Главная » Файлы » Рефераты » Қазақ әдебиеті



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармалары
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 02.02.2012, 14:41

Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармалары

 

Өмірбаяны

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған.

 Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.

 

Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:

Менің атым – Байғыз қарт,

Көзге түсер сиқым жоқ,

Орынсыз күлер күлкім жоқ,

Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.

Көзге қораш бойым бар,

Теңізден терен ойым бар,            

Шынардан биік санам бар, 

Атан өгіз ағызған

Ақылдан алпыс салам бар.

Қорған құрыш сөзім бар,                 

Бұлттан өтіп, мұнарды

Болжайтұғын көзім бар...

Қайратымнан атым зор

Белгілі атым өлемге.

Қорашсынсаң денемді,

Кеудем – ақыл сарайы,

Кірем десең, кел, міне, – дейді.

 

Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.

Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.

 

Өксігіңді ойласам,                            

Ұйқы беріп, қайғы алам,

Ел құлағы саңырау,

Кімге айтамын сөзімді?                           

Дулат сынды сорлыда               

Ұйқы, тыныштық бола ма?

 

Әр тақырыптағы өлеңдерінен алынған бұл үзінділерден де "Байғыз қарт" – Дулаттың ерекше сипаттары көрініп тұрған жоқ па?!                                                                           

Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.

Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар.

Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т.б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді.

Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған:

 

Кеудеме қайғы толған соң,

Тұнық жырмен жуынам, –

 

деген сөздің түсуі де содан.

Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халкы үшін ең киын заман болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, "зар заман" жырын тудырды. Оның жөнін ұлы жыраудың өзінен артық ешкім де айтып бере алмайды. Дулат өзінің "Ақындық туралы" тамаша толғауында "Сары алтынның буындай, тұманың тұнық суындай... сорғалаған нөсердей" жырын:

 

Қайырсыз, сараң байыңды,    

Еріншек, есек жарыңды,         

Халыққа емес сыйымды,

Парақор баспақ биіңді,

Ел бүлдіргіш бегіңді             

Улы тілмен улаттым.

Сана беріп ойына,                                 

Қуат беріп бойына,         

Аққан жасы сел болған,

Етегі толып көл болған,

Беріш боп шері байланған,

Ұйқы беріп, кайғы алған,        

Қайғылыны уаттым... –

 

деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындык мұратын — ел бүлдірушіні "ұлы тілмен улату", "қайғылы қалын елін уату" деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.

Жырау шынайы ақындықты өнердің асыл, биік түрі деп білді. Сондықтан өлеңнің, ең алдымен, өнер туындысы ретіндегі қасиеттеріне ерекше мән береді. "Сүлейменге" деген арнау өлеңінде:

 

Сөз-жібек жіп, жыр-кесте,

Айшығы айқын көрінбес,

Өрнексіз тігіп, баттаса, –

 

деп, ал "Ақындар туралы" толғауында:            

 

Шашудай болып шашылар

Меруерттей асыл сөз деген.           

Жыршылардың шайыры

Асыл сөзді езбеген.

Нысананы дәл басып,                      

Қалаған жерден көздеген, –    

 

деп, шынайы өнер туындысы саналатын өлең мен оның шығарушысына қоятын талаптарын тың метафоралармен әдемі кестелеп жеткізген.

Ақын өзінің ұзақ ғұмырында шығармашылырын аталған талаптарға қатаң бағындырып отырған. Оның бізге жеткен қомақты мұрасынан көркемдігі әлсіз, орта қол туынды табу қиын. Абайдың өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі деп, Дулатты ауызға алуы тегін емес.

Дулат туындылары Қазан төңкерісіне дейін халық арасына кең тараған.

Кеңес кезінде де ара-тұра әр түрлі жинақтарда жарияланып жүрді. Алайда шығармалары түгелге жуық қамтылған көлемді басылымы – белгілі ғалым, марқұм Қ.Әмірәлиевтің құрастыруымен және көлемді зерттеу мақаласымен қоса, 1991 жылы "Замана сазы (өлеңдер мен Дастандар)" деген атпен "Жазушы" баспасынан шыққан жинағы.

Дулат шығармашылығы еліміз егемендік алғаннан бергі жерде оқу бағдарламаларына енгізіліп, мектеп пен жоғары оқу орындарында кеңінен оқып-үйретіле бастады. 2002 жылы республикалық деңгейде атап өтілген туғанына 200 жыл толу мерейтойы қарсаңында ақын шығармашылығын жаңаша зерттеп, тану, кітаптарын шығару жөнінен бірталай жұмыстар істелді.


Шығармашылығы

Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда, басқа өлең-толғаулардағы ойсезімдермен үндесіп жатады.

Сондықтан ақын туындыларын жеке тақырыптар аясында қарастыруда шарттылық басым. Мұны ұлы жырау шығармашылығын оқып-үйрену барысында ескеріп отырған жөн.


Зар заман көріністері

Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның ергіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті. "Тегімді менің сұрасаң" – деген өлеңінде:

 

Аға сұлтан, қазының

Ел сілкінді ісінен.

Ауылдың атқа мінері –

Жемтікке қонған күшіген...

Майырдың алса бұйрығын,

Борбайға қысып құйрығын,

Ел пысығы жортады.

 

Ұлығының бұйрығын алысымен, құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман (тыңдаушылар) көз алдына айқын елестейді. "Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын" бейшараның қылығы кісі жиренетіндей.

Бұл тарихи шындыққа сай типтік бейне екендігін кейін 80-жылдары ұлы Абай күлкі еткен болыстың образымен айны қатесі жоқ ұқсастығынан да көруге болады.

Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.

Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады.

 

О, Барақ жас, Барақ жас,

Жегенге тоқ, ішсең мас.

Жақсы болса ұлығы,

Өз елін жаудай таламас.                      

Қасқыр тартып, қан шықса,

Жаман ит жұлып жей берер,

Алды-артына қарамас.

Азғын елдің бектері

Қан шықса, елін жұлмалар

Қасқырменен аралас...                           

Сендер атқа мінген соң,

Тандыр болып суалды      

Шалқар көлдей несібем, –

 

дегі күйінеді, Ақын "Кеңесбайға" деген арнауын да әңгімені осы сарында өрбіте келіп:                                  

 

Ыдысысың параның;                     

 Қотара құйса толмайтын.

Ашылған әбден араның – 

Түйені жұтсаң түгімен,            

Биені жұтсаң бүгімен,             

Қақалмай-ақ толғайтын, –

 

деп, екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады. Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Мұнда төренің көңілін аулап, жағынушылық жоқ. Егер ақын Сүлейменнің бойынан мін көрсе, Барақ, Кеңесбай төрелер, Ешен қазы сияқты, бетіне айтқызбайтындай ерекше себеп жоқ – Екіншіден, бұл арнауда да Дулат жаңағы төрелердің міндерін айтып шағынады. Егер бұл міндер Сүлейменнің бойында да болса, онда бұлар жайында сөз қозғамас еді. Үшіншіден, өз көзінің атқамінерлерінің елде итше ырылдасып, патша шенеуніктерінің алдында "қыздай қылышты" бола кететін куыс кеуде құнсыздықтарын:

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: шығармалары, Бабатайұлы, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, Мен, өмірі, Дулат
Просмотров: 7533 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/3
загрузка...
Всего комментариев: 1
1  
маган оте унады

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]