Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы, Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Сара Тастанбекқызы, Әсет Найманбайұлы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 13:06

ӨНЕР ТҰТАСТЫҒЫ МАЗМҰНЫНДАҒЫ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ

(сал-серілер, әнші-ақындар)

 

Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер, әнші ақындар) шығармашылығындағы көрнек өнерінің ежелгі замандық тұтастық (синкретизм) белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы (әншілік, ақындық, жыршылық, сазгерлік, аңшылық-мергендік, атбегілік-сейістік, құсбегілік-саятшылық, әртүрлі мазмұндағы күлдіргі ойынпаздық, палуандық, ұсталық-зергерлік, т.б.).

 

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)

Өмірі туралы мәлімет.  Көңіл-күй («Жамбас сипар», «Біржан сал», «Орынбор», «Талай заман», «Ал, дүние өтеріңді біліп едім»), философиядық («Ер жігіт дүниені көрген артық»), махаббат («Айтбай», «Ләйлік-шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Алтын балдақ», «Ақтентек», т.б.) тақырыптарындағы лирикалық ән-өлеңдері.

Озбырлық жасаушыларды сынау: «Жанбота», «Адасқақ», т.б.

«Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» - қазақтың халық поэзиясының классикалық үлгісі. Айтыстың 1898, 1899, 1902, 1907 жылдары жарияланған төрт нұсқасы. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағлымы.

«Біржан мен Шөже», «Біржан мен қыз», «Біржан сал мен қыз» тәрізді қыз бен жігіттің сөз қағысуы түріндегі айтыстарындағы қазақы қалжаң ерекшеліктері.Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.

 

                                  Ақан сері Қорамсаұлы /1843-1913/

Өмірі туралы мәлімет. Ақан сері – қоршаған ортадағы әсемдік әлемін, сұлулық тағлымын жырлаушы суреткер ақын. Тән сұлулығы мен рухани жан дүниелік тазалықты, пәктікті нәзік сезіммен аялай жырлаушы.

Лирикалық өлеңдеріндегі («Адамның біліміне ақыл серік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Жастық шақтар», «Кәрілік», «Достарыма») көңіл-күйлері мен философиялық тереңдікке негізделген мазмұндық ерекшеліктер.

Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: «Сырымбет», «Үш тоты», «Қара торғай», «кербез сұлу», «Ақ көйлек», «Мақпал», «Торыны таң асырып мінген қандай», «Сүйген жардан айрылдым», «Біздің көңіл қайда жатыр», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Сүйген қалқа», т.б.

Азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты сынау («Заманға қарап», «Құлагер», т.б.)

Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері («Мылтық пен мергеншілік»).

Айтыс өлеңдеріндегі, атап айтқанда «Ақан сері мен Әділ», «Ақан сері мен Ысмағыл Шаймерден айтысы», «Қожамбет пен Ақан сері», «Ақан сері мен Орынбай», «Ақан сері, Бекәлі және, Сүлеймен молда» сөз қағысуларындағы қазақы қалжың бояулары, көркем тіл кестелері.

Ақын өлеңдерінің тіл өрнектілігі, көркемдік ерекшелігі, бейнелілігі.

 

Сегіз сері (Мұхамедханапия) Баһрамұлы Шақшақов (1818-1845)

Өмірі туралы мәлімет. Лирикалық ән-өлеңдеріндегі азаматтық, романтикалық әуендер («Қашқын келбеті», «Үміт», «Үш жүзге атым шыққан Сегіз сері», «Көңіл күй», т.б.).

Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері: «Қарлығаш», «Гауһар тас», «Әйкен-ай», «Еңлік», «Қызғалдақ», «Ғани», т.б. Табиғат туралы өлеңдері («Айымжаным»).

Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды (Исатай батырға арналған «Өкініш», «Ақ бұлақ» өлеңдері, «Үбі батырға») мадақтауы және опасыз, екіжүзді бисымақтарды («Шомбал биге») сынауы.

Дастандары: «Алуа-Жарылқамыс», «Зейне-Зайып», «Айсара-Шолпан», «Кер бие».

Суырып салма өнерінің негізінде туған әзіл-қалжыңды қағысулары: «Сегіз бен Дариға қыз», «Сегіз бен төре қызы», «Сегіз бен Шернияз», «Сегіз бен Мақпал».

Сегіз серінің нақыл сөздеріндегі достық, адамгершілік, елді, ерлік туралы толғаныстар. Ақын шығармашылығының ұлттық көсемсөз өнері мен сан салалы мәдениетінің тарихындағы маңызы.

 

Сара Тастанбекқызы (1878-1916)

Өмірі, ақындық шығармашылығы. Сара – қазақ әйелінің арманы, мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын.

Әлеуметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: «Жүрек», «Ашындым», «Ортақ мұң», т.б.

Табиғат тақырыбындағы («Шымылдық») өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер толғаныстарының мәні.

Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні («Арсалаң алдында», «Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол елім»).

Ақынның Біржан сал мен айтысы, ондағы Сара өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық тағлымы. «Төребай мен Сара» - қыз бен жігіт айтысы мазмұнындағы ақындық өнер сайысы.

Ақын шығармашылығындағы көркемдік, бейнелілік кестелері.

 

Әсет Найманбайұлы (1887-1923)

Өмірі, ақындық шығармашылығы. Толғау-термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы. Шығармаларындағы өнер, сұлулық, асыл мінез-құлық, еңбексүйгіштік, халық бақыты үшін еңбек ету («Ән басып мейір қандыра салғандай қып», «Жігіттің жігіт болар бейнесінде», «Жас жігіт надандықпен алданады») тақырыптарының жариялануы.

Өмірді сүю, өмірді мойындау жырлары («Болжаусыз осы екен ғой өлім деген»).

Айтыстар. Ақындар айтыстарының қоштасу-жұбату («Кемпірбай мен Әсет»), қағысу-қалжыңдасу («Әсет пен Кәрібай») мазмұнында сөз жарыстырудағы Әсет тілінің өрнектері. Қыз бен жігіт айтысы пішініндегі «Әсет пен Рысжан» айтысының мазмұнындағы халықтық әдет-ғұрыптарды жырлау ерекшелігі. Жұмбақ айту және оны шешу арқылы ақындық дүниетаным кеңдігінің танылуы.

Дастандары: «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім», т.б.

Аудармалық-назиралық шығармалары («Евгений-Онегин», т.б.)

Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдеріндегі шешендік сөз үлгілеріне тән бейнелілік өрнектері.

Қосымша өз бетімен оқуға ұсынылатын ақындар:

Сары Батақұлы (1863-1895), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), Құлтума Өтемісұлы (1840-1915), Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864-1919) шығармалары.

Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындардың әдеби шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы. Мұхит, Үкілі Ыбырай, Тайжан, Мәди, Естай, Шашубай, Кенен, Нартай, т.б. ақындар мұраларындағы дәстүрлі ерекшеліктер.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: сері, сал, поэзиясы, ақындар, тұтастығы, Ақан, Біржан, мазмұнындағы, Өнер, Сегіз
Просмотров: 11211 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]