Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ХХ ғасыр басындағы әдебиет, қазақ әдебиетінің тарихы, қазіргі дәуір және әдебиет теориясы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 13:04

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ  

                                                                                                                                                                             

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі.ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», т.б. Мақыш Қалтайұлы Діни білімдарлығы.Мысал жанрындағы еңбегі. Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары;

Шәді Жәңгірұлы, Шығармашылық өмірбаяны, Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық , т.б. мәселелер. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары.   /«Атымтай Жомарт»/. Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/.Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы /1882-1939/. Өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын арқау етіп, еңбек, достық, адамгершілікті  насихаттауы. Рубаяттары мен аудармасы /«Шахнама»/. Мұсабек Байзақұлы /1849-1932/. Өмірі мен шығарма-шылығы. Өлеңдеріндегі заман суреттері, азаматтық үн, ағартушылық ой-пікірлер /Адам түгіл алдайды періштені», «Ғылымсыз болып қартайсаң», т.б./  Мысал жанрында жазған өлеңдері. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. Шығармашылық өмірбаяны. Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Проза жанрындағы еңбектері. Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрім – тарихшы, философ. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. Лирикасы. б/ «Қамар сұлу» романы. «Кім жазықты» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі.  «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі. Мұхамеджан Сералыұлы /1871-1929/. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы Публицистикаға қосқан үлесі. Аудармалары. Ақындығы. «Гүлкәшима» дастанындағы махаббат тақырыбы. Ахмет Байтұрсынұлы /1873-1937/. Шығармашылық өмірбаяны Ақындығы.  Аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі.Міржақып Дулатұлы (1885 – 1935). Шығармашылық өмірбаяны, ақындық өнері, прозалық шығармалары, «Оян, қазақ» кітабының тарихи маңызы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы. Спандияр Көбейұлы(1878 –1956).Жазушының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласындағы қызметі, «Үлгілі бала» жинағын  шығаруы. «Қалың мал» романының проза жанрын дамытуға қосқан үлесі. Образдар жүйесі. «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасы. Сәбит Дөнентаев(1894 – 1933).Ақынныңшығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі. Ғұмар Қарашұлы (1876-1921). Өмірбаяны,оқытушылық қызметі,өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі, стилі, өлең. Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918)

Шығармашық өмірбаяны, Абай үлгісінде өлең жазуы. Ақын өлеңдеріндегі отаршылдық саясаттың әшкереленуі, замана шындығының көрініс беруі. Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмір жолы, қоғамдық қызметі. Өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері, Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі. Бернияз Күлеев (1899-1923), шығармашылық өмірбаяны, ақын поэзиясының өзіндік ерекшеліктері, өлеңдеріндегі ұлы Абай поэзиясының ықпалы. Ығылман Шөрекұлы (1876-1931), Тайыр Жомартбайұлы (1884-1937) сияқты қаламгерледің әдеби мұралары. «Исатай -Махамбет» дастаны. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы жайындағы өлең-жырлар және олардың тарихи маңызы, қазақ әдебиетінен алар орны.

 

Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы

Әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау мақсатында бұл пәннің маңызы зор. ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті суреткерлік қолтаңба, эстетикалық-көркемдік таным, психологиялық талдау зор міндетті жүктейді Көркемдік жүйе дамуындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты түбірлей тексеріп, суреттегіш-бейнелегіш құралдарды шеберлікпен түсіндіру – студенттердің ғылыми шығармашылық қабілетін арттырады.  Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби процесс туралы жалпы түсінік

беру.  Әдеби байланыстар туралы мағлұматтар, зерттеулер, еңбектер жинау. Әдеби процесті дамытудың қайнар көзін анықтау. Әдебиеттің даму заңдылықтарын айқындау.  ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму бағыты. 1920-30 жылдардағы қазақ прозасы мен поэзиясы. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлардың қалыптасу және даму ерекшеліктері. Осы кезең қазақ әдебиетінің зерттелуі. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ұлы Отан соғысына арналған, соған қатысты оқиғаларды бейнелейтін  романдар, әңгіме-повестер.1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі  прозаның, дармалық шығармалардың дамуы. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзияның дамуы.

       Қазіргі қазақ прозасының әдеби процестен алар орнын айқындай отырып, қазақ прозасының даму ерекшеліктерін, қазіргі  роман, повесть, әңгiме жанрларының өзiндiк табиғатын айқындау. Әдеби процестiң бiрден-бiр қозғаушы көзi қазақ прозасының даму тарихына үлес қосқан жазушылар жөнiнде мағлұматтар жинау. Қазақ прозасының қайнар көзi әңгiме жанрының әдебиеттi дамытуға қосқан үлесiн анықтау. Роман, повесть, әңгіме жанрларының  теориялық ұғымын, әдебиет тарихынан алар орнын, әдеби сынына қатысын талдап, түсінік беру.   Прозаның даму барасындағы әдеби шығармашылық байланыстар туралы мағлұматтар беру.

 

                                             әдебиет теориясы  

Әдебиет туралы ғылым жэне оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны және әдебиет теориясы. Әдебиет тарихы саласының мақсат-міндеттері. Әдебиет сынының объектісі - өз тұсындағы әдеби процесс екендігі, сынның әдеби-эстетикалық функциясы, міндеті, жанрлары. Сыншы тұлғасы.           Әдебиет туралы ғылымның аталған үш саласының өзара бірлік-байланысы.

Әдебиет теориясы - әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін, тілін т.б. қарастыратын сала.

Әдебиеттану ғылымының текстология, историография, библиография секілді жанама тараулары, олардың ғылымдық мәні.

Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия, тарих, тіл білімі т.б. өзге ғылымдармен байланысы мен өзіндік ерекшелігі.

Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, даму тарихына қысқаша шолу.

Әдебиет, өнер туралы ғылымның даму тарихында маркстік-лениндік эстетика мен әдебиет теориясының маңызы жэне оған қазіргі көзқарас.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: қазіргі, ғасыр, Қазақ, және, хх, тарихы, әдебиетінің, басындағы, дәуір, әдебиет
Просмотров: 15991 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.3/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]