Главная » Файлы » Рефераты » Қазақ әдебиеті



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 02.02.2012, 12:52

ХІХ ғ .бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика.

 

1. Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.

2. Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікірімен мектептің дамуына әсері.

 

Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.

   ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нәтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады.

   Патша үкіметінің қоғамдық пікірге жекеленген, кейбір шектеулі жеңілдіктер беруі ғасырдың басында декабристер көтерілісінің талқандалғаннан кейін азат ету және кез-келген прогрессивті қозғалысты басып-жаншу өрескел шаралармен өзгертілді. Алдыңғы қатарлы қоғамдық пікірге осындай шектеулі жеңілдіктерге мәжбүрлік еткен 1804 жылғы мектеп реформасы болып есептеледі, бірнеше қалаларда (Харьков, Казань және т.б) университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орындарының ашылуы. Бұл мектеп реформасына француз буржуазиялық революциясының ағартушылық идеялары ерекше әсер еткен болатын-ды.

   1804 жылғы мектеп жарғысы. 1802 жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі ұйымдастырылды. "Халық ағарту ісінің ережелері” жарияланды. Бұл ережелердің негізінде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей алты оқу окургіне бөлінді. Әрбір округті мемлекеттік чиновник-оқу округінің попечителі басқарды. Барлық оқу орындарының мазмұны, приход мектептерінен басқасы толықтай мемлекеттік есепке алынды.

   "Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері” негізінде 1804 жылы "Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жарғысы” жарияланды, бұл құжат "1804 жылы мектеп жарғысы” деп аталды. Осы жарғы бойынша халыққа білім берудің төмендегідей жүйесі ұсынылды:

   Приход училищелері жарғысы бойынша әр қалалар мен селоларда ашылған болатын-ды. Оның негізгі міндеттері: 1) оқушыларды уездік училищелерге түсуге даярлау; 2) оқушыларға діни тәрбие мен элементарлық сауаттылықты беру. Бұл училищелерде оқу мерзімі біржылдық.

   Оқу жоспарына "құдай заңы” және "дәстүрді үйрету”, оқу, жазу, арифметика алғашқы төрт амалы, үй шаруашылығы туралы қысқаша түсінік беру, табиғат шығармалары, адам денесі, денсаулықты сақтау құралдары туралы түсініктер берілді.

   Приход училищелерін халықтың өзінің қаражатына ұстау жоспарланды. Мемлекет ешқандай қаражат қарастырмады.

   Уездік училищелер губерниялық және уездік қалаларда бір-бірден ашылу жоспарланды. Уездік училищелердің міндеті, біріншіден, оқушыларды гимназияға түсуге даярлау, екіншіден, әртүрлі сословиялардың балаларына "өндірістің жағдайына” сәйкес қажетті білім берілді.

   Оқу мерзімі уездік училищелерде екіжылдық деп белгіленді. Олардың оқу жоспарына құдай заңы, "Адамдар мен азаматтардың лауазымдары туралы” кітапты оқу, "ресей грамматикасы”, жалпы және орыс жағырафиясы, жалпы және орыс тарихы, арифметика, геометрия, физика, табиғи тарих пен технология (жергілікті жердің технологиясы, өндірісі). Уездік училищелер гимназияларға бағынды.

   Гимназияларды әрбір губерниялық қалаларда ашу жоспарланды, олардың міндеті-жастарды университеттерге түсуге даярлау. Оқу жоспарына көптеген пәндер енгізілді: шет тілдері (латын, француз және неміс), жағырафия және тарих, жалпы және Ресей статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы (метафизика, логика, дәстүрді үйрету), сөз өнері, поэзия теориясы, эстетика, математика, физика, коммерция теориясы, технология және сурет салу. Гимназия университеттерге бағынды.

   Гимназияның оқу жоспары құдай заңы енгізілмеді. Бұл 1804 жылғы жарғыға алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының ықпалының нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар гимназияларда орыс тілін оқыту қарастырылмады, оны орыс халқына деген менсінбеушіліктің бюрократияға тән болғандығынан деп түсіндіруге болады.

   Университеттер халыққа білім беру жүйесінің жоғарғы сатысын құрайды, университеттерге гимназистік курстың көлемінде білімі барлар түсе алады. Жарғыны құрастыруға қатысқан ғалымдарға кейбір жеңілдіктер бере отырып, патша үкіметі университеттерге кейбір автономия берді. Университеттерді сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды сайлады. Оларға ғылыми қоғамдар құруға, типография ұстауға, газеттер, журналдар, оқу және ғылыми әдебиетті басып шығаруға лұқсат етілді. Профессорларға студенттерге әсер етудің ізгілік шараларын қолдану ұсынылды.

   Бірақ университеттердің негізгі міндеті мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне чиновниктерді дайындау болып табылады. Бірақ барлық сословиелер үшін бірдейлігі жарияланғанмен, шын мәнінде білім берудің сословиелік жүйесі құрылды. Бұл жүйеге буржуазиялық мектепке ұқсас кейбір белгілері тән болды: мектеп бағдарламаларының сабақтастығы, барлық сатыларында оқытудың тегіндігі, ерікті сословиеге жататын балалар үшін мектептердің формалдық түрде бірдейлігі.

Декабристердің Ресейдегі педагогикалық

ой-пікірімен мектептің дамуына әсері.

