

Айтыстары: «Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пен Кердері Әбубәкір», жұмбақ айтыстарындағы өмір құбылыстарын баламалай, мгзей бейнелеу шеберлігі.

Ақын шығармаларының тілдік өрнектері, көркемдік ерекшеліктері, бейнелілік сипаттары.

 

Қосымша өз бетімен оқуға ұсынылатын ақындар:

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895), Орынбай Бертағыұлы (1813-1895), Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888), Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908) шығармалары.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: М.Өтемісұлы, Қ., Дәстүрлі, Шернияз, поэзия, Д.Бабатайұлы, Сүйінбай, ж., Шортанбай, ақындық
Просмотров: 11574 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]