 

   Патша үкіметі мен крепостнойлық құрылысқа қарсы өзінің революциялық күресінде декабристер халыққа білім беру ісіне ерекше мән берді. Декабристер қозғаласының бағдарламалық талаптарының бірі халықтың арасында сауаттылықты тарату болды. Декабристер ғалымдар мен мұғалімдер қызметіне қойылған бюрократиялық бақылау жүйесін қатты сынға алды.

   Жасырын декабристік ұйымдар, сол сияқты жекеленген декабристер, солдаттардың арасында сауаттылықты таратумен айналысты, әскери – жетімдер бөлімдердің солдаттар балалары үшін мектептеріне ерекше әсер етті, өздерінің жерлерінде басы байлы шаруалар балалары үшін мектептер ашты ал қалаларда – қала кедей балалар үшін. Олар халық мектептерінің жан-жақты жүйесін құруға қолдары жетті, олардың пікірінше, қоғамдық күштермен ашылуға тиіс және үкіметтің тарапынан бақылаудан ерікті болуы керек.

   Қоғамның дамуы туралы өздерінің көзқарасында дворян революционерлері идеалистер болды, олар ағарту ісі қоғамдық қатынастарды өзгертудің негізгі факторы деп есептеді. Бірақ кейбір декабристер (П.Н.Пестель және басқалар) ағарту ісінің өмір сүріп отырған құрылысқа тәуелді екендігін дұрыс түсіндіруге дейін көтерілді. Олар ағарту ісін және тәрбиенің дұрыс қойылуы үшін қажетті шарты патша үкіметі мен крепостнойлық правоны жоюда екендігін көре білді.

   П.И.Пестельдің құрастыруымен жарық көрген "Орыс правдасында” тәрбие адамдардың материалдық өмір сүруінің жағдайларына тікелей тәуелді екендігін атап өтті.

   Декабристердің айтуынша, деспатизмнен және басы байлылықтан еркін жаңа Ресейде барлық азаматтардың бірден-бір мәнді құқы білім алуға құқылығы. Олар жаңа мемлекеттік өкімет барлық жұртшылық үшін мектептердің кең жүйесін құруға тиіс деп түсіндірді.

   Жаңа тәрбие өзінің мазмұны жағынан патриоттық, халықтық болуы керек және өзінің мақсаты – азаматтық жағымды қасиеттерді меңгерген барлық күш-жігерін отанының гүлденуіне арнаған адамзатты тәрбиелеу. Декабристер орыс тілінде жүргізілген "отандық тәрбиені” талап етті.

   Декабристер жаңа, ерекше әділетті қоғам жағдайында жас ұрпақты өмірге даярлау алдында тұрған мұғалімдерге ерекше жауапты міндеттер жүктеді.

   Дворян революционерлерінің пікірі бойынша, тәрбиешілер болып жұмыс істейтіндер, "адамгершілік сыннан өткен”, белгілі отанын сүйе білетін, халықтың мақтанышын бойына сіңірген, шетелдік ықпалды жеккөретін адамдар болуы керек.

   Дворян революционерлері балаларды оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдады, оқылатын материалды оқушылардың механикалық есте сақтауына, құрғақ жаттауға қарсы шықты.

   Декабристер "еркін одағын” ұйымдастырды – халық үшін мектептер құрумен, оқу әдебиеттері мен кітаптарын шығарумен, мұғалімдер даярлаумен, оқушыларға тегін дәрігерлік көмек берумен айналысатын беделді қоғамдық ұйым. Бұл қоғам декабристердің "Қайырымдылық одағының” педагогикалық филиалы болды, ол тарағаннан кейін декабристердің "Солтүстік одағымен” тығыз байланыста болды. Декабристердің әсерімен орыс мұғалімдері бұл кезеңде Петербургте, Киевте және Москвада сауаттылыққа оқыту үшін дидактикалық материалдар жасалды, оларда крепостнойлыққа қарсы бағытталған идеялар айтылды.

   Декабристердің көтерілісі жеңілгеннен кейін "Еркін одағы” жабылып қалды, дворян революционерлерінің ашқан мектептері жойылды.

   Николай І өкіметі декабристер көтерілісінің негізгі себептерінің бірі ағарту ісінің тарауы және осыған байланысты ғылымды және мектепті, профессорлар мен мұғалімдерді айыптады.

   1728 жылы "Университеттер қарамағындағы гимназиялар мен училищелердің жарғысы” деп аталатын реакциялық сипаттағы жарғы жарық көрді. Мектептің әрбір түрі аяқталған сипатқа ие болды және белгілі сословиеге жұмыс істеу үшін белгіленді. Мектеп жүйесінің сословиялық сипатын нығайту мақсатында 1804 жылғы енгізілген оқу орындарының арасындағы сабақтастық байланыс алынып тасталды, орта және жоғары мектепке кедей балаларының түсуі қиындатылды.

   Приход училищелері төменгі сословиеге арналса, оларды уездік училищелерге даярлау мүмкіншілігінен айырылды. 1728 жылғы жарғыдан кейін өкімет тарапынан оқу орындарына бақылау күшейтілді, оларға таяқ тәртібі енгізілді. Ресейдің шеткі аймақтарында патша саясаты империяның құрамына кірген халықтарды орыстандыруға болатын-ды.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: пен, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, ХІХ, мектеп, педагогика, ғ., жартысындағы, бірінші, Ресейдегі
Просмотров: 1798 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